Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен


Спансулалар (SPANSULAE). Таблетка әсерін ұзарту үшін  гранулаларды жабындармен қаптайды, оларды  микродраже



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата08.11.2022
өлшемі419,06 Kb.
#157121
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
db6444aab45c41bd1ed8cb93b656b871

Спансулалар
(SPANSULAE). Таблетка әсерін ұзарту үшін 
гранулаларды жабындармен қаптайды, оларды 
микродраже
деп 
атайды. Микродражелерді алу әдістерінің бірі дәрілік затты 
жабыстырушы затпен (мысалы, қант сиропы) бірге қаптау болып 
табылады. Егер содан кейін дәрілік затты босап шығару уақыты 
әртүрлі және қапталған және қапталмаған микродражелерді белгілі 
қатынаста араластырып, осы қоспамен қатты желатинді 
капсулаларды толтырса, 
спансула
деп аталатын дәрілік үлгі 
алынады.
Гранулалар 
(GRANULA). 
Кейбір 
жағдайларда 
ұнтақ 
қоспаларды майда бӛлшектер – гранулалар түрінде шығару тиімді. 
Гранулаландыру 
арқылы 
сулануға 
қабілетті 
заттарды 
тұрақтандыруға, тезірек ерітуге және кейбір күрделі ұнтақтардың 
дәмін жақсартуға мүмкіндік береді. 
Гранула
дегеніміз – домалақ, 
цилиндрлі немесе бұрыс пішінді ішке қабылданатын түйір түріндегі 
дәрілік үлгі.
Гранулалардың құрамына дәрілік және қосалқы заттар (қант, 
сүт қанты, натрий гидрокарбонаты, кальцийдің дифосфаты, 
крахмал, декстрин, глюкоза, тальк, сироп қанты, сприт, су, ас 
бояғыштары және т.б.) кіреді.
Гранулалардың ӛлшемі 0,2-0,3 мм болады; олардың түсі 
біркелкі болуы керек. Гранулалар 15 минуттың ішінде ыдырауы 
керек. Тальктің мӛлшері мұнда да 3 %-дан аспауы керек.

Медициналық капсулалар. 
Желатинді капсулалар
мен крахмалды қабықшалар ішке 
қабылдауға арналған ұнтақталған, гранулаланған, пастатәрізді 
немесе сұйықтықтар түріндегі заттар үшін жасалған арнайы 


16 
ұяшықтар болып табылады. Олардың негізгі қызметі – жағымсыз 
дәмді жасыру. Капсулаларды қолдана отырып, дәрілерді дозалауға 
болады. Гидрофилді материалдардан жасалғандықтан, олар 
суланғанда оңай жұтылады.
Алғаш рет желатинді капсулалар XIX ғасырдың 30 жылдары 
ұсынлған. Содан бері бүгінгі күнге дейін желатинді капсулалар кең 
қолданыс 
табуда. 
Желатинді 
капсулалар 
қабырғаларының 
консистенциясына байланысты 
қатты
және 
жұмсақ 
болуы 
мүмкін. Жұмсақ капсулалар, әдетте, овал пішінді болады. Қатты 
капсулалар домалақ немесе созылған овал пішінді болады (меруерт 
немесе перл деп те аталады). Бірақ мұндай жағдайда оңай жұтылуы 
үшін олар майда болып жасалады. Сонымен қатар, қақпағы бар 
цилиндр пішінді капсулалар да кең таралған. Қатты капсулалар 
толық дерлік желатиннен жасалады, олардың құрамында тек ӛте аз 
мӛлшерде глицерин болады. Ал жұмсақ капсулалардың құрамында 
глицерин кӛп мӛлшерде болады; глицеринді сорбит ерітіндісімен 
алмастыруға болады.
Желатинді капсулалар түрінде барлық желатин мен 
глицеринмен әрекеттеспейтін және оларды ерітпейтін дәрілік заттар 
жасап шығарылады. Егер капсулаларды жарыққа тұрақсыз 
заттармен толтыратын болса, онда капсулалардың бетін тағамға 
қолдануға рұқсат етілген улы әсері жоқ бояғыштармен қаптайды.
Капсулалар асқазанда емес, ішекте ыдырауы үшін оларды 
формалин (глютоидты капсулалар) буымен ӛңдейді.
Желатинді капсулалар екі жолмен дайындалады: енгізу және 
престеу.
Негізгі әдебиеттер: (1-6). 
Қосымша: (7-13). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет