Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен


Дәріс тақырыбы: Дәрілер өндірісін мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата08.11.2022
өлшемі419,06 Kb.
#157121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
db6444aab45c41bd1ed8cb93b656b871

 
Дәріс тақырыбы: Дәрілер өндірісін мемлекеттік 
тұрғыдан нормалау. 
Дәрілік препараттардың сапасы оларды алған бастапқы 
заттардың (ӛсімдіктекті шикізаттағы фармакологиялық белсенді 
заттардың) сапасына және олардағы таза дәрілік субстанцияның 
сапасына тікелей байланысты болады. Дәрілік препараттарды 
дайындау қондырғысы жасалған материалдағы қоспаларды, осы 
препарат алынған бастапқы заттағы агенттердің қалдықтарын 
ластау кӛздері ретінде қарастыруға болады.
Дәрінің сапасы сонымен қатар оны дайындау әдісімен 
тікелей байланысты, яғни сапалы шикізат ала отырып, оны ӛңдеу 
әдісін дұрыс қолданбау дәрілік препарат сапасының тӛмендеуіне 
әкелуі мүмкін. Мәселен, қалыпты биологиялық белсенділігі бар 
шипалы шӛптен тұндырма дайындау кезінде оны ӛңдеудің 
температуралық 
тәртібін 
бұзу 
алынатын 
препараттың 
биологиялық белсенділігін тӛмендетеді немесе мүлде жояды.



Жоғарыда айтылғаннан пайдаланылатын дәрілік препараттар 
мен бастапқы заттардың сапасы, дәрілік заттар мен галенді 
препараттарды дайындау әдістері мен технологиясы белгілі бір 
нормаларға сәйкес жүргізілу керектігі айқын. Мұндай нормалау 
фармакопея деп аталатын ресми нұсқаулық құжаттың кӛмегімен 
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік фармакопея 
«Фармакопея» ұғымы гректің pharmacon — дәрі, у және poeio 
— істеу деген сӛздерінен пайда болған. Ол алғаш рет 1546 ж. 
Лион қаласында шыққан «Pharmacopoea Lugdunensis» шығармада 
пайдаланылған.
Мемлекеттік фармакопея — қазіргі кездегі медицинада 
қолданылатын маңызды дәрілік заттар, дәрілік препараттар мен 
дәрілік 
үлгілердің 
сапасын 
нормалайтын 
міндетті, 
жалпымемлекеттік стандарттары мен ережелер жиынтығы.
Стандарт сӛзі ағылшынның норма, үлгі деген сӛздерінен 
шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет