Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата08.11.2022
өлшемі419,06 Kb.
#157121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
db6444aab45c41bd1ed8cb93b656b871

дәрілік 
үлгілерді жіктеудің
бірнеше түрі бар: 
Дәрілік үлгілердің агрегаттық күйі мен оларды қолдану 
әдісіне байланысты жіктелуі 



Дәрілік үлгілердің агрегаттық күйі бойынша жіктеу Ю.К. 
Трапп академигі ұсынылған. Агрегаттық күйіне қарай барлық 
дәрілік үлгілерді 4 топқа бӛледі: қатты, сұйық, жұмсақ және 
газтәрізді. 
 
Қатты 
дәрілік үлгілерге жиындар, ұнтақтар, таблеткалар, 
суппозиториялар, таяқшалар, гранулалар, микрогранулалар, 
пилюлялар; 
жұмсақ
дәрілік үлгілерге майлар, линименттер, 
пасталар, бұласыр; 
сұйық
дәрілік үлгілерге микстуралар, 
тамшылар, шаймалар, бүркулер; 
газтәрізді 
үлгілерге газдар, 
булар, аэрозольдар жатады.
Дәрілік заттарды енгізу жолдарына қарай жіктеуді алғаш 
рет В.А. Тихомиров ұсынған. Бұл жіктеу бойынша дәрілік 
үлгілердің дайындалуы барысында оларға белгілі бір талаптар 
қойылады (араласу біркелкігі, стерилді болуы, мӛлдірлік, 
мӛлшерлеу дәлдігі, т.с.с).
Дәрілік заттарды енгізу жолдарына барлық дәрілік үлгілер 
үлкен екі топқа бӛлінеді: 
энтералды
(ас қорыту жолы арқылы) 
және 
парентералды
(ас қорыту жолына түспей). 
Энтералдыға
дәрілік препаратты келесі жолдар арқылы 
енгізу жатады: ауыз қуысы арқылы, тіл арқылы, тікішек арқылы. 
Олардың ішінде ең кең таралғаны – ежелден белгілі әдіс – 
пероралды 
(ауыз арқылы). Ауыз арқылы қатты және сұйық 
дәрілік үлгілерді қабыдау ыңғайлы. 
Пероралды енгізудің модификациялы түрі – 
сублингвалды 
енгізу (тіл астына). Сублингвалды белсенділігі жоғары және 
мӛлшерлері үлкен дәрілік заттарды, мысалы, гормондар, валидол, 
ниторглицерин береді
Ректалды енгізу әдісі – тікішек арқылы енгізу тәсілі 
жергілікті және жалпы әсер беру мақсатында пайдаланылады. Бұл 
әдісті балаларды емдеуде, науқас ессіз қалғанда, гериатрияда 
қолдану маңызды. Дәрілік зат енгізілгеннен кейін 7-10 мин ішінде 
сіңіріледі.
Парентералды 
енгізу жолдары алуан түрлілігімен 
ерекшеленеді. Бұл теріге және қолжетімді сілекейлі беттер, 
инъекциялы және ингаляциялы енгізу жолдары.
Терінің бетіне әсер ету үшін түрлі дәрілік үлгілерді 
пайдаланады (майлар, пасталар, линименттер, т.б.). Дәрілік 
заттардың әсері жалпы немесе жергілікті болуы мүмкін. 
 



Дәрілік препараттарды сілекейлі беттерге жанастыру әдісі 
кең қолданылады, бұл – кӛзге, мұрынға, құлаққа енгізілетін, 
сонымен қатар, уретралды және вагиналды дәрілік үлгілер.
Парентералды енгізу жолдарының ішінде ингаляциялы әдіс 
ерекше орын алады. Бұл әдіс дәрілік заттарды дем алу жолдары 
арқылы газдарды (оттегі, азот, аммиак), оңай ұшатын сұйықтарды 
(эфир, хлороформ) енгізуде маңызы зор. Нашар ұшқыш 
сұйықтарды ингаляторлардың кӛмегімен енгізуге болады.
Парентералды дәрілік үлгілерге сонымен қатар, ағзаға 
қантамыр арқылы енгізілетін инъекциялы дәрілік үлгілер 
жатқызылады. Бұл жағдайда дәрілік заттар қанға тез сіңіп, 1-2 
минуттың ішінде әсер етеді. Инъекциялы дәрілік үлгілер жедел 
кӛмек керек болған жағдайда, науқас ессіз болған жағдайда 
немесе енгізілетін дәрілік зат ас қорыту жүйесінде бұзылатын 
болған пайдалануға ӛте ыңғайлы.
Инъекциялы түрде енгізілетін дәрілік үлгілерге ерекше 
талаптар қойылады (стерилді болу, апирогенді болу, механикалық 
қоспалардың болмауы, т.б.). 
Негізгі әдебиеттер: (1-6). 
Қосымша: (7-13). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет