Дәріс 11. Масс-медиа, технологиялар және қоғам.
Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар. Масс-медиа қызметтері. Бұқаралық сана мен цифровизация. Бұқаралық коммуникациялар және әлеуметтік өзара әрекет. Қазіргі заманғы технологиялар. Технологиялық теңсіздік. Масс-медиа түрлері. Медиалық жаһандану. Масс-медиа мен технологияларды зертеудің теориялық бағыттары. Әлеуметтік қадағалау мен бақылау. Киберлаңкестік. Жеке мәліметтерді қорғау. Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның, стереотиптердің, мінез- құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына әсері.
Ақпараттың жеке адам мен мемлекет, жалпы қоғам өміріндегі алатын орны өте маңызды. Ақпарат – адамды өмір сүру ортасына бейімдеуге бағытталған коммуникациялық үрдістің нəтижесі. Қазір əлеуметтік ортада жаңа ақпараттық қоғам құру мақсаты коммуникациялық үрдіске өзіндік ерекшеліктер мен өзгерістерін əкелді.
Ақпарат құндылығы тұлғаның субъективтік мінез-құлыққаиеболуыментүсіндіріледі.Егерадам қойылған мақсатқа жетсе, онда қолданған ақпарат оның назарынан тыс қалып, ол өз құндылығын жоғалтады. Сонымен қатар құндылықтың əртүрлі екендігін ескеру қажет. Құндылық – бұл адамның мақсатқа жету жолын таңдау процесінде оны қолдануға мүмкіндік беретін ақпараттың қасиеті.
Осының бəрін бірге алғанда қоғамда құндылыққа ие ақпараттан бөлек, құндылығы мүлдем жоқ немесе жағымсыз құндылыққа ие ақпараттың да бар екенін айтуға болады.
Ақпарат ақпараттық қоғам дамуының маңызды бөлшегі ретінде келесі қасиеттермен ерекшеленеді:
ақпарат мақсатқа жету үшін таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттың құндылығы;
нақты жағдайда қаншалықты қажеттілігі айқындалатын ақпараттың пайдалылығы;
белгілі бір уақыт аралығында ақпараттың құнсыздануы.
Ақпарат адамзаттың негізгі ресурсына, басты құндылыққа айналып отыр. Қоғамдық салада ақпараттың рөлінің өсуі жəне ақпараттық қатынастардың алдыңғы қатарға шығуы ақпараттық қоғам дəуіріне енудің көрсеткіші болып отыр.
Ақпараттық қажеттіліктің мəнісі барлық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен кез келген іс-əрекетті жасау өз мүмкіндіктерінің жүзеге асыруымен дамытуға бағытталған мақсат пен оған жету жолдарын таңдауда ақпаратты өндіру, қабылдау жəне пайдаланудан көрінеді. Адамның рухани дамуы үшін жағымды эмоционалдық ақпараттар қажет. Ақпараттық қажеттілік тұлғаны ақпараттық жинақтаған білімі арқасында басқа қажеттіліктерін жүзеге асырып, өзін-өзі дамытуға бағыттайды.
Қазіргі уақытта жəне болашақта жастардың бойында ақпараттық мəдениетті қалыптастыру - қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық мəдениеті қалыптасқан, сауатты адам қажетті ақпаратты тауып алуға, бағалауға жəне тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дəстүрлі жəне автоматтандырылған техникалық құралдарды дұрыс пайдалана білуі қажет.
Адам ақпараттық коммуникация процесінде тек ақпарат алып қана қоймай, алған ақпараттарды пайдалана отырып, өз мүмкіндіктерін арттырып, ақпараттық қажеттілігін қанағаттандырады, ойөрісі дамып тұлға ретінде қалыптасады. Сондықтан адамның ақпараттық мəдениеті оның ақпараттық мінез-құлқынан, ақпараттық өмір салтынан, нақты ақпараттық əрекетінен байқалады.
Ақпараттық мінез-құлық адамның ақпаратпен жұмыс жасау, өзінің ақпараттық өрісін жəне өз жүріс-тұрысын ретке келтіру мен талдауға қажетті қабілеттіліктері мен дағдыларын бейнелейді.
Адамзат өркениеті ақпараттық қоғам құру кезеңінде тұр. Ақпараттық қоғамға өту процесі адамзат қоғамының ерте кезеңінен басталған, бірақ қарқынды даму ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Ақпараттық процестер мен ақпараттық технологиялар қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Ақпараттандыру – бұл қоғамның бүкіл мүшелеріне кез келген əлеуметтік маңызы бар ақпаратты алуға мүмкіндік беретін саяси, əлеуметтік-экономикалық, технологиялық факторлардың өзара байланысқан жиынтығы нəтижесінде жүзеге асады.
Ақпараттық ағымда тұлғаның бойында ақпараттық ортаның қызмет ету заңдылықтары туралы білімдердің, қабілеттіліктердің, құндылықтардың қалыптасуы өмірде дұрыс бағыт-бағдар ұстануға, маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер береді. Ақпараттандыру үрдісі қоғам жəне адам өмірінде даму ресурсы ретінде ақпаратты жəне ақпараттық коммуникация технологияларын толық пайдалану адамның ақпараттық мəдениетінің дамуы мен қалыптасуының маңыздылығын арттырып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |