Диагностикалық зерттеудің тиімділігі: 1. Оқытушының өз жұмысына өзінің талдау жасауы, артықшылығын екшеп, тәжірибесін түйіндеу;
2. Өз кемшілігін анықтап мұғалім оны жоюдың да жолын іздейді. Ондай мұғалімнің шығармашылық тынысы кеңейіп озат тәжірибелерге ден қоя бастайды.
Диагностикалық зерттеу жұмысы ең алдымен анкеталық сұрақтарға жауап беруден, сол арқылы карта жасалудан басталады.
Анкеталық сұрақтар үш бөлімнен тұрады: 1. Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін мұғалімдерге қойылатын талаптар мен міндеттер.
2. Сабақ беру әдісін меңгеру дәрежесін анықтайтын сұрақтар.
3. Тәрбие жұмысын жүргізу үшін әр бөлімде бірнеше параметр.
Зерттеу әдістерін іріктеу ұстанымдары төмендегідей:
Алынатын нәтижелерді қомақты материал негізінде бірнеше рет тексеру және ұзақ бақылау;
Зерттеу әдісінің, зерттеу құбылысының зерттеушінің мүмкіндігіне және зерттелінетін мәселеге сәйкестігі;
Оқу-тәрбие үрдісіне, зерттеуге қатысушыларға зиян келтіретін, адамгершілік нормаларына қайшы келетін әдістерді қолдануға тыйым салу.
Зерттеулерді тұлғалық тұрғыдан қарап жүргізудің әдіснамалық негізі – тұлғаның қоғамдағы орны, ұжым мен тұлғаның арақатынасы, оны дамытудағы ұжымның алатын орны, тұлғалық жан-жақты, үйлесімді дамуы, тұлғаны тәрбиенің обьекті, әрі субьекті деп қарау жөніндегі ілім.
Педагогикалық зерттеу әдістері мынадай бірнеше топтарға бөлінеді: Жалпы ғылымы:
Жалпы теориялық: