Әдістемелік ұсыныстар. Зерттеу әдістерін нақты біліп, қолдану жағын қарастырыңыз. Әрбір әдістің мазмұнына, ерекшелігіне көңіл бөліңіз. Әдістерді не үшін қолдандыңыз, күтілетін нәтиже болашақ істің бағытын анықтайтындықтан, сұрақ жай және күрделі болатынын ескеріңіз.
Әңгімелесу: сұрақтардың байланыстылығын ескере отырып, сұрақ тізбегін дайындау
Анкета: сұраққа қойылатын талаптарды ескеруе отырып, сұрақтар дайындау. Сұхбат: қажетті ақпараттың мазмұнын анықтау, алғашқы сұрақтар тізбегі мен үлгі сұрақтар тізбегін дайындау; алғашқы сұрақтар тізбегі.
Оқушылар жұмысын зерттеу: жазу жұмыстары, бақылау жұмыстарын, сурет дәптер т.б.
Педагогикалық зерттеу әдістері – оқыту, тәрбиелеу және дамудың обьективтік заңдылықтарын тану жолдары мен тәсілдері.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері екі үлкен топқа бөлінеді: тәжірибелік-экспериментальдық және теориялық. Екеуінің де бастауы таным теориясы.
«Таным теориясы нақты пайымдаудан басталады» деп жоғарыда атап өттік. Таным теориясы - оқытудың және зерттеудің методологиялық негізі. Тәжірибелік-эксперименталдық әдістердің диапазоны (ауқымы) өте кең. Ол эмпиризмдік (тәжірибелі) фактілер жинақтаудан күрделі теориялық концепцияларды, тұжырымдамаларды іс жүзінде тексеруге дейін қарастырады.
Әрбір зерттеу мәселені анықтаудан басталады. Мәселенің пайда болу сипатына қарамастан, оны талдау, нақтылануы және негізделуі зерттеудің теориялық әдістері көмегімен анықталады.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін жеке-жеке тоқталып айтатын болсақ келесідей:
1. Ең көп тараған әдіс – байқау (бақылау)
2. Әңгіме, ерекше бір түрі сұхбат алу.
3. Жазба, графикалық жұмыстары, суреттер, сызбалар, жеке пәндер бойынша дәптерлер.
4. Мектеп құжаттары.
5. Эксперимент: табиғи, лабораториялық эксперимент, ғылыми гипотеза, жасампаз эксперимент.
6. Кибернетикалық, математикалық әдістері, педагогикалық құбылыстарды өлшеу белгілі бір көрсеткіштердің бар немесе жоқ екенін тіркеу, тәртіпке келтіру, ранжирлеу өзінің жіберген қателіктерін, қатыспаған сабақтарының санын т.б. тізімін жасау.
7. Тесттер - қазір бізде қолданыла бастады. Қысқа бір мәнді жауап немесе ұсынылған бірнеше варианттардан дайын жауапты іріктеп алуды талап ететін сұрақтар сериясы. Статистикалық өңдеу – сандық деректерді, материалдардың нәтижелерін өңдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |