Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


§ 3. Іс-әрекет теориясы және психология пәні



бет23/139
Дата14.10.2022
өлшемі442,13 Kb.
#152988
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139
Байланысты:
Қысқаша Дәріс тезистері

§ 3. Іс-әрекет теориясы және психология пәні
Іс-әрекеттің оперецаялық-техникалық аспектілерін қарастырғаннан кейін біз келесі сұрақтарға жауап іздеуіміз керек: неге белгілі әрекет жүзеге асады, мақсат қайдан пайда болады? Осы сұрақтарға жауап беру үшін қажеттілік және мотив түсініктеріне жүгінуіміз керек.
Қажетілік – тірі организмдердің белсенділігініің алғашқы формасы. Қажеттілікті тірі организмдердің денесінде әрдайым пайда болатын шиеленіскен күй деп сипаттауға болады. Адамда аталмыш күйдің пайда болуы организмде бір заттың жетіспеушілігімен немесе индивидке керекті нәрсенің жоқтығымен түсіндіріледі.
Адам қажеттіліктерін биологиялық,органикалық(суға, оттегіге, тамаққа деген қажеттілік) және әлеуметтік деп бөлуге болады. Әлеуметтік қажеттіліктерге ең әуелі адамдармен қарым-қатынасқа, танымдылыққа және сыртқы әсерлерге деген қажеттіліктерді жатқызамыз. Бұл қажеттіліктер адамның бойында жастайынан пайда бола бастайды да, бүкіл өмір барысында сақталып келеді.
Қажеттілік пен іс-әрекеттің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұраққа жауап беру үшін әрбір қажеттіліктің даму процесінде екі кезеңді бөлу қарастыру керек. Бірінші кезең – затпен бірінші кездесуге дейінгі кезең. Екінші кезең – осы кездесуден кейінгі кезең.
Әдетте бірінші кезеңде субъект үшін қажеттілік жасырын болады. Адам қысылып-қымтырыла тұра бұл күй немен байланысты екененіне өз-өзіне есеп бере алмауы мүмкін.
Мотив қажеттіліктің пәні болып айқындалады. Мотив арқылы қажеттілік нақтылана түседі, субъектке түсінікті болады. Қажеттілік пен мотивтің пайда болысымен адамның жүріс-тұрысы шұғыл өзгереді. Егер бұрын жүріс-тұрыс бағытталмаған болса, онда мотивтің пайда болысымен ол өзінің белгілі бағытын алады. Өйткені мотив - әрекеттің пайда болу себепшісі. Әдетте бір мақсат үшін адам бірнеше әрекеттер жасайды. Бір мотивке негізделген осы әрекеттердің жиынтығы іс-әрекет деп аталады, дәлірек айтсақ, ерекше іс-әрекет немесе іс-әрекеттің ерекше түрі. Осылайша, мотивтің арқасында біз А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теория құрылымындағы жоғарғы деңгейге келіп жеттік – ол ерекше іс-әрекет деңгейі.
Іс-әрекет тек бір ғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез-келген ерекше іс-әрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірісі әрдайым жетекші, ал екіншісі –тұрлаусыз болады. Осы тұрлаусыз мотивтер ынталандыру-мотиві болып келеді.
Мотивтер мақсаттың қалыптасуымен әрекеттерді түғызады. Біз атап кеткендей, мақсат әрқашанда саналы болады, ал мотивтің өзі екі үлкен классқа бөлуге болады: іс-әрекеттің саналы және санасыз мотивтері. Мысалы, саналы мотивтерге өмір мақсаттарын жатқызуға болады. Бұл мақсат-мотивтер. Бұндай мотивтердің болуы үлкен адамдардың көпшілігіне тән. Келесі классқа мотивтердің көпшілігі жатады. Белгілі жасқа дейін кез-келген мотивтер санасыз болып келетін айта кету керек.
Санасыз (бейсаналы) мотивтер санада ерекше формада көрінеді. Олардың формасы екеу: эмоциялар және тұлғалық мағына.
Іс-әрекет теориясында эмоциялар іс-әрекет нәтижесінің мотивке деген қатынасының бейнесі ретінде сипатталады. Мотив жағынан алғанда іс-әрекет сәтті өтіп жатса, оң эмоциялар пайда болады, ал егер сәтсіз өтіп жатса – теріс болады. Адам күйін басқаратын эмоциялар туралы А.Н.Леонтьев ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар бұл туралы З.Фрейд, У.Кэннон, У.Джемс, Г.Ланге тәрізді ғалымдар жазған болатын.
Тұлғалық мағына – мотивтердің санада көрінуінің басқа формасы. Дәл осы жетекші мотивте мағына құраушы функция бар екенін айта кету керек. Ынталандыру-мотиві мағына құраушы функция қызметін атқармайды, тек қана қосымша қоздырушы қызметін атқарып, эмоцияны тудырады.
Іс-әрекеттің мотивация проблемасымен кем дегенде екі маңызды мәселе байланысты. Ол, біріншіден, мотив пен тұлға байланысы, екіншіден, мотивтердің даму механизмдері туралы мәселе. Бірінші мәселеге тоқтала кетейік.
Тұлға туралы оның іс-әрекеті бойынша және жүріс-тұрысы бойынша қорытынды жасай алатынымыз бізге мәлім. Бірақ біз айқындағанымыздай, адам іс-әрекеті мотивтерге тәуелді. Адамның мотивтер жүйесінің иерархиялық құрылымы бар. Әр түрлі адамдарда бұл құрылым әр түрлі болып келеді. Бір жағдайда адамда тек бір ғана жетекші, маңызды мотив болады. Басқа жағдайда бір, екі немесе одан да көп жетекші мотивтер болуы ықтимал. Жетекші мотивтер негізі бойынша айырылып қоймай, сонымен қатар олардың әр түрлі күші болады. Мотивтер жүйесінде қандай мотивтер ірге ретінде қолданылатыны тұлғаның сипаттамасы үшін аса маңызды. Ол тек қана бір өзімшілдік мотив немесе альтруистік бағыт алған мотивтердің жүйесі т.б. болуы мүмкін.
Енді жаңа мотивтер қалай пайда болатынына тоқтала кетейік. Іс-әрекетті талдау кезінде жалғыз жол – қажеттіліктен мотивке қарай, содан соң мақсатқа және іс-әрекетке. Шынай өмірде әрдайым кері процесс жүреді, іс-әрекет барысында жаңа мотивтер мен қажеттіліктер қалыптасады. Іс-әрекет іске асқан кезде қажеттіліктер шеңбері ұлғаяды. Қазіргі психологиялық ғылымда мотивтердің қалыптасу механизмдері толық зерттелмеген. Іс-әрекеттің психологиялық теориясында бір механизм жете зерттелген – ол мотивтің мақсатқа жылжу механизмі (мақсаттың мотивке айналу механизмі).
Жоғарыда айтылғандардан мотивтердің қалыптасу механизмінің сипаттамасынан психиканың дамуы жөнінде аса маңызды қорытынды шығаруға болады. Мотив тұлғаның жекелігін қылптастырады, өйткені адам туралы пікір айту үшін оның іс-әрекетінің нәтижесіне көңіл аударуы қажет. Осыдан біз іс-әрекет тұлғаның қалыптсауына әсер етеді деген қорытындыға келеміз. Осылайша, адам айналысатын іс-әрекет түрі оның болашақ дамуын болжайды. Бұл жерде біз диалектикалық материализмге тірелеміз.
Іс-әрекеттің тағы да бір аспектісі бар, іс-әрекеттің психологиялық теориясы ондаған жылдар бойы Кеңес психологиясында жетекші болғанының себепшісі дәл осы аспект. Осы уақытқа дейін біз тек қана сыртқы бақылаушыға көрінетін практикалық іс-әрекетті сөз етіп келдік. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрі бар, ол – ішкі іс-әрекет. Ішкі іс-әрекеттің функциялары неден тұрады? Ішкі әрекеттер сыртқы әрекеттерді дайындайды. Олар адам әрекеттерін үнемдеуге көмектеседі. Бәрінен бұрын олар қателіктер жасамауға мүмкіндік туғызады.
Ішкі іс-әрекет екі негізгі қасиеттермен сипатталады. Біріншіден, ішкі іс-әрекеттің құрылымы сыртқы іс-әрекет құрылымымен бірдей. Олардың айырмашылығы тек өту формасында ғана. Ішкі іс-әрекет пен сыртқы іс-әрекет арасындағы айырмашылық – ішкі іс-әрекет қимылдары шынайы заттармен емес, олардың бейнелерімен жүзеге асады.
Екіншіден, ішкі іс-әрекет сыртқыдан интериоризация процесі жолымен пайда болды.
Іс-әрекет теориясының авторлары ішкі іс-әрекет арқылы сана проблемасы мен психикалық процестердің талдауы деген мәселелерге тоұталды. Іс-әрекет теориясының авторларының ойы бойынша психикалық процестерді іс-әрекет позициясынан талдауға болады, өйткені кез-келген психикалық процесс белгілі мақсатпен жүзеге асып, өзінің операциялық-техникалық жүйесі болады.
Қорытынды ретінде іс-әрекеттің психологиялық теориясының методологиялық маңызына тоқтала кетейік. Кеңес психологтардың ғылыми жұмыстары мен зерттеулерінің көпшілігі іс-әрекеттің подход
принципіне негізделеді. Мұнда адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып адам іс-әрекетінің психикалық аспектілері немесе іс-әрекеттің заңдылықтары зерттеледі.
Осылайша, біз бірнеше қорытынды жасай аламыз. Біріншіден, адамның психикасы мен іс-әрекеті өзара байланысты, сондықтан психиканы зерттеу және оның заңдылықтарын тұжырымдау іс-әрекет принциптеріне негізделеді. Екіншіден, адам айналысатын іс-әрекет оның өмірлік құндылықтары мен мотивтерінің дамуын және субъектің жалпы бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да іс-әрекеттің еркше түрлері адамның психикалық дамуының заңдылықтарына әсер етеді.
§ 4. Әрекет физиологиясы және белсенділік физиологиясы

Психомоторика туралы жалпы түсінік Осы бөлімде біз Кеңес психологиясының орталық түсінігімен таныстық – ол іс-әрекет. Іс-әрекет – бұл өте күрделі және көп аспектілі құбылыс. Бұл құбылыс психикалық және физиологиялық процестердің бірлігінің арқасында пайда болады. Кеңес ғалымдарының ішінде өміріміздің керекті шарты ретінде әрекетке ең алғаш болып көңіл аударған И.М.Сеченов. Бұл мәлелені ол “Бас мидың рефлекстері” деген кітапты дамытқан.


Адамның әрекет пен іс-әрекетінің әр түрлі психикалық құбылыстарының байланысын И.М.Сеченов психомоторика деп атаған. Оның ойынша, психомоторлық іс-әрекеттің алғашқы элементі болып қозғалғыштық әрекет болып табылады. Жаттығу немесе қайталану барысында дамитын қозғалғыштық әрекетті қозғалғыштық немесе психомоторлық дағды деп атаған жөн.
Кез келген қозғалыс немесе саналы әрекеттің әрдайым мақсаты болады, яғни ол бағытталған. Сондықтан да біздің күшіміздің жұмсалатын белгілі бір өрісі болуы тиіс. Психомоторика проблемаларын қарастырғанда бұл өрісті моторлық өріс деп атайды. Одан басқа саналы әрекет жасау үшін біздің күшіміз жұмсалатын өріс сенсорлық өріс деп аталады. Бұл өрістен ақпарат қабылданады. Психологияның дамуына орай іс-әрекеттің ұйымдастырылу жүйесі туралы түсініктер өзгеріп отырды. И.М.Сеченовтің “Бас мидың рефлекстері” деген еңбегінің жарыққа шығуымен және “психомоторика” терминінің дәлелденуімен, одан соң И.П.Павловтың шартты рефлекстерді ашуына орай психологияда іс-әрекеттің рефлекторлық табиғаты туралы түсінік берік сақталды. Әдетте әрекеттер қабылданған ақпаратқа жауап реакциясы ретінде қарастырылады.Қабылдау мен жауап әрекетінің байланысы сенсомоторлық процесс деп аталады. Психомоториканың зерттеу барысында зерттеушілер жауап реакциясының үш тобын бөліп шығарды: қарапайым сенсомоторлық реакция, күрделі сенсомоторлық реакция және де сенсомоторлық координация.Кез-келген сенсомоторлық реакция жеке әрекет немесе күрделі психомоторлық акттың элементі ретінде қастырылады. Физиологиялық тұрғыдан алғанда сенсомоторлық реакциялар шартты рефлекстер ретінде көрініс алады. Психомоторлық процестердің ерекше түрі ретінде сенсоречивті және идеомоторлық реакциялар ерекшеленеді. Сенсомоторлық реакциялар тәрізді сенсорлы реакциялардың да үш кезеңі болады: сенсорлық, орталық және моторлық. Бірақ орталық кезең өте күрделінген және де екінші дабыл жүйесінде өтеді, ал моторлық кезең сөлеудің қимыл компоненті ретінде айқындалады. Психомоторикада әрекет пен оның орындалуын түсінігін байланыстыратын идеомоторлық процестер ерекше орын алады. Бұл процестердің мәні жетік іс-әрекетті меңгеру барысындағы автоматизмдер мен дағдының қалыптасуында.
Психомоторика мәселелерін өндіру өзінің жемісті нәтижелерін берді. Оның нәтижелері спорт саласында, әскери істе, арнайы оқытуда, т.б. салаларда кеңінен қолданылды. Бірақ психологияның дамуы барысында іс-әрекеттің компоненті болып есептелетін әрекеттің сенсомоторлық процеске қарағанда құрылымы күрделірек болып келеді. Психомоториканың ең басты кемшілігі қозғалыс актісі сенсорлық дабылға жауап реакциясы ретінде қарастырылатындығы. Өзіміз білетіндей, әрекет әрдайым саналы болады, яғни ол біздің сана өрісімізде болып, бақыланады. Сана әрдайым белссенді болатынын ескерсек, саналы қимыл мен іс-әрекет те реактивті емем, белсенді болады. Адам белсенділігі мен іс-әрекетінің қайнар көзі сыртқы ортаның әсері емес, адамның психикасы, оның қажеттіліктері мен мотивтері болып табылады. Әрине, сенсоморлық процестерді жоққа шығаруға болмайды. Олар адамның іс-әрекетіне қатысады, бірақ сенсоморлық процестер саналы әрекеттердің барлық механизмдерін түсіндіре алмайды.
Әрекет ұйымдастыруының механизмдері. Психологияда қазіргі таңдағы әрекет физиологиясы туралы түсінікті экспериментальды түрде дәлелдеген белгілі Ресей ғалымы Н.А.Бернштейн.Жоғарғы білімі бойынша невропатолог-дәрігер, ал ғылыми қызығушылығы бойынша физиолог болған Н.А.Бернштейн ғылыми әдебиетте белесенділік принципінің жақтаушысы болды. Бұл принцип – іс-әрекеттің теориясының іргесі болып есептеледі. 1947 жылы Бернштейннің “Әрекеттің құрылымы” деген негізгі кітабы шықты. Бұл кітап Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бернштейннің зерттеу объектісі қалыпты организмнің және адамның қимылдары болып табылады. Бернштейннің зерттеулерінде еңбек қимылдарына көп көңіл бөлінді. Бернштейн жасаған алғашқы қорытынды мынандай болды: ол әрекеттерді басқарудың жаңа принципін ұсынды. Ол сенсорлық коррекция принципі деп аталынды. Бернштейннің ойынша, әрекеттерді орындау барысына әсер ететін факторларды қарастырайық. Біріншіден, әрекетті орындау кезінде реактивті күштердің құбылысы пайда болады.
Екіншіден, әрекетті орындағанда инерция құбылысы пайда болады, яғни инерциялық күштер орын алады. Үшіншіден, белгілі сыртқы күштер әрекеттің орындалуын өз ықпалын тигізеді. Төртіншіден, тағы бір әрекетті орындаған кезде көп ескеріле бермейтін фактор бар, ол – бұлшықеттердің бастапқы күйі. Бұлшықеттердің күйі әрекетті орындаған кезде ұзындықпен қатар өзгереді. туралы тұрақты ақпарат қажет. Бұл ақпарат кері байланыс дабылдары деп аталады. Бұл дабылдар миға бұлшықеттерде бір уақытта бірнеше каналдардан түсуі мүмкін. Мысалы, приприоцептивті рецептерлерден, көру органдарынан, есту арқылы, т.б.Осылайша, әрекеттердің іске асу механизмдерінің схемасы жайында
Осылайша, әрекеттің орындалуына тікелей әсер ететін бірқатар факторлар бар. Сондықтан орталық жүйке жүйесіне әрекетті орындау барысы қорытынды жасауға болады. Бернштейн оны рефлекторлы сақина схемасы деп атады. Бұл схема сенсорлық коррекция принципіне негізделген.
Қарапайым түрде бұл схеманың көрініс былайша болып келеді: Моторлық центрден (М) бұлшықетке (бұлшықеттің жұмыс нүктесі) эфекторлық бұйрықтар келіп түседі. Бұлшықеттің жұмыс нүктесінен сенсорлық орталыққа (S) афференттік кері байланыс дабылдары түседі. ЦНС-те келіп түскен ақпараттың өңделуі жүреді. Басқарудың сақиналы процесі құрылады.

Бұл схемада келесі элементтер қатысады: Моторлық “шығыс” (эффектор), сенсорлық “кірістер” (рецептор), жұмыс нүктесі немесе объект, бағдарлама, регулятор.


Рефлекторлық сақинадан басқа Бернштейн іс-әрекеттің құрылымдық деңгейі туралы идеяны ұсынды. Өз зерттеулерінің барысында ол мынаны аңғарыпты – кері байланыс дабылдарының ақпаратына байланысты – яғни бұлшықеттердің шиеленісуі туралы ақпарат бере ме, дене мүшелерінің қалыпы туралы, әрекеттің заттық нәтижесі, т.б. аференттік дабылдар әр түрлі деңгейдегі моторлық жолға өтеді. Әрбір деңгей өзінің ерекше моторлық көріністері болады - әрбір деңгейге өзінің әрекет классы сәйкес келеді.
А деңгейі – ең төменгі және филогенетикалық ең көне деңгей. Адамда ол жеке мәнге ие бола алмайды, бірақ кез-келген әрекеттің маңызды аспектісіне жауап береді – бұлшықеттердің тонусы. Бұл деңгейге бұлшық проприорецепторлерінен дабылдар келіп түседі. Жекеше бұл деңгей аз ғана әрекеттерді ретке келтіреді. Негізінен, ол тремор мен вибрацияға (дірілге) байланысты. Мысалы, тоңған кезде тістің қағысы.
В деңгейі – синергия деңгейі. Бұл деңгейде негізінен бұлшықет-буын рецепторларынан келіп түскен дабылдары өңделеді. Осылайша, бұл деңгей дене ауқымымен тұйықталады және жеке әрекеттерге мимикалар жатады.
С деңгейі – бұл деңгейді Бернштейн кеңістік өрісі деп атады. Бұл деңгейге көру, есту, сипап-сезу органдарынан сигналдар түседі.Бұл деңгейде объекттің кеңістікке бейімделген қасиеттері – яғни олардың пішініне, қалпына, ұзындығына, салмағына, т.б.
D деңгейі – зат әрекеттерінің деңгейі. Әрекеттердің заттармен ұйымдастырылуына жауап беретін бас ми қабығының деңгейі. Бұл деңгейдегі қимылдар әрекет ретінде көрсетіледі. Мұнда қозғалғыш құрамы немесе қоғалыс құрамы бекітілмеген, тек қана нақты нәтиже берілген.
Е деңгейі – ең жоғарғы деңгей – интеллектуалды қозғалыс актілер деңгейі. Бұл деңгейге сөйлеу қозғалыстары, хат қозғалыстары жатады. Бұл деңгейдегі қозғалыстар заттық сипатта емес, вербальдық сипатта болады.
Қозғалыс құрылымының деңгейлерін қарастыра отырып, Бернштейн бірнеше өте маңызды қорытындылар жасайды. Қозғалыс ұйымдастырылуына әдетте бірнеше деңгейлер қатысады. Мысалы, хат жазу – күрделі қозғалыс болғандықтан оған бес деңгей қатысады.

§ 5. Қозғалу дағдысының қалыптасу процесі және белсенділік принципі


Қозғалу дағдысының қалыптасуын Бернштейн өте жете қарастырған. Бұл процестерді қарастыра отырып ол үлкенірек кезеңдерге жіктелетін жеке фазаларды бөліп шығарады.
Бірінші кезеңде қозғалыспен алғашқы танысу кезеңі болады. Бернштейннің ойы бойынша, барлығы қозғалыстың құрамынан басталады, яғни оны неден бастау керек, қалай орындау керек, қозғалыстың қандай элементтері, қандай ретпен орындалу керек деген сияқты сауалдар.
Бұл фазадан кейін келесі фаза келеді, ол алғашқыға қарағанда еңбекті талап етеді – қозғалыстың ішкі картинасының анықталу фазасы.
Осы процестің кейін біз қозғалыстың автоматтануына тоқталайық. Осы период кезінде жеке компонентердің толық немесе толық қозғалыстың берілуі жүреді. Нәтижесінде жетекші деңгей жартылай немесе түгелдей бұл әрекет туралы міндеттен арылады. Соңғы, үшінші кезеңде стандартизация мен тұрақтанудың арқасында дағдының тегістелуі жүреді.
Жоғарыда сипатталған қозғалыс теориясы Бернштейннің белсенділік принципімен тығыз байланысты. Белсенділік принципі реактивтілік принципіне қарама-қайшы болып келеді.
Белсенділік принципінің бірнеше аспектілерін қарастырайық: нақты-физиологиялық, жалпыбиологиялық және философиялық. Нақты-физиологиялық тұрғыдан белсенділік принципі рефлекторлық сақиналы әрекетті басқару принципімен тығыз байланысты.рефлекторлық сақинаның қызмет етуінің басты шарты – орталық бағдарламаның болуы. Орталық бағдарлама мен басқарушы құрылғы болмаса, рефлекторлық сақина қызмет ете алмайды. Олай болса, адам қимылдарында реактивтілік пен белсенділікті қалайша үйлестіруге болады?
Бұл сұраққа жауап беру үшін Бернштейн адамдар мен жануарлардың әрекеттерін ойша алынған осьтің бойына орналастыруды ұсынады. Сонда бір полюсте шартсыз рефлекстер, мысалы жыпылықтау немесе түшкіру, сонымен қатар өмір барысында қалыптасқан шартты рефлекстер, мысалы, иттің қоңырау шырылына сілекейінің бөлінуі. Бұл әрекеттер шынында стимул арқылы іске асады және оның мазмұнымен айқыдалады.
Осы ойша алынған осьтің екінші бөлігінде іске асу мен мазмұны , яғни бағдарлама организмнің ішінен айқындалатын актілер мен қимылдар орналасады. Оларды ерікті актілер деп атаймыз.
Осылайша, қойылған сұраққа жауап бере отырып, белсенді және реактивті қимылдар бар деп нық айта аламыз. Бірақ қимылдардың барлығын ойша алынған оське орналастыра отырып ол не ось екенін айтпадық. Бұл ось белсенділік ось ретінде сипатталады. Бұл жағдайда шартсыз рефлекторлы реакциялар нөлдік белдсенділік акт ретінде қарастырылады., ал ерікті актілер – белсенді қимыл болып табылады.
Енді белсенділік принципінің жалпыбиологиялық аспектісіне тоқтала отырып мынандай сұраққа жауап берелік: жалпыбиологиялық деңгейде белсенділік принципінің куәлігі бар ма? Бұл сұраққа Бернштейн оң жауап береді.
Сонымен қатар белсенділік принципінің философиялық аспектісін айта кетейік. Философияның орталық сұрауларының бірі – ол өмір және тіршілік әрекеті дегеніміз не деген сауал. Әдетте бұл сауалға тіршілік әрекеті дегеніміз – қоршаған ортаға бейімделудің үздіксіз процесі деп жауап береді. Бернштейннің ойынша ол қоршаған ортаға бейімделудің үздіксіз процесі емес, ішкі бағдарламалардың іске асуы. Мұндай іске асу кезінде организм әр түрлі кедергілерді бастан кешіреді. Бейімделу процесі де жүреді, бірақ оның маңызы азырақ.
Қорытынды ретінде Бернштейн теориясының психологиядағы маңызына көңіл аударайық. Осы теорияның арқасында психологияда физиология тұрғысынан белсенділік принципінің әділдігі расталды. Яғни іс-әрекеттің психологиялық теориясы да мақұлданды. Бернштейн зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып психика – адам іс-әрекетінің белсенділігінің қайнар көзі деген қорытынды жасай аламыз, яғни белсенділік – тек физиологиялық емес, сонымен қатар әлеуметтік және психикалық деңгейде көрінетін әрбір адамға тән қасиет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет