Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет2/19
Дата04.11.2022
өлшемі59,59 Kb.
#156593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
кр.сод.лекций тжт (1) (2)

2.Күрделі сөздің бөлігі «мета» (грек тілінен аударғанда арасында, кейін, арқылы) көбіне көп аралықты анықтауда, бір нәрсенің артынан ілесуді, басқа қалыпқа өтуді атап көрсетеді. Тәрбиенің метақағидасы белгілі бір тәрбие заңдылықтарына өтуге мүмкіндік береді. Бұл қағидалардың қатарына бірінші кезекте табиғи үйлесімділік пен мәдени үйлесімділік қағидасын жатқызуымыз тиіс.


Тәрбиенің табиғи үйлесімділік қағидасы оқушының тәрбие процесін оның жасы мен жынысына лайықтап ұйымдастыру жолдарын ұсынады, өз дамуына жауапкершілікті өзі қалыптастыруын болжайды. Сондықтан да қоршаған орта қатынастарына қажетті этикалық нормалар енгізілуі керек, тәрбиеленушіде табиғатты қорғау және жарықты үнемдеуге бағытталған сана қалыптасуы тиіс.
Тәрбиелеудің табиғат(тану) сәйкестілік принципі бұл принцип оқушыны тәрбиелеу процесінің оның жасы және жынысына сәйкестендіріп ұйымдастырылуын қарастырады, оның жауапкершілігі өз-өзінің жетілуі үшін қалыптасатынын ұйғарады. Сондықтан қажетті этикалық нормалар қоршаған ортаға қатынасы бойынша енгізілуі тиіс, тәрбиеленушіде табиғат қорғау және қуат үнемдеу ойы қалыптасуы керек.
Тәрбиелеудің мәдени сәйкестілік принципі тәрбиенің мәдениеттің жалпы адамзаттық құндылығына негізделуін және де осы немесе басқа да ұлттық мәдениеттердің құндылықтары мен нормаларына, жалпы адамзаттық құндылықтарға қарсы шықпайтын халық салттарының өзіне тән ерекшеліктері есебімен сәйкес құрылуын қарастырады. Сондықтан оқушылармен тілдесу барысында этностың, қоғамның және т.б мәдениеттердің түрлі қабаттарына мақсат қойылады. Тәрбие оқушыға әлемде және өзінде болып жатқан өзгерістерден хабардар болуына көмектесуі қажет. Тәрбие оқушыға барынша жағымсыз әсерлердің аз болатын тәсілдерін табуы тиіс.Мәдени сәйкестендіру принципінің жүзеге асуы түрлі социумдардың мәдени құндылықтарындағы айырмашылықтары кесірінен қиындауы мүмкін. Бұл қиындықтарды жеңу үшін көптеген социумдар үшін маңызды жалпы рухани және материалды құндылықтарды әрдайым ескеріп отыру қажет.
Басқа метапринциптерден ерекше мағынаға ие:

  • жеке тұлғаның тоқтаусыз жалпы және проффесионалды жетілу принципі.

  • тәрбиеде әрекетке жақындық принципі.

  • оқушыға оның индивидуалды ерекшеліктерінен тәуелсіз бірегей көрінісі

туралы сияқты көз алдына елестетуді қамтамасыз ететіндей қатынастың жандану принципі.

  • профессионалды-этикалық өзара жауапкершілікті қамтамасыз ету принципі.

Мектеп тек «Оқытушы-оқушы» жүйесінде сәйкес гуманистік қатынастар орнатылған жағдайында ғана мүмкін болатын гуманисті тұлғаны қалыптастыруға тиісті. Ондай тұлға арасындағы қатынастар саналы гуманистік құндылықтарға негізделеді. Мұндай құндылықтар санына әдетте төмендегі құндылықтар кіреді.
1. Оқушыны дәл ол қалыпта қабылдау және де оған жоғары құндылыққа қарағандай қарауы керек. Тәрбиелеудің кез келген мақсаттары, мазмұны және технологиялары әуелі баланың қызығушылығына мән беруі керек, оларды бала атынан жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, негізі тәрбиелеуді ұйымдастыруда белгілі бір баланы толықтай алу қажет етіледі. Нақты баланы нақты тәрбиелеу тек нақты жағдайда және нақты мүмкіндіктер барысында ғана күшке енетінін ескеру керек. Әрине, тәрбиелеудің ондай ұйымы оқушының қызығушылығы, қажеттілігі, дәлелділігі, мүмкіндіктері туралы тек нақты ақпараттар негізінде ғана мүмкін бола алады.
2. Оқушыға сенім білдіру, оның жетілуге деген талпынысына сену, не үшін педагогке ұжымда қолайлы моральды климат жасауы және тәрбиеленуші жағынан сенімділік атмосферасын жасау, олардың педагогтың ақкөңілділігіне сенімділігін қамтамасыз ету қажет.
3. Тәрбиеленушіні тәрбиелеу процесінің серіктес ұйымдастырушысы ретінде қабылдап, оның құқықтарын қорғау.Педагог түсінушілікпен қарап,оның жас ерекшелігі мен өмірлік тәжірибесін ескере отырып,жеңілдіктер жасап отыру керек.Сонда тәрбиеленуші өзін еркін,жақсы ұстай алады.
4. Күрделі өмірлік жағдайларды оқушыға қолдау көрсету кезеңінде мұғаліммен оқушы арасында нағыз рухани байланыс басшылық алады. Тәрбиеленуші мұғалім тарапынан әр – түрлі қолдау алуға құқылы.
5. Тәрбиеленушіге оның қияң қылықтарын, қателіктері мен сәтсіздіктерін кешіру. Бірақ ол оқушыны жазалаусыз қалдыру деген емес. Кез-келген оғаш жасалған ісі ескеріліп, мұғалімінің дәл бағасын алып отыруы тиіс. Бірақ үнемі оған оның қияң қылықтары мен қателіктерін айтуға болмайды, бұл жағдайда балада өзіне деген сенімсіздік пайда болады, өзін-өзі төмен бағалайды.Бірақ адамгершілік құндылықтар, жоғарыда көрсетілген “Педагог-оқушы” адамершілік қарым-қатынасымен шектелмейтіні анық. Барлық адамгершілік құндылықтарды жиынтық түрінде қабылдау керек, жеке берілген құндылық толық адамгершілік қарым –қатынасқа кепілдік бола алмайды. Адамгершілік құндылықтарды енгізу ізгілік қарым – қатынастың қалыптасуына ықпал етеді.

1

№ 2
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы және олардың өзара әрекеттестігі.
2. Сыныптағы тәрбие жүйесінің функциялары, мақсаты мен міндеттері.
3. Тәрбиелік жүйенің қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет