Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес, басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.
Тәрбиелік жүйе – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы қамтылған тұтас әлеуметтік организм.
Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:
жұмыстағы жүйелілік, мақсатқа бағытталғандық, әрдайымдық оқушының рухани-адамгершілік, тұлғалық дамуының қайнар көзі;
қолданылатын әдіс-тәсілдерің әртүрлілігі,тиімділігі жоғары нәтиже мен оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, тәрбие деңгейін артырады,оқушы дамуының түрлі жолдарын қарастыруға көмектеседі.
Сыныптың тәрбие жүйесі – бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.
Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес, басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.
Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:
оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі;
педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);
кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.