Байланысты: Психология п ні туралы т сінік ж не оны даму тарихы
13.3. Конфликт объектісі (нысаны) Конфликтің міндетті элементтерінің бірі – объект, яғни нақты себеп, уәждеме, конфликтің қозғаушы күші болып табылады. Барлық объектілер үш түрге бөлінеді [2, 13].
1. Бөліктерге бөлінбейтін объектілерді біреумен бірге игеру мүмкін емес.
2. Конфликт қатысушылары арасында түрлі мөлшерде бөлінетін объектілер.
3. Конфликт қатысушыларының екеуі де бірге игеретін объектілер. Бұл «алдамшы конфликт» жағдаяты болып табылады.
Нақты бір конфликте объектіні анықтау оңай емес. Конфликтің субъектілері мен қатысушылары өздерінің шынайы және жалған мақсаттарын көздей отырып, өздерін қарсыласуға итермелеген уәждерін білдірмеуі, жасыруы, ауыстыруы мүмкін. Мысалы, саяси күресте конфликт объектісі қоғамдағы шынайы билік болып табылады, алайда саяси қарсыласудың әрбір субъектісі қарсыласу белсендігінің негізгі себебі өз сайлаушылары үшін мүмкін болған игіліктің барынша жоғары деңгейіне қол жеткізу екендігін дәлелдеуге тырысады.
Объектіні бұрмалау тараптардың біріне маңызды пайда келтіруге және екіншісінің жағдайын маңызды түрде қиындатуға қабілетті болып келеді. Мысалы, егер қорғалушының өзін-өзі қорғау мақсатында қару қолдануға мәжбүр болғандығыны дәлелденсе, біреуді өлтірген адам сот тарапынан ақталуы мүмкін. Конфликт себептері басқалармен алмасқан кезде және басқа да қиын конфликтерде шынайы объектіні табудағы қиындықтар туындайды. Кейде конфликт субъектісінің өзі қарсыласудың негізгі себебін толығымен ұғына алмайды. Мысалы, басшы мен қол астындағы кісінің арасында жағдаят туындауы мүмкін:
1. Басшы қол астындағы кісіні қажетті қайтарыммен жұмыс жасауды қаламайтындығы үшін айыптайды.
2. Қол астындағы кісі басшыны оның жеке өзіне деген біржақты қарым-қатынасы үшін айыптайды.
3. Конфликтің шынайы себебі қол астындағы кісінің өз алдына қойылған міндеттерді орындауы үшін қажетті білім мен қабілетті меңгере алмауы болуы мүмкін.
Негізгі объектіні анықтау кез келген конфликті сәтті шешудің міндетті шарты болып табылады. Ал керісінше болған жағдайда, ол мәселе өз шешімін таппайды (тұйыққа тірелген жағдаят) немесе толығымен шешілмейді.