Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет27/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Дәріс тезистері

Қолдану
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану.
Сұрақ қою үлгісі: Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неліктен?
Талдау
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау:

  1. Элементтерді талдау;

  2. Қарым-қатынасты талдау;

  3. Ұйымдастыру қағидаттарын талдау.

Сұрақ қою үлгісі: Алманы қосып тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.


Жинақтау
Жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу не­месе балама шешім ұсыну:

  1. Ерекше байланыс орнату;

  2. Жоспар әзірлеу немесе ұсынылатын операциялар жиынтығы;

  3. Абстарктілі қатынастардың жиынтығы негізіндегі қорытындылар.

Сұрақ қойылу үлгісі: Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт дайындаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.


Бағалау
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау:

  1. Ішкі дәлелдемелер тұрғысынан жасалған қорытынды;

  2. Сыртқы критерийлер тұрғысынан жасалған қорытынды.

Сұрақ қойылу үлгісі: Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санай­сыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?


Сын тұрғысынан ойлау ең соңғы сатысында ойлау үдерісінің анағұрлым жоғары деңгейімен байланыстырылатынына қарамастан, Блум таксономиясына сәйкес, аталған деңгейлердің барлығы сын тұрғысынан ойлау үшін қажет деп қарастырылады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау және/ немесе бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек.

1

№ 15
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет