Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды



бет20/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
Дәріс тезистері

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды
жоспарлау және ұйымдастыру
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру,
жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды өткізу тәртібіне сәйкес
жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:
• жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;
• әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша;
• тілдік пәндер – сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша: тыңдалым мен
айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе
ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер мазмұнын
анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға
жататын оқу мақсаттарының саны пәндерге байланысты әр түрлі
болуы мүмкін.
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға
кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік
береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы,
жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды,
сабақ жоспарларын қайта қарауына болады.






№ 11
Дәріс

Кері байланыс
Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім
алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу
үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
• білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру;
• тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай
емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;
• білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын
жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;
• кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге
қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың
жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімге де, білім алушыға да 2-кестеде
ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап
беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.
Рефлексия адамның өз білімі мен әрекеттерін талдау, сол туралы өзіне есеп беру болғандықтан мұнда басқа адамдардың пікірлері мен бағалауының алатын орны ерекше, өйткені өзіне сырт көзбен қараған адам басқа адамдардың өзі туралы пікірлері арқасында рефлексиясын тереңдете түседі. Өзі туралы сырт пікірлерді адам қарым-қатынаста біледі. Осындай қарым-қатынаста өзі туралы пікірді есту мен білуді кері байланыс деп атайды. Сырт пікірлер адамға өзінің қайда және қандай екендігін білуге көмектесіп, болашақ әрекеттеріне түзету енгізіп, оларды жоспарлау мүмкіндігін береді. Сол себепті кері байланыс - келесі әрекеттерді ынталандыруға бағытталған рефлексияның ақпараттық негізі.
Адамның бір ерекше қасиеті бар: біз өзіміз туралы өзгелердің пікірін естігіміз келіп тұрады. Сондықтан да кез келген әрекеттен кейін басқалардан «Қалай болды? Мен сырт көзге қалай болып көріндім? Қалай сөйледім (жасадым, отырдым, тұрдым, жаздым, т.б. әрекеттерді келтіруге болады)?» деп өзіміз туралы пікірін сұраймыз. Сол әрекетті бақылаған адам өз пікірін айтады, бағасын береді. Оның пікірі өзіміздің оймен сәйкес келуі немесе келмеуі де мүмкін. Алайда сырт пікір бізге білім мен әрекеттерімізді түзету, өзгерту, жақсарту мүмкіндігін береді. Олардың мұндай пікірі біз үшін кері байланыс болады. Осылайша өзгелердің өзіміз туралы пікірлері бізге өзімізді тануға, ішкі «Мен»-нің қалыптасуына көмектеседі.
Ал енді осыған қарама-қарсы жағдаятты көз алдыңызға елестетіп көріңіз: Сіздің әрекетіңізден кейін бір де бір адам ләм-мим деп жұмған аузын ашпады, өз ойын айтпады делік. Осындайда өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Әрине, мұндай жағдаяттың қуаныш және қанағат әкелуі екіталай, өйткені біз өз әрекетімізді басқалардың талдағанын және бағалауын қалаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет