Жиынтық бағалау. Жиынтық бағалаудың мақсаты. Бақылау-тексеру жұмыстарының түрлері. Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының
мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі
кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін,
дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтық
бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру
деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім
бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім
алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар
немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау,
түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге
мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы
үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау,
түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады.
Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық
түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп,
оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады
(4-қосымша).
4 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына,
оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған
кезде өткізіледі. Аталған жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша білім
алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу
мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Жиынтық
бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалауды өткізудің тапсырмалар үлгілері берілген. Бөлім/
ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары
анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады.