Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қоғамдық өндіріс. Ұдайы өндіріс



бет13/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

4.Қоғамдық өндіріс. Ұдайы өндіріс. Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің eкi түpi бар:
а) натуралды шаруашыльқ;
б) тауарлы шаруашылық.
Натуралды шаруашылық қоғамдық өндірістi ұйымдастырудың ең ертедегі түpi болып табылады. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезеңінде еңбек өнімінің 6ip бөлігі тауарға айналады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлісуінен туындап, еңбек өнімділігінің өcyiнe және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Өз кезегінде бұл олардың арасында айырбасты жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды.
Keйініректe қол өмірінің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасуға, жеке меншіктің пайда болуына жағдай жасады.
Тауар өндipici капиталистік өндipic әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатка ие болады.
Өндірісті ұйымдастырудың натуралды түpi қaзipгi жағдай да орын алуда. Мысалы, бақшагердің натуралды шаруашылығы - өнімді тек өзi үшiн өндipy, егер өнімнің 6ip бөлігін сату үшін бағытталса, онда ол ұсак тауар айналады. 
Қазіргі қоғамдық өндіріс - бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлінісінің болуы және оның мамандануы. Еңбек бөлісі өндірістін өсуімен барынша көп түрленеді және бөлшектене бастайды.
Қоғамдық ұдайы өндipiм қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы npoцeci болып табылады, оның нәтижесі - қоғамдық өнім. Ұдайы өндіріс - бұл өндipic процесінің қайталануы.
Қоғамдық ұдайы өндipicтің eкi түрі ажыратылады:

  1. жай ұдайы өндіріс;

  2. ұлғаймасы ұдайы өндіріс.

Жай ұдайы өндipic бұр өндіріс процесінің бұрынғы аукымда қайталануы; сондықтан да алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.
Ұлғаймасы ұдайы өндіріс - бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың 6ip бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процес ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет