Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Ұдайы өндірістің ұлғаймасы түpi үшке бөлінеді



бет14/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Ұдайы өндірістің ұлғаймасы түpi үшке бөлінеді:

  • интенсивті;

  • экстенсивті;

  • аралас.

Интенсивті ұлғаймасы ұдайы өндіріс - техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әлеуетті ұлғайту болып табылады.
Экстенсивті ұлғаймасы ұдайы өндіріс - өндіріс қуатын пайдаланылатын өндipic факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту.
Аралас ұлғаймасы ұдайы өндіріс - өндіріс қуатын пайдаланылатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту.
5.Ресурстардың, өнімдер мен табыстың ауыспалы айналымы.
Қоғамның мақсаты: шектеулі ресурстарды қолданып, игіліктерді өндіру.
Кез келген елдің ұлттық шаруашылығы бір жағынан ерекшеленген, екінші жағынан жеке ұдайы өндіріс жасай­тын өзара байланыстың формальдық жиынтығы болып табылады.
Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыс­палы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы фак­торларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бір функ­цияны атқарады:

  • біріншісінде, өндіріс жағдайлары қалыптасады;

  • екіншісінде, тауар және қызмет өндірісі жүзеге асады;

  • үшіншісінде, тауар сатылады және қызмет көрсетеді.

Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар жұмыс күші жатады. Олар бір өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.
Капиталдың ауыспалы айналымы[ақшалай қаражаттың өндіріс пен айналыс аясындағы қозғалысы‚ бұл қозғалыс барысында ол толық айналым жасайды.
Капиталдың ауыспалы айналымы дүркін-дүркін жаңарып отыратын процесс ретінде қаралады‚ оның дәйекті түрде авансылануын (өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға‚ еңбекақы төлеуге аванс берілуін)‚ өндірістік тауардың өткізілуін‚ бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды, яки капитал үш сатыдан өтеді:

  • бірінші сатыда ақшалай нысаннан өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады;

  • екінші сатыда тікелей өндіріс процесі жүзеге асырылып‚ тауар жасалады;

  • үшінші сатысында тауар сатылады (ол аяқталған бойда капитал қайтадан ақша нысанына ие болады).

Бірінші және үшінші сатылары айналыс саласына жатады‚ екінші сатысы өндіріс саласына жатады. Әрбір сатыда – капитал белгілі бір функциялық нысанға ие болады: бірінші сатыда ақшалай нысанға‚ екінші сатыда – өндірістік нысанға‚ үшінші сатыда – тауар нысанына ие болады.
Қозғалыс үздіксіз болуы үшін оның белгілі бір бөліктері бір мезгілде үш нысанның бірінде болуға және үш сатыдан өтуге тиіс. Бір мезгілде үш функциялық нысанда болатын және өзінің ауыспалы айналымында үш сатыдан дәйектілікпен өтетін капитал өндірістік капитал деп аталды. Үздіксіз жаңартылып отыратын процесс ретінде қаралатын өнеркәсіптік Капиталдың ауыспалы айналымы оның айналымын құрайды.
Капиталдың ауыспалы айналымының жылдамдығы көптеген факторларға байланысты. Олардың ішіндегі елеулілері: өндіргіш капиталдың негізгі капитал мен айналым капиталына қаншалықты ара қатынаста бөлінетіні. Айналым капиталы айналымының жылдамдығы негізгі капитал айналымының жылдамдығынан жоғары. Сондықтан бүкіл Капиталдың ауыспалы айналымының уақыты неғұрлым аз болса және айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса‚ айналым капиталының авансыланған капиталдағы үлесі солғұрлым жоғары болмақ.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1.“Жер” факторына жатады:
А)барлық табиғи ресурстар
Б)жердің өсуі және пайдалы қазбалар
С)тек шабындық жерлер, астық әкелетін
Д)игілік жасалынатын табиғи заттар
Е)жерден алынатын барлық игіліктер
2.Өндіріс дегеніміз:
А)жұмыс күші және еңбек құралдары қолданылатын еңбек процесі
Б)игіліктер мен қызметтерді өндіру үшін адам баласының қоғам мен қарым-қатынасқа түсуі
С)игіліктер мен қызметтер өндіру арқылы қажеттіліктерді қанағаттандыру процесі
Д)материалды игіліктерді өндіру мақсатында адамның табиғатпен өзара әрекеттесу процесі
Е)қоғам дамуы үшін табиғи игіліктерді пайдалану процесі
3.Өндірісті экономикалық ұйымдастыруды таңдауға негізделген себебі:
А)әртүрлі қажеттіліктерге ие қоғам
Б)максималды өнім көлемін шығару қажет
С)мұны өндіріс қатысушыларының мінез-құлқы талап етеді
Д)өндіріс ресурстары шектеулі
Е)адамдардың қажеттіліктері өсе береді
4.«Не өндіру керек» мәселесі тумайды, егер:
А)ресустардың ұсынысының шектеулігі соншалықты, оларды тек тұтыну заттарын өндіруде пайдалану керек
Б)өндіріс факторларының тиімділігінің кему заңы қызметін атқаруын бастау үшін экономика белгілі дәрежедегі сатыға жеткен жоқ
С)қымбат бағалы заттарды өндіру үшін, ресурстардың ұсынысы жеткілікті
Д)тек нақты бір тауарды өндіру үшін пайдаланатын әр өндірістік ресурс ерекше болып табылады
Е)қоғамның қажеттіліктері шексіз және ресурстар шектеулі
5.Өндірістік функция төмендегіні сипаттайды:
А)капитал өнімділігін
Б)еңбек өнімділігін
С)өндірістік шығындардың қисығын
Д)өндірістік техникалық тиімді тәсілдерінің көпшілігін
Е)бір ресурсты басқа ресурспен ауыстырады

1

3 апта
№ 3
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет