Реферат нұр-Сұлтан, 2020ж Оқу мотивациясы



Дата26.03.2020
өлшемі27,24 Kb.
#60846
түріРеферат
Байланысты:
Оқу мотивациясы

“Тұран-Астана” университеті

Бизнес және ақпараттық технологиялар факультеті

Педагогика және психология кафедрасы

РЕФЕРАТ



Нұр-Сұлтан, 2020ж

Оқу мотивациясы

Мотивация психология ғылымында жеке тұлғаның дамуындағы мінез-құлқы мен іс-әрекеті, әрекеттегі белсенділігін реттейтін  фак-  тор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлға іс-әрекеттің қай түрі болмасын, оның мотивациялық ерекшеліктерін ескермей, әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек.  Қазіргі  кез-  дегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әртүрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып  табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты сипаттаса [1], ал басқалары (А.К. Маркова,  В.И. Ковалев) жеке тұлғаның қылықтары мен ісәрекетті таңдау себептерін түсіндіреді . Сонымен қатар, мотивация қызметі адамды қандай да бір күшке итермелеуші, қозғалмалы күштердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Бұл күштер адамның ішкі және сыртқы жағында орналасады және оны саналы немесе саналы еемес кейбір іс-әрекеттерге итермелейді. Осыған байланысты іс-әрекет түрткісі мен адамның реакциясы өмірлік тәжірибеге, тәрбиеге, эмоциялық күйіне байланысты адамдар бірдей әрекетке әртүрлі қабылдауы мүмкін. Сондықтан мотвацияның нақты  анықтамасын  беру  керек:   «Мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі»

Оқу мотивациясының қызметтілігін анализдеуде міндетті түрде басымырақ қозғаушысын анықтай келе, мотивациялық сферадағы адамның барлық құрылымын ескеру керек. Оқу қызметі әртүрлі қайнар көздеріне ие болуына қарай полимотивтік болып табылады. М.В. Матюхина оқу мотивациясының қайнар көзін үш мотивке тәуелді деп көрсетті:



  • Ішкі – танымдық және әлеуметтік қажеттіліктер (әлеуметтік іс-әрекеттерге және жетістіктерге жету ұмтылысы);

  • Сыртқы – қатысушының өмірлік жағдайымен анықталады; оған талап, нәтижелілік, мүмкіншіліктер кіреді;

  • Жекешелік – қызығушылықтар, қажеттіліктер, нұсқаулар, өлшемдер және стереотиптер, сонымен қатар өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылу, басқа қызмет түрлерінде өзін-өзі тануы.

Оқу мотивациясында ішкі, сыртқы және жекешелік көздерінің әрекеттесуі оқыту қызметі мен оның нәтижесіне ықпал етеді. Бір қайнар көзінің болмауы оқу мотивіне немесе оның өзгеруіне алып келеді.

Мотивацияның атқару тәртібі келесідей психикалық процестерден тұрады: түрткіні қабылдау, оның эмоционалдық бағасының мағынасы, мәнін түсіну және түрткі бағасы, түрткіге көз жеткізу. Мотивтің мазмұны мо-  тив түріне тәуелді. Ішкі мотив мазмұны оқып жатқан материалдың дүниетанымдылығы, сол объектіні практикалық қызметте тану болып табылады. Осы білімді игеру сана-сезімнің туындауын   көрсетеді.   Сөйтіп,   мотив  мазмұны - оның әділетті негізі. Субъектілік мотив негізі – тұлғаның дара ерекшелігіне байланысты оқу   материалының   маңызы.  Субъектілік мағынаның қалыптасуы оның объектілік мағынасы субъектілік жүйе құндылығын салыстыруда және эмоционалдық күйзелістерінің нақтылылығында, адамилылығында.



Мазмұн ұғымы мен мотив бағасы – бұл білім алушы жұмысының ішкі ойы, ол білім мен басқа бір жұмысты тандауда осы білімнен алынған нәтижеге ақы төлеу болып табылады (уақыт, күш).

Мотивке көз жеткізуде нақты және бекітуші күш бар, ол көбінесе оқу процесінде – білімбіліктілікті өңдеуде, анықтауда көрінеді.Жоғарғы қарастырылған  белсенділіктің  негізінде В.А. Гордашников және А.Я. Осин келесідей мотив топтарын көрсетті:

  • коммуникативтік мотив (қарым-қатынас қажеттілігіне байланысты);

  • сәтсіздікке ұшырамау мотиві (қызметті орындау кезінде болуы мүмкін сәтсіздіктерге, ұнамсыздықтарға, жайсыздыққа, жазалауға байланысты);

  • мотив мәртебесі – (жоғарғы әлеуметтік статусқа ие болуна немесе оған қол жеткізуіне байланысты);

  • кәсіби мотив (өзі білім алып жатқан мамандығының кәсіби жетекшісі болуына байланысты);

  • өзін-өзі қалыптастырудағы шығармашылықмотив(берілгентапсырмағашығармашылықпен қарауда өз бойындағы қасиеттерімен және өзін-өзі қалыптастыруымен байланысты);

  • оқу – танымдық мотив (оқу қызметінің мазмұны мен және оның орындалуымен байланысты; жаңа білім беруде суденттерге бағытбағдар беру; білімге терең қызығушылық таныту; сонымен қатар студенттердің білімді игеруі үшін арнайы тәсілдерді қолдануда мынандай мотивтер кіреді: қызықтырған білімді өз еркімен игеру, студенттерді өздігінен білім алуға итермелеу, өздігінен білім алуға бағыттылығы);

  • әлеуметтік мотив (студенттердің қоғамның әртүрлі өкілдермен қарым-қатынас жасауы; басқа адамдармен қарым-қатынас жасай отырып қоғамда өз орнын табу және қоғамның беделді мүшесі болуы);

  • Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті көрсетеді, яғни педагогикалық процесс - бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.

  • Фактордың жоғары қабілетінің жеткіліксіздігін компенсациялауда жоғары белсенді мотивация үлкен рөл атқарады; бірақ кері байланыста осы фактор іске аспаса – ешқандай қабілеттіліктің деңгейі оқу мотиві мен оның төменгі көрсеткішін компенсациялауда, оқу үрдісінде нәтиже бермейді.

  • Студенттердің оңды белсенді мотивациясын қалыптастыру үшін, міндетті түрде олардың  оқу мотив қозғалысын бақылау керек. Ол үшін міндетті түрде оқу процесінде студенттердің өз ойын, доминантты мотивін қалыптастыру керек.  Сондықтан  да,  мотивация  туралы мәселе студенттің оқу-танымдық жұмысының сапасының мәселесі.

  • «Оқытушы – оқушы» жүйесі арасында студент тек басқаратын нысан ғана емес, қызмет субъектісі екендігін ескеру керек, жоғары оқу орнындағы оқу жұмыстарына талдау жасауда біржақтылық болуы  мүмкін емес,  оқу үрдісінің «технологиясына» назар аудара,  мотиваци-  яны да есепке алуымыз қажет. Әлеуметтікпсихологиялық зерттеу көрсеткендей, оқу жұмысындағы мотивация біржақты емес, ол студенттің жеке ойлау қабілетіне, топтың сипатына, студенттік топтың даму деңгейіне, нақты жағдайларға және т.б. байланысты. Бір жағынан, адамның тәртібінің мотивациясы, психологиялық құбылыс ретінде қарастырылып, әрқашанда көзқарас бейнелері, бағыт құндылығы, әлеуметтік қабаттардың орналасуы (топтың, жалпы) бәрінің өкілі жеке тұлға болып табылады.

  • Оқу жұмыстарындағы мотивацияны қарастырғанда, «мотив» сөзі «мақсат» және «қажеттілік» сөзімен тығыз байланысты. Адамның жеке тұлғасында олар бір-бірімен тығыз байланысты және «мотивациялық сала» атауын алды. Әдебиеттерде   «мотивациялық   сала»   термині мыналарды білдіреді: қажеттілік, қызығушылық, мақсат, міндет, жақындық, нақтылық. П.М. Якобсон айтуынша: «Кең мағынада тәртіп мотивациясысөзініңастарында– психологиялық сәттердің тұтастығы, олар адамның жүрістұрысымен анықталады».

  • Мотивация тұлға қалыптасуының барлық негізгі құрылымын анықтайды: бағыттылық, мінез, эмоция, қабілет, қызмет, психологиялық үрдіс. Ол тек бір қызметпен ғана тоқтап тұрмайды, басқа да жеке қырлармен тығыз байланысты. Сондықтан да, мотивацияны білу тек психологиялық аспект негізіндегі аясымен ғана шектелмейді, әлеуметтік және философиялық тараптарды да қамтиды. Философиялық аспект жеке қабілетті реттейтін, «механизмдер» құралы болып анықталады. Философиялық және әлеуметтік талдау аспектісі бір-бірімен ажырамастай байланысты. Ол әлеуметтік қатынас үрдісінде адамдардың мотив тәртібімен түсіндіріледі. Бұл қарымқатынас әлеуметтік қатынас деңгейімен ғана емес, қызметтің нәтижесімен анықталады. Философия және әлеуметтік аспект негізінде талдау әлеуметтік – психологиялық аспект мәселелерін бөлу мүмкіндігін көрсетеді. Ол психологиялық және мотивация негіздерін жеке ашуды көздейді. Философиялық талдау аспектісі методологиялық талдау болып әлеуметтік-психологиялық мәселерін оның қызығушылықтарын, қажеттілігін және қоғамдық талаптарын жекелей білуге үйретеді. Мотивацияның жеке және толық, нақты қырлары А.Н. Леонтьевтің еңбегінде толық ашылды.

  • Мотив нақты әрекеттің себеп психикасының қажеттілікті   қанағаттандыру   құралы   немесе тікелей бағыты. Әртүрлі және нақты адами қажеттілік бар, осы қажеттіліктерді қанағаттандырып, мақсаттарына қол жеткізеді. Осы мәселені талдаған зерттеуші С.  Кэррол  және  Г. Тоси былай деген: «Адамның қажеттілік құрылымы оның әлеуметтік құрылым орнына және бұрынғы алған тәжірибесімен анықталады. Адамдардың арасында олардың өздеріне маңызды әртүрлі қажеттілік бар.

  • Қажеттілікті әртүрлі жолдар мен тәсілдермен алу тағы бар... Нақты жолмен,  адам  өзінің  өмір тәжірибесінен алған нақты қажеттілікті қанағаттандыруы мүмкін» А.Н. Леонтьев былай деген: «Қажеттіліктің болуы кез келген қызметте қажетті құрал, алайда, қажеттілік өздігінен нақты бағыт қызметін беруге қауқарлы емес. Жұмыс бағытының жеке қозғаушысы, осы қажеттілікке жауапты құрал болып табылады».

  • Қажеттілік құралы материалды немесе ерекше, сезіммен қабылдаймыз немесе ойлаймыз, біз ой жоспарын мотивтік жұмыстар деп атаймыз». А.Н. Леонтьевтің концепция негізінде біздің көзқарасымыз, мотив және ойлау арасындағы қатынас жатады. Адамның кез келген әрекеті бағыт-бағдар болып  табылады,  қарым-  қатынас жеке және әрекет, мотив және мақсат арасындағы қатынастан пайда болады. Осыған байланысты, бір әрекет жекелей әрекетке байланысты әртүрлі мотивация құралады.

Жоғарыда айтылғандай, мотив жүйесі адамның әрекетіне тығыз байланыста. Сондықтанда, үш негізгі топқа бөлінеді: ұжымдық, жеке, іскерлік. Оқу әрекеті мотиві жалпы классификацияға бағынады. Оны зерттегендер, Л.И. Божович, Н.Г. Морозова., Л.С. Славина, Н.Ф. Талызина, И.А. Зимняя мотив құрылымы бойынша келесідегідей бөлінеді:

  • кең әлеуметтік мотив (жалпы әлеуметті) құрылымы қоғамдық қажеттілікті, қызығушылықты, әлеуметтік маңызды жоғары оқу орынды тану;

  • ғылыми-танымдық мотив, оқу әрекетімен байланысты, студенттер оқитын оқу үрдісінің өзіне қатысты;

  • кәсіби мотив: жоғары білім беру негізгі кәсіби білім беру болып қарастырылады;

  • пайдалы мотив.

Осы мотив тобының негізі жоғары оқу орынды бітіргеннен кейін жеке қолайлықты қалыптастырады;

5) әлеуметтікидентификация– оқуәрекетінде достарына, ата-аналарына жеке тәртібіне әсер ету. Осы талдаулармен бірге ғылыми көзқарас студенттің мотивация мәселесін зерттеуді атап өтеді.

Кейбір авторлар оқу әрекетінде мотивтің жетістігі анықталады, басқалар ғылымитанымдық және т.б. Студенттік кезде жеке мотивация құрылымында бірнеше өзгерістер болады – мотивация аясы тереңдейді: нақты оқудың мотиві төменнен жоғарылау орын алады. Оқу әрекетінде мотив жүйесі құрылымы және оның нәтижесі арасында  байланыс  пайда болады, яғни, академиялық үлгерім. Студенттің үлгерімі жоғары болған сайын,  ол үшін, ғылыми-танымдық және кәсіби мотив соншалықты маңызды болып табылады. Жалпы мәдени (әмбебап) және кәсіби құзіреттілік, жеке қырларына қарамастан студенттің жоғары оқуда алған білім-өнегесі. Бір қырынан алғанда студенттің қалай дамуы, жоғары оқу орынның қойған талаптарының әсері, екінші жағынан оның болашақ кәсіби мамандығына дайындалу үрдісіндегі ой-танымынан көрініс табады.

Р.А. Гендорсон былай деген: «Адамдармен жұмыс жасайтындардың барлығы біледі, нақты адамды мотивация әрекет түрінде және жағдайлар  саны  тәжірибеде  шектеусіз...». Бұл үшін мұғалім студенттің оқу үрдісінде психикалық жағдайы, оқуға мотивациясы әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелігі және т.б. туралы білімі керек. Осы жұмыстарға байланысты Ю.А. Самаринның «Студенттің жас ерекшелік психологиясы және маман болуы» еңбегінде жоғары оқу орнында оқу-тәрбие үрдісі барысында ескеріп, жастардың кезең ерекшеліктерін ашады. «Жастардың екінші кезеңінде бірінші кезеңнің алдыға дамуы бар, бұнда адамның тұлға болып қалыптасуына әсер ететін ерекше заңдылықтар бар» Жастардың екінші кезеңінен байқауға болады – олар ересек немесе есейгендіктері.  Бұның  барлығы  осы жас кезеңінде ерекшеліктері бүгінгі күні өте маңызды әлеуметтік, психологиялық және педогогикалық мәселелердің ерекшеліктері туралы айтуға болады. Егерде жоғары сыныптар мен студенттер арасындағы ерекшеліктерді қоятын болсақ, бұған қысқа жауап беруге болады: өмірлік тәжірибе. Бұл ойды келесідей түсіндіруге де болады: алдыңғы деңгейде осы мәселе теориялық болған, ал, осы кезеңде тәжірибелік болып саналды».

Егер жастардың екінші кезеңін сипаттайтын болсақ, ол біріншіден, кәсіби білім алу кезінде қызығушылығында өзгерістер  бола-  ды. Бұнда теориялық қызығушылығы алған білімін тәжірибеде қолдану кездеседі. Кейде, теория мен тәжірибенің қатар кездесуі таңдаған мамандыққа деген көңілі толмаушылық орын алып оқу орынан кетуге әкеледі; екіншіден, студентте эмоциялық, коммуникативті, тұрмыстық және басқа да жаңа тәжірибе түрі пайда болады, бұл дидактикалық емес, тәжірибелік сипатта. Адами қарым-қатынас мысалы, махаббат, ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас теориялық жоспардан тәжірибелік жоспарға ауысады; үшіншіден, осы уақытқа дейін ешқандай күдік туғызбаған барлығына сыни пайымдау пайда болады; төртіншіден, жеке қабілетін қалыптастыру жалғасады – оның жеке мінезін сипаттайтын сыртқы келбеті, жас адамның болашақ өмірге, жұмысқа тұруына, кәсіби және дәрежелі өзін нақтылауы және тағы басқалары болып табылады.

Өмірлік өзін-өзі нақтылау – өз өмір жолында армандар, мазалайтын ойлар, адамдардың әрекеті және бағалауы, оны жүзеге асыруда бірінші қадам және маңызды шешім қабылдау. К.Д. Ушинский осы кезең туралы былай деп жазған: «Адам өмірінде 16 жастан 22-23 жасқа дейінгі аралық маңызды орын алады деп ойлаймыз. Бұл уақытта білім алу кезеңі аяқталады, барлығы болмаса  да  бір  бөлігі  топтасады,  осы кез адамның ойына және оның мінезінде бағытталған шешуші кезең». Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін мотивациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез келген басқа үрдіс сияқты оқу мотивациясы да осы әрекетке тән өзгеше факторлар қатарымен анықталады. Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс-әрекеті жүзеге асатын білім беру мекемесімен; екіншіден, білім беру үрдісін ұйымдастырумен; үшіншіден, студенттің субъектілік ерекшеліктерімен; төртіншіден, педагогтың субъектілік ерекшеліктерімен, ең алдымен оның студентке, ісіне деген қатынастар жүйесімен; бесіншіден, оқу пәнінің өзгешелігімен анықталады.

«Оқу мотивациясы үнемі  өзгеріп  отыра-  тын және бір-бірімен жаңа қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға  деген жағымды қатынастың өсуі немесе теріс қатынастың тереңдеуі емес, ал оның артында тұрған мотивациялық аясы құрылымының, оған енетін түрткілердің күрделенуі, олардың арасында жаңа, неғұрлым кемелденген, кейде қарамақайшы қатынастардың пайда болуы». Осыған сәйкес оқу іс-әрекетінің мотивациясын талдауда тек үстем түрткіні анықтап қана қоймай, сонымен қатар адамның мотивациялық аясының бүкіл құрылымын есепке алу да қажетті. Осы оқуға қатысты мотивация аясын қарастыра отырып, А.К. Маркова оның құрылысының бағыныстылығын атап өтеді. Сонымен оған оқуға деген қажеттілік, оқу маңызы, оқу түрткісі, мақсат, эмоциялар, қатынас пен қызығу енеді. Көптеген  зерттеулер тәжірибесінде яғни мақсатты,  мағынаны және мотивацияны қалыптастыруды зерттегенде студенттің тұлғалық дамуы, оның танымдық іс-әрекет даму деңгейімен тікелей байланысты негізгі төрт деңгейдің әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі зерттеліп, әрбіреуіне субъектінің бастапқы іс-әрекет формасы сәйкес келеді.



Оқу іс-әрекеті мотивациясының ішкі қайнар көзі – студент қажеттіліктерінің аймағы. Студент  қажеттіліктерінің   қанағаттануы   немесе рустрацияға ұшырауы оқытушының аудиторияда туғызатын объективті жағдайларға және студенттің жеткен жетістіктеріне, оқытушының мінез-құлқына тәуелді болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет