4) Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы: Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
1. Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
2. Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономикажүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
2.Өндірістің бес тәсілі.Өндіріс - бұл олардың шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Бұл адамдардың шектеусіз қажеттілігі шектеулі ресурстарға — материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстарға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыруға жататын қажеттіліктерді таңдауға итермелейді.
Қоғамдық өндіріс – бұл адамдардың бірлескен қызметі, олар оған материалдық игіліктер үшін қажет процестер өндіріледі, бөлінеді, айырбасталады және тұтынылады.
Қоғамдық–экономикалық формация
Қоғамдық-экономикалық формация (лат. formatio - құрылым, түр) - қоғамның марксистік теориясындағы немесе тарихи материализмдегі негізгі ұғым: «... тарихи дамудың белгілі сатысында тұратын қоғам».
Қоғамдық-экономикалық формация категориясы - адамзат қоғамының тарихи белгілі сатысының тұтас сипаттамасы, қоғам өмірінің өзара табиғи байланыстағы барлық жақтарын қамтиды. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияның тұтастық ретінде дамуының материалдық негізін құрайтын өзінің өндіріс тәсілі, яғни экономикалық базисі және оған сәйкес қондырғысы болады (саясат, кұқық және т.б.).
Қоғамдық-экономикалық формация категориясы адамзат қоғамының дамуының белгілі сатысымен қатар әлеуметтік организмнің тарихи типін - нақты қоғамды да білдіреді, оның ең маңызды терең мәнділік белгілерін бейнелейді. Осыған сәйкес адамзат тарихында бес формация бөлінген - алғашқы қауымдық, құлдық, феодалдық, буржуазиялық (капиталистік) және коммунистік. Олардың әрқайсысының пайда болуы мен дамуының өз ерекше заңдылықтары бар. Сол сияқты әрбір формацияда дүниежүзілік тарихтың бірыңғай процесін бейнелейтін жалпы заңдар да іс-әрекет жасайды. Бір формациядан басқасына ауысу тек әлеуметтік революция арқылы ғана жүзеге асады.
Дегенмен, қоғамдық-экономикалық формация туралы марксизмдегі көзқарас қазіргі заманда сынға да алынғанын ескеру керек. Оған қарсы пікір айтушылар адамзат тарихын өрлеу сызығымен дамитын бес формациямен шектелетін әмбебап, монистік және бір сызықтық түтас жаһандық процесс ретінде қарастыруға болмайтындығына назар аударады.