Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет30/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

1) Натуралды шаруашылық - қоғамның тек өз қажеттіліктері үшін ғана қажетті өнімдердің жиынтығын өндірумен айналысатын тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:
- экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтылығы;
- әмбебап қол еңбегіне негізделген өндірістің орын алуы;
- қоғамдық еңбек бөлінісінің жоқ болуы;
- өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыстардың орын алуы;
- еңбек өнімдерінің айырбасқа түспеуі.
Натуралды шаруашылықтың иемденушілік және ұдайы өндірушілік болып бөлінеді.
Иемденушілік натуралды шаруашылық -терімшілік өнері басым болатын, еңбектің қарапайым құралдарын қолданумен, тұтыну деңгейіне кепілдеменің жоқ болуымен және табиғаттың дайын игіліктерін қолданумен байланысты сипатталатын шаруашылық. Кейіннен, егін шаруашылыгы мен мал шаруашылығының пайда болуымен байланысты натуралды шаруашылықтың иемденушілік түрі ұдайы өндірушілікке айналды.
Ұдайы өндірушілік натуралды шаруашылық - табиғаттың дайын игіліктері адам еңбегімен жасалған бірқатар «экономикалық игіліктермен» толықтырылып отыратын, тұтынудың минималды деңгейіне кепілдік беретін және өндіріс терімшілік пен аң аулаушылықты біртіндеп ығыстыратын шаруашылық. Мұндай шаруашылыққа от жағу, ысқылау, тасты қайрау, аралау, бұрғылау сияқты және басқа да әдістерді қолдану, еңбек құралдарының жаңа, аса күрделі түрлері тән болды. Ұдайы өндірушілік шаруашылық адамның табиғат күшіне деген тәуелділігін төмендетіп, материалдық игіліктердің үнемі жаңарып отыруына жағдай жасады.
2) Тауарлы шаруашылық- өнімдердің жеке тұтыну үшін емес, олардың айырбастау және сату үшін өндірілуін сипаттайтын шаруашылықтың дамыған түрі. Тауарлы шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері:
- экономикалық қатынастар жүйесінің ашықтылығы;
- қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы;
- тауарлар айырбасының орын алуы;
- еңбектің мамандандырылуы;
- өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыстардың орын алуы;
- еңбек өнімдері нарыққа сату немесе айырбас үшін түседі және содан кейін тұтынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет