Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қоғамдық еңбек бөлінісі үш кезеңнен тұрады



бет33/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Қоғамдық еңбек бөлінісі үш кезеңнен тұрады:
1) мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасында ұдайы айырбастың пайда болуына жағдай жасады.
2) қол өнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды.
3) сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
Тауар сату және сатып алу үшін өндірістен өнім тауардың екі түрі бар: тұтыну құны және айырбас.
Тұтыну - адамның, қоғамның қандай да болмасын бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.


4. Тауар айырбасы. Еңбек құн теориясы тауардың қасиеттері туралы. Құн заңы.
Тауар ерекше экономикалық игілік ретінде кез келген экономикалық жүйенің жасаушысы болып табылады. Адам еңбегінің нәтижесіболып табылатын өнім тауарға айнала алады. Себебі ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналады, айырбасқа және сату - сатып алуға бағытталады.
Айырбас - тауардың белгілі пропорцияда басқа тауармен айырбасталу қасиеті.
Тауар - бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің нәтижесі. Тауардың 2 қасиеті бар:

  1. Тұтыну құны, тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола алады.

  2. Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа айырбастала алуы.

Тұтыну құны – заттың (тауардың, бұйымның, өнімнің, т.б.) пайдалылығы, оның адамның қандайда болсын қажетін қанағаттандыра алатындығы. Тауар сапасы көрсеткіштерінің тұтынушы (сатып алушы) талаптарына сай келу сипаттамасын тауардың тұтынушылық құны деп атайды.
Айырбас құны – бұл тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
Тауардың осындай екі қасиетінің болуы оның табиғатының екі жақтылығын көрсетеді. Ол сол тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығынан туындайды. Демек, кез келген тауар өндірушінің еңбегі екі жақты сипатқа ие болады: бірінші жағынан, бұл белгілі бір тұтыну құнын жасайтын пайдалы еңбек, ал екінші жағынан, бұл адамның жұмыс күші шығындары, оның нақты түріне тәуелсіз жалпы еңбегі.
Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады.
Осыған сәйкес, тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді. Егер еңбек өрекеттерінің қаркындылығын тұрақты деп болжамдасақ, онда тауар өндіруге жұмсалған қажетті еңбектің мөлшері өскен сайын, оның құны арта түседі. Өнімдердің тұтыну құны оларды бір-бірінен алшақтатса, құн оларды біріктіреді.
Еңбек құны теориясы және шекті пайдалылық теориясы негізгі құн теориялары болып табылады.
Тауардың тұтыну құнын өндіруге қажет операциялардың жиынтығы нақты еңбек деп аталады. Сонымен қатар еңбектің екінші жағын жұмысшы күшінің физиологиялық мағынада жұмсалуы құрайды. Жұмысшы күшін жұмсау бағытынан келсек, өндірушілер арасында тек жұмсалған еңбектің саны жағынан ғана айырмашылық болады: біреу көбірек, біреу азырақ еңбек жұмсайды. Еңбектің физиологиялық шығындарын экономикалық есепке алып және осы еңбектің физиологиялық шығындарын салыстыру, абстракты еңбек деген түсінікті құрайды. Сонымен, тек еңбектін өнімі ғана емес, еңбектің өзі екі жакты процесс: нақты және абстрактылы еңбек процесі болып табылады. Нақты еңбек тауардың тұтыну құнын, ал абстрактылы еңбек - құнын құрайды.
Нақты еңбектің нәтижесі өнім, ал осы өнімнің қажеттіліктерді қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет