4.Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері. Өтпелі экономика -экономикалық өзгеру үдерісінде тұрған, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір күйінен өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасы. Өтпелі кезең экономикасының біршама тұрақты күйдегі және өзіне тән индикаттары, өзіндік негізде дамушы экономикадан өзгешелейтін бірқатар арнаулы сипаттамалары бар.Өтпелі кезең экономикасының толғағы жеткен кезеңде ескі индикаттарды және байланыстар мен қатынастарды ығыстыратын жаңа индикаттар, байланыстар мен қатынастар пайда болады. Нәтижесінде жаңа макроэкономикалық және микроэкономиялық заңдылықтар мен үрдістер, әлеуметтік және саяси өзгерістер қалыптасып, экономикалық саясаттың жаңа міндеттері туындайды.
Ол экономикалық транформация мәселелерін, әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір күйінен екіншісіне өту үдерісінде тұрған елдің немесе елдердің экономикасын зерттейді. 20 ғасырдың аяғы – 21 ғасырдың басында тарихи себептерге байланысты социологиялық жүйедегі елдердің нарықтық экономикаға өту мәселелерін транзитолог-ғалымдар саяси, әлеуметтік-мәдени, т.б. аспектілермен тығыз байланыста қарастырды. Шындығында, Өтпелі кезең экономикасы ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың басында пайда болды, алайда ол әуелі маркстік әдебиетте көрініс тауып, онда экономикалық құрылыстан екінші құрылысқа ауысу мүмкіндігі және оның болмай қоймайтындығы туралы мәселе алғаш рет қозғалды. Кеңестік кезеңде шыққан еңбектердің көбінде тоталитарлық қоғамға тән тұрпайылықтың, қасаң қағидалықтың табы табиғи түрде байқалды. 20 ғасырдың аяғында экономикалық және саяси өмірдің тоталдық мемлекеттенген жүйеден нарықтық демократия негіздеріне өту мәселелері пайда болды.
Социологиялық жүйе 1989-91 жылдары күйреді. Алайда алдағы уақытта кеңестік жүйенің күйрейтін мәселесі талқылана қойған жоқ. Қазіргі түрдегі транзитологияның қалыптасуында елдің өз ішіндегі бірқатар әдебиетте 60 – 70-жылдар бойына нарықтық қатынастардың қолданылуы аясын кеңейту жолымен шаруашылық жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелерінің (“Нарықтық социализм”, “Шаруашылық тетікті жетілдіру теориясы”) қозғала бастауы белгілі дәрежеде дайындық рөлін атқарды. Коммунизмнің күйреуіне байланысты көкейтесті мәселелерге айналған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, ырықтандыру және макроэкономикалық тұрақтандыру мәселелері. Жүйенің дағдарысы көп елдерде қаржы-бюджет дағдарысымен тұспа-тұс келді және нарықтық баға белгіленіміне көшу міндеттері шын мәнінде инфляцияны тоқтату мәселесінің екінші жағы болып шықты. Екіншіден, индикаттық мәселелер, яғни “жалпы халықтық” монополизмнің қираған күресінде жеке меншік қатынастардың дамыған жүйесін қалыптастыру керек болады. Үшіншіден, экономикалық өрлеу мүмкіндігі мен келешегі дербес мәселе күйінде қалды. Транзитология мәселелерінің осы аталмыш топтары бойынша кейінгі жылдары теориялық талдау және экономикалық-математика үлгі жасау аясында да, тәжірибелік байқаулар жүргізу және практикалық тәжірибені қорытындылау аясында да елеулі ғылыми жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл жетістіктер Өтпелі кезең экономикасы жөніндегі ұсыныстарды үкіметтер мен халық баламалы түрде қабылдаған елдерде көбінесе экономикалық саясаттың және бұрынғы коммунистік трансформацияның қалыптасуына септігін тигізді.