Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады: Шаруашылық құрылымы - бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік (ұйымдық) құрылым - лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.
Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әр түрлі сипатқа ие болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б.
Қазіргі заманғы әлем әрқасысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қандай да бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист өзінше түсінетін болғандықтан, олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес.
Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экономикалық жүйелерді классификациялаудың кейбіреулерін қарастыралық. 1) Формациялық көзқарас - Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды.
Алғашқы (архаистік) құрылыс - алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген "шығыстық қауым".
Екінші ірі формацияны Маркс екінші реттік, яғни жеке меншікке (құлдық, басыбайлылық, капитализм) негізделген деп атады.
Үшіншісі - жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Маркстің пікірі бойынша, коммунизм дәуірі "оңшыл гуманизм" дәуіріне дейін өсуі керек деп тұжырымдайды.
2)Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын бір-тұтас планетарлық тарих ретінде зерттеуді ұсынады. "Өркениет" сөзі латынның «цивилис» азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық).
Бұл көзқарас адамзат тарихының негізгі мәселелерінің өзара байланысы мен тәуелділігін күшейту және жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық, ұлттық құндылықтар алдында басымдылығын ұғыну мақсатында қалыптасты.
3)Қоғамның индустриалдық даму деңгейінің критерийлерін қолданатын басқа жік-теуге сәйкес 3 экономикалық жүйелер бөліп қарастырылады: индустриалдық, кейінгі индустриалдық және жаңа индустриалдық. Соңғысының "ақпараттық қоғам" дейтін тағы бір атауы бар.
4)Негізінде өндіріс құралдарына меншік формасы мен шаруашылық қызметінбасқару әдісі сынды екі критерий жатқан тағы бір жіктеулер бар. Бұл екі белгінің негізінде әкімшіл, рыноктық және аралас экономика деп бөліну жүреді.