Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады



бет39/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады. Яғни нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі. Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда оның бағасы жоғары болады, ал оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді, сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылатын өнімдер ғана түседі.
2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады. Яғни нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі. Нарықтың әр бір қатысушысы бір уақытта сатушы да, сатып алушы да болып табылады
3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеуге болады. Баға ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарықта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе, оған баға түседі және керісінше.
4. Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды.
5. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.
Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы;
- қызметтер нарығы;
- тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.
Өндіріс факторының нарығы
- жылжымайтын мүліктер нарығы;
- еңбек құрылымдарының нарығы;
- шикізат пен материалдар нарығы;
- қуат ресурстарының нарығы;
- пайдалы қазбалар нарығы.
Қаржы нарығы
- капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;
- несие нарықтары;
- құнды қағаздар нарығы (акция, облигация т.б.);
- валюта, ақша нарықтары.
Интеллектуалды өнімдер нарығы - инновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет