Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет37/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

5) Әлемдік ақшалар - ақшалар бұл қызметті халықаралық несие айырысу кезінде атқарады. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байланыстың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады.
Ақшаның келесідей түрлері бар:
Металл ақшалар - монеталар. Монетаның отаны Лидия мемлекеті болып есептелінеді. Онда монета ең алғашқы рет шамамен б.э.д.д. 7-ші ғасырда ойып-өрнектелген түрінде шықты. Ал «монета» термині Юнон - Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы болған. Монета дегеніміз - заңмен бекітілген пішіні, түрі, салмағы, сынабы және ремедиумы бар металдан жасалған ақша белгісі. Ремедиум дегеніміз - заңмен рұқсат етілген нақты массаның шынайы массадан ауытқуы. Монетаның бет жағы – аверс, сырты - реверс, кесіндісі - гурт деп аталады.
Қағаз ақшалар. Ең алғашқы рет қағаз ақшалар XII ғасырда Қытайда пайда болған, ал XIII ғасырда Шыңғысхан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған. 1690 жылы Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды.
Несиелік ақшалар. Несиелік ақшалардың пайда болуы қолма - қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың, өзара есептесу мүмкіндігін қарастырады. Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар.

Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель.
Банкнота (ағыл. сөзінде «bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктың айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды. Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы. Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады.

Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет