Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет34/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Құн заңы тауар өндірілетін тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңы іс-әрекетінің мәні мынада: тауарды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан құн заңы тауарлы өнімнің ең мәнді сипатын көрсетеді. Ал тауар-ақша айналысында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға - құн заңының көрінісі.
Еңбек өнімдерінен бастап, қүн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Құн заңы әрекет етуге тек нарықтық бәсеке арқылы көрінеді.
Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Мәселен, ағаш ұстасының нақты еңбегінің нәтижесі - үстел, тігіншінікі –көйлек және т.б болып табылады. Бірақ ағаш ұстасы да,тігінші де нақты еңбек түріне тәуелсіз қаншама энергия жұмсай отырып, ақыл-ой және дене еңбегін шығындайды. Адамның осындай шығындары тұрғысында барлық еңбек бірдей және ол оның нақты түріне тәуелсіз болып табылады. Мұндай еңбекті абстрактілі еңбек деп атайды. Демек, нақты және абстрактілі еңбек –бұл тауарды жасайтын сол бір еңбектің екі жағы.
Нарық жағдайында тауардың құны жеке еңбек шығынымен емес, қоғамдық қажетті еңбек шығынымен және қоғамда қажетті жұмыс күшімен анықталады.
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – өндірістің қалыпты жағдайында және еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығының орташа деңгейінде өнімді дайындауға кететін орташа уақыт. Бұл уақыт нарыққа әкелінген тауар массасымен анықталады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты және тауардың құны еңбек өнімділігінің әсерінен тұрақты түрде өзгеріп отырады.Уақыт бірлігіне шаққандағы өндірілген өнімнің санын еңбек өнімділігі деп атайды.
Еңбек қарқындылығы - уақыт бірлігіне шаққандағы жұмыс күшінің шығындары. Оны еңбек өнімділігінен ажырата білу керек.
Еңбек өнімділігінің артуы кезінде уақыт бірлігіне шаққандағы өнімдер саны артады, ал өнімнің құны төмендейді.Еңбек қарқындылығының артуы кезінде өнімдер саны адамның дене шығындарымен бірге өсіп, нәтижесінде өнімнің құны өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты, тауардың нарықтық құны еңбектің жеке шығынымен және жеке жұмыс уақытымен анықталады. Осыны құн заңы деп атайды.
Құн заңы тауар өндірісі жағдайында өндірісті реттеудің негізі болып табылады. Құн заңы тауардың құн бойынша айырбасталу үдерісіне көрініс табады. Ол тауардың қоғамға қажетті еңбегінің мазмұнымен өлшенеді. Тауарды құн бойынша сату және сатып алу заң ретінде күшіне енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет