Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы. Натуралды шаруашылық



бет31/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

2.Натуралды шаруашылық және оның эволюциясы. Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы, оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни, натуралды дегеніміз - адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз.
Олардың негізгі белгілірі мыналар:

  • өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым,

  • өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан-жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауынан еңбек өнімінің бір бөлігі тауарға айнала бастады. Бұл мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуінен туындап, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірушілердегі артық өнімнің құрылуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде, олардың арасында айырбасты тудыруға жағдай жасап, тауар өндірісінің дамуына түрткі болды. Кейіннен, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі және сауданың оқшаулануы тұрақты айырбасқа, жеке меншіктің пайда болуына жол ашты.
“Натуралды шаруашылық дегеніміз патриархалды отбасы немесе қауымдық шаруашылық көлемімен шектелген, басқа шаруашылықтармен экономикалық байланыстары жоқ тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың мүшелерінің барлық қажеттіліктері тек сол шаруашылықта өндірілген өнімдер арқылы қанағаттандырылды. Өндіріс қолмен қимылға келтірілетін қарапайым еңбек құралдары арқылы жүргізіледі. Шаруашылыктың экономикалық негізі қауымдық меншік болды. Шаруашылық процестері көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге сәйкес тікелей реттеліп отырды.
Натуралды шаруашьшық өте ұзақ уақыт мерзімді қамтыды. Ол алғашқы қауымдық қоғамнан бастап құл иеленуші және феодалдық қоғамдарда шаруашылықтың басым түрі болды. Натуралды шаруашылықтың қалдықтары қазіргі заманда да әлемнің кейбір елдерінде (әсіресе, Азия, Африка елдерінің кейбіреулері мен Тұнық мұхитының аралдық елдерінде) кездестіруге болады.
Басым форма ретінде натуралды шаруашылық тарихтың өлшеп берген жолын өтеп берді. Алайда өндіріс тұтынушы принципі бойынша байланыс (айырбассыз және қоғамдық бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементін қазіргі заманғы қоғамның макро, микро деңгейлерінде көрінеді.
Микродеңгей - натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсеткен бау-бақша жеріндегі жұмыс мысал бола алады.
Макродеңгей - бір ғана елдің шегінде өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады. Автархия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет