Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйенің нарықтық экономика ретінде өзгеруі



бет27/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

5.Әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйенің нарықтық экономика ретінде өзгеруі.

Қоғамдық өндірістің дамуы, экономикалық жүйелердің сыртқы ортамен тұрақты байланысқа ашықтығы, осы жүйенің жаңашыл жағдайлармен толықтырылып жетіле беруіне кемектеседі. Бұл ішкіжүйелік өзгерістердің жүруі арқылы жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде экономиканың жаңарған үлгісі жарыққа келуі мүмкін. Экономикалық, ғылымда «экономикалық үлгі» деген түсінік қолданылады. Бұл нақты ақиқаттың көшірме бейнесі, белгілі бір дәрежеде түпнүсқаға сәйкес келетін танып білудің нәтижесі.


Ресейдегі (кешегі күнге дейін қазақ елі Ресей құрамында болғаны мәлім) өркениеттің Батыс оркениетінен айырмашылығы, осыларда қалыптаскан экономикалық үлгілер аркылы көрінеді. Батыс Еуропада таза капитализм үлгісі қалыптасқан. Ресейде таза капитализм дәуірі болмаған. Жалпыресейлік нарыкты аралас экономиканың ерекше типінің туындысы деуге болады. XX ғасырда осы екі өркениет тоталитарлық тәртіптің үлгісін - әкімшілік-бұйрық типті экономиканы сыйлады.
Енді осы үлгілермен танысайық. Бұл танысуды мына қасиет-термен есептесе жүргізейік: меншіктің басым формалары және түрлері, экономикалық үстемділік пен оны жүзеге асыру әдістері, нарықтың орны, релі және мемлекеттің экономикалық рөлімен есептесш.
Таза капитализмде меншіктің көп тараған формасы - индивидуалдық жеке меншік: әр субъект іс-әрекеттерін өзінің мүддесіне сәйкес жүргізеді; әр экономикалық бірлік өзінің табыстарьш көбейту қызметтерін өз шешімдеріне сәйкес жүргізеді; өнімді сатушы мен сатып алушы өте көп болады. Бұл еркін бәсекелестікгі жандандырады, бірақ әр келісім көлемі үсақ болғандықтан, олар сүраныс пен үсынысқа әсер етпейді, соңдықтан нарықтың ешбір субъектілері экономикалық үстемділік жүргізе алмайды. Сөйтіп, экономикалық үстемдік нарықтың тек өзіне тән элемент болып табылады. Осы жағдай нарыққа реттеуші рөл әпереді және баға дәрежесін белгілеудің езі соның қасиеті болып табылады. Мемлекеттің рөлі өте шектелген болады.
Әкімшілік-бұйрық экономикасы қарама-қарсы приоритеттер орнатады: экономикалық үкімет, үстемдік бір орталықтан жүргізіледі; нарық экономиканы реттеуші болмайды; нарық субъектерінің әрекеттері жалпы мақсатты орындауға бағыттандырылып, жеке адам мүдделері жалпыламалыққа жүгіндіріледі; өндіріс шарттары-на қоғамдық, немесе, жеке меншік болады. Орталықтан жүргізілетін экономикалық үкімет әкімшілік-бүйрық тәсілдері арқылы жүргізіледі, ал иеленуде бөлу қатынастары приоритетке ие болады: иеленуге айналым аркылы жету бағынышты рөл атқарады. Негізгі экономикалық субъект мемлекет болады. Бұл жағдайда экономиканы басқаратын органдар иеленушілердің және өндірістік кәсіпорыңдардың қызметтерін өз қарамағына алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет