Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет23/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Алғашқы қауымдық өндіріс. Алғашқы қауымда еңбек қатынастары құрал-жабдықтарға қоғамдық меншікке негізделді. Шаруашылық ұжымды түрде және қарапайым еңбек құралдарының көмегімен жүргізілді. Ол адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан кезеңінен мемлекеттің пайда болу кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы қауым даму кезеңінің басты мақсаты — қауымның және оның мүшесі болып табылатын әрбір адамның өмір сүруінің негізгі шарты болып табылатын қажетті өнімді өндіру және тұтыну болды. Өндіргіш күштердің нашар дамуы жағдайында бұл мақсатқа жетудің жолы ұжымдық (қауым шеңберіндегі) еңбек еді. Алғашқы қауымдық қоғам өндірістің материалдық жағдайларының теңдігімен, еңбектің жалпыға бірдей міндеттілігімен, қоғам және қауым мүшелері мүдделерінің бірлігімен және негізгі құрал-жабдықтарға қауымдық меншіктің болуымен сипатталады. Қауым барлық ұжым мүддесіне сәйкес оның мүшелерінің өнімді тұтынуын реттеп отырды. Өнімді қауым мүшелері арасында тең бөлу, теңдестіру бұл қоғамда алғашқы қауымдық адамның барынша қиын өмір сүруінің салдары болды. Олардың ешқайсысы жалғыз-жарым жүріп күн көре алмады.
Құлдық қауымдағы өндіріс. Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қауым орнына құлдық қауым пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болыа, ертедегі мәдениет дамыды.
Еңбек өнімділігінің өсуі өндірістің жеке даралануы мен артық өнімнің пайда болуына жол ашты, бір адамның өндірген артық өнімін екінші адамның иеленуіне мүмкіндік берді. Сонымен қабат өсіп отырған өнімділік пен еңбектің қоғамдық бөлінісі айырбас үшін арнаулы өнім шығаруды мүмкін етті, тауар өндірісі тұрақты айырбас пен бөгделеу тәжірибесін жасады.
Жеке меншіктік пен қосымша өнімнің сөзсіз пайда болуы мүліктік дифференцияның салдарынан болды. Рулық тайпалық ақсақалдарда, абыздарда және әсіресе өз жасақтарымен әскери қолбасшыларда байлық жиналып жатты, ал басқа қауым мүшелерінде шамалы артық өнімдер болды немесе олар да мүлде жоқ болды. Басталған мүліктік жіктелуді орасан зор дәрежеде күшейтіп, тездете түскен фактор құлдық болды.
Артық өнімді алуға ұмтылу құлдардың эксплуатациясының жоғарылауына, экономиканың ішкі құрылымын күрделендіруге және қоғамдағы кәсіпкерлік принциптің өсуіне әкелді.
Құлиеленуші өндірісі құлдардың еңбегін қанап пайдалану экономикасының негізін құрады. Байлардың жеке меншігінде құлдар, жер және басқа өндіріс құралдары болатын.. Құлиеленуші мемлекеттердің негізгі мақсаттары – құлдарды, басқа топтарды езгіге салып, олардың еңбектерін пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет