Ресмисіз нарық –заңсыз және тіркелмеген іс-әрекеттермен айқындалатын көлеңкелі экономиканың айырылмас бөлшегі.
Нарықтың екі типін ажыратады: жетілген және жетілмеген бәсекелестік. Әрбір нарық түрінің жеке арнаулы міндетіне қарамастан, олардың барлығы өзара тығыз байланыста ғана болып қоймай, сонымен қатар бірін бірі шарттастырады.
Әрбір тауарөндіруші өзінің өндірісін дамыту мақсатында, өндірістік шикізаттың, капиталдың және жұмысщылардың осыған сәйкес нарықта сатып бере алатындай мөлшерде есептесе алады. Осылардың әрқайсысында, өз алдына көршілес нарықта бар сұраныс және ұсыныс назарға алынады.
Қоғамдағы экономикалық өмір екі сатыда дамиды: Айырбастау кезеңінде басқарушы субьектілерді анықтайтын микроэкономикалық;
Өндірістің жұмысын, оның ішінде нарықтың жағдайын, бүкіл ұлттық шаруашылық көлеміндегі халық экономикасын сипаттайтын макроэкономикалы;
Инфрақұрылым – бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қыщмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастыратын қызмет көрсетеді.
Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар,жәрмеңкелер және т.б. жатады.
Нарықты инфрақұрылымның бөлінуі, олардың арнайы мазмұны нарықтардың қазіргі жағдайларда жұмыс істеулеріне қарай төмендегіше бөлінеді:
Дамыған елдердің тәжірибесінде қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір жылға толмайтын болса, онда бұл ақша нарығы құралы деп саналады.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді құралдар капитал нарығына жатады. Әр қилы елдерде қаржы құралдарын қысқа, орта және ұзақ мерзімдерге бөлу әр түрлі болады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді ұсынудың белгіленген тәжірибені сәйкес қаржы құрылымын былайша көрсетуге болады:
Ақша нарығы. Ақша қаражаты қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады.
Депозит нарығы. Халықтың табысты екі негізі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне тартылады. Ақшалай депозиттерге трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы - пайыздар төлейді.
Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Комерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттарры үшін заңды және жеке тұлғаларға несие береді. Ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.