Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет45/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Валюта нарығында Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валюта жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы - тікелей алғашқы және қайталама нарықтан тұрады.
Еңбек нарығы. Еңбек нарығы дегеніміз - ең алдымен жұмыс күшіне сұраным. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі. Өндіріс факторларының бір бөлігінің нарығы есебінде көрінетін еңбек нарығы. Еңбек нарығы еңбек биржасы есебінде ұйымдастырылған.
Мемлекеттік қаржылар инфрақұрылымының керекті бөлігін құрастырады. Олар өз міндеттерін орталық және жергілікті бюджет арқылы атқарады.
4. Нарықтың түрлері және белгілеріне сәйкес нарықтың түрлерін жіктеу. Нарықтық жүйенің негізгі белгілері мыналар:
- өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
- кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
- экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
- экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
- өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.
Артықшылығы
- өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;
- шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;
- шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;
- әртүрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті.
Кемшіліктері
- нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;
- қоғамда теңсіздікті туғызады;
- тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырмайды;
- нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруға бағытталған.
Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлерге бөлуге болады:
1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:
- игіліктер мен қызметтер нарығы;
- өндіріс құралдарының нарығы;
- ғылыми- техникалық құралдар нарығы;
- құнды қағаздар нарығы;
- жұмыс күші нарығы.
2. Нарықтарды тауарлы топтар бойынша жіктеуге болады.
- өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;
- халық тұтынатын тауарлар нарығы;
- шикізат пен материалдар нарығы.
3. Кеңестік критерийі бойынша мынадай нарықтар болады.
- аймақтар ішіндегі;
- аймақтар аралық;
- республикалық;
- республикааралық;
- халықаралық (әлемдік) нарықтар.
4. Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:
- монополиялық;
- олигополиялық;
- салааралық нарықтар.
5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:
- көтерме сауда нарықтары;
- бөлшек сауда нарықтары;
- ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.
6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
- заңды, ресми нарықтар;
- заңды емес, көлеңкеленген нарықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет