Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет59/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

Амортизациялық қор – негізгі қорлардың жұмыс істеу үшін арналған ерекше ақшалай резерв болып табылады. Ол капиталдық салымдардың қаржылық ресурсы ретінде есептеледі.
Амортизациялық қор негізгі қорладың қарапайым жұмыс істеуіне арналған, ескі негізгі қорларды жаңа құралдармен ауыстыру, әрине, құнына тең болатын құралдармен ауыстырады. Алайда, ғылыми-техникалық прогрестің жылдам өзгеруіне байланысты амортизация негізгі қорлардың жұмыс істеуін кеңейтілген қайнар көзі ретінде қабылданады.
Амортизациямен басқарудың маңызды тетігі – амортизациялық қорды пайдаланудағы бекітілген тәртіпті ұстанумен сипатталады. Қазіргі уақытта кәсіпорындар өз еркімен амортизациялық қорды пайдалалану туралы сұрақтарды шеше алады.
Амортизациялық қорды бейберекет пайдалану кәсіпорынның негізгі қорларының ары қарай жүргізілуіне, жұмыс істеуіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да бұл мәселені шешу барысында, мемлекет өндірісті тұрақтандырып, қаржылық ресурстардың
өсуіне жол беруі абзал.


3. Инвестициялар. Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестициялық қызмет - пайда табу және (немесе) басқа тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін инвестициялау және практикалық әрекеттерді орындау.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Мысалы, Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді (жер, жер қойнауы телімдерін, патенттер, лицензиялар, т.б) сатып алуға жұмсалды.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады.
Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты азайтуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет