бастапқы кезде өндіріс көлемінің ұлғаюымен қатар қарқынды ұлғайып отырады
E
шикізатқа, отынға, қуат көзіне, көлік қызметіне, еңбек ресурстарына жұмсалады
3
Фирманың айқын шығындары – бұл:
A
өндіріс факторларын пайдаланудағы фирманың нақты шығындары
B
компанияның өндіріске шикізат сатып алуға және жалақы төлеуге кеткен шығындары
C
меншікті ресурстарын пайдаланудағы фирманың ішкі шығындары
D
фирманың шығаратын әрбір өнімдер бірлігіне жұмсайтын шығындары
E
несие пайызын төлеуге байланысты шығындар
4
Жалпы шығындар формуласын көрсетіңіз:
A
АТС = АVС + АFС + МС
B
ТС = VС + FС
C
МС = АС / АТС
D
АС = TС + FС
E
ТС = МC + FC
5
Өндірістің айқын емес шығындары – бұл:
A
өндіріс факторларын сатып алуға кететін фирма шығындары
B
фирманың меншікті ресурстарын пайдаланудағы балама шығындары
C
жұмыс күшіне жалақы, сақтандыру жарналары түріндегі фирма
D
төлемдері басқа ұйымдарға көрсеткен қызметтері үшін фирманың төлемдері
E
фирманың электр қуатын пайдаланғаны үшін, жалгерлік төлемдері үшін кететін ішкі шығындар
1
10
апта№ 10
дәріс
10-дәріс. Экономикалық циклдар. Инфляция және жұмыссыздық 1.Экономиканың циклдық дамуы экономикалық динамиканың жалпылама нысаны ретінде. 2.Циклдық ауытқулардың себептері: ішкі және сыртқы. Экономикалық цикл және оның түрлілігі. 3.Инфляция және жұмыссыздық. Инфляцияның себептері, көрсеткіштері мен түрлері. 4. Жұмыссыздық: мәні, себептері мен нысандары. Оукен заңы.
1. Экономиканың циклдық дамуы экономикалық динамиканың жалпылама нысаны ретінде. Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі.
Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей: 1) Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды. 2) Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі. 3) Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді. 4) Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Тоқырау фазасының сипаттамасы: 1) Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады. 2) Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады. 3) Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы: 1) Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді. 2) Инвестициялар өседі. 3) Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі. 4) Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды. 5) Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы: 1) Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады. 2) Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады. 3) Тауарлардың бағасы өседі. 4) Қарыз капиталының ұсынысы өседі. 5) Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар
Экономикалық даму үшін бұл проблемалардың маңыздылығы ерекше болғаны соншалық, XIX және XX ғасырларда жетекші экономистердің бірде бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы мен объективтігін, экономикалық процесттерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіреміз.
Қазіргі кезде статистиктер мен экономистер экономикалық конъюнктураға толық, нақты болжамдар жасай алмайды, тек оның жалпы тенденциясын ғана анықтай алады. Себебі экономикалық тұрақсыздық пен саяси қақтығыстар кезінде барлық әсер етуші факторларды есепке алу, ұлттық экономикаға халықаралық ортаның ықпалын анықтау қиын және де даму тенденциясын анықтағанның өзінде фазалардың жүру мерзімін нақты атап, экономикалық саясатты сол өзгерістерге қарай бағыттау мүмкін емес.