Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал-жабдықтары түріндегі физикалық капитал.
Капитал - бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез келген құндылық.
Капитал- бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қорлар.
Капиталдың бағасын пайыздеп атайды. Ақшалай капиталға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік пайыз пайда болады. Несие пайызы- бұл белгілі бір уақыт аралығында капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төлейтін бағасы.
Экономикалық субъектілер капиталдың белгілі бір тепе-теңдік көлемін белгілі бір тепе-тендік пайыз деңгейінде сатуға және сатып келіседі.
Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:
Атаулы пайыз мөлшерлемесі - инфляция қарқынын есепке алмайтын банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың шамасы.
Нақты пайыз мөлшерлемесі - инфляция қарқынын есепке алатын атаулы пайыз мөлшерлемесінің сатып алушылық қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (і) мен алдағы мүмкін болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты білдіреді:
r = і -π, мұнда, r - нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз мөлшерлемесі 15% болса, онда оның накты деңгейі 5%-ға тең. Жер нарығындағы тепе-теңдікті оны бағасы - жер рентасы анықтайды. Жерге деген сұраныс көлемі рентаның мөлшеріне байланысты. Ал жердің ұсынысы шектеулі және өте икемсіз болғандықтан, Жердің ұсынысына байланысты жердің бағасы өскенде оның көлемін арттыру немесе оның бағасы төмендегенде көлемін қысқарту мүмкін болмайды.
Жер рентасы- бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем. Оның көлемі жерді жалға алу-жалға беру (аренда) келісімінде анықталады. Бұл жерде жер рентасы жал төлемі ретінде қарастырылады.
Жерді қолдану дәрежесіне байланысты оның негізгі екі түрін анықтауға болады: