Дәріс тақырыбы және тезистер



бет13/16
Дата15.06.2023
өлшемі86,1 Kb.
#178818
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
5.Дәрістер

Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Политехникалық және агротехникалық оқу орындарына арналған алғашқы математика оқулығына сипаттама беріңіз.
2.Математикалық статистика бастамаларының алғашқы оқулығына сипаттама беріңіз.
3. З.Қысатайұлының «Есеп құралының» негізгі ерекшеліктері.
4. Т.Шонанұлының «Диағрамдар,грапиктер қандай болады,қалай салынады?» атты кітабының ерекшеліктері.
5. Т.Шонанұлының «Диағрамдар,грапиктер қандай болады,қалай салынады?» атты кітабы кімдерге арналып жазылған?

2

№ 13
дәріс

№13 дәріс. Қазақ жоғары мектебінде математиканы оқыту ісіндегі алғашқы тәжірибелер
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Ә.Ермекұлы және жоғары оқу орнына арналған алғашқы математика оқулығы
2.С.Боқайұлы және оның әдістемелік-математикалық қызметі
3.И.Ақбергенұлы және оның математикалық мұралары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақстанда XX ғасырдың 30-жылдары ана тіліндегі математика оқулықтарын дайындау мәселесі мектеп және орта дәрежелі оқу орындары деңгейінде өзінің жеткілікті дәрежедегі шешімін тапты деуге болады.Осы кезеңде елімізде бірқатар жоғары оқу орындарының ашылуы қазақ жоғары мектебінде математиканы ана тілінде оқыту ісін жедел түрде қолға алып, жоғары математиканың ана тіліндегі оқулығын дайындау қажеттігін тудырды.Бұл мәселені Ә.Ермекұлы жүзеге асырды. Оның «Ұлы математике курсы,1-бөлім» атты оқулығы 1935 жылы «Қазақстан» баспасынан латын графикасымен басылып шықты. Оқулықтың көлемі 160 бет, онда барлығы 84 сызба келтірілген.
Қорыта айтқанда,Ә.Ермекұлының жоғары математикадан, дәлірек айтқанда,аналитикалық геометриядан ана тілімізде жазылған тұңғыш төл оқулық болып табылатын «Ұлы математика курсын» өзінің ғылыми мәнін әлі күнге дейін жоймаған еңбек деп бағалауға болады.Тағы бір атап айтарлық жайт, кітап алғашқыда екі бөлімнен тұрады деп жоспарланған сияқты,өйткені оның сыртында I бөлім деп анық көрсетілген және «Автордан» деп аталған алғысөзде былай деп жазылған: «Ұлы математике курсы» екі бөлімнен құрылады.Бірінші бөлімінде аналитикалық геометриа негіздері қарасты-рылады;екінші бөлімінде дифференсиал мен интеграл негіздері баяндалатын болады».Алайда,оның алғашқыда жоспарланған екінші бөлімі жарық көріп үлгірмеді,өйткені кітап авторы 1938 жылы репрессияға ұшыраған болатын.
«Ұлы математике курсы» қазақ топырағындағы жоғары математика саласындағы тұңғыш оқулық болғандықтан,онда жоғары математика терминдерінің қазақ тіліндегі алғашқы нұсқалары жасалды.Осы орайда Ә.Ермекұлының математикалық ұғымдардың ана тіліндегі дәл,әрі мазмұнды үлгілерін ұсынғанын атап айтуға тиіспіз.Бұл да оның қазақ әдістемелік- математикалық ғылымының қалыптасуына сіңірген ұлан-ғайыр еңбегінің аса бағалы жағы болып табылады.Шынында да мұрағат деректері Ә.Ермекұлының ана тіліндегі математикалық терминдерді жасау ісімен жүйелі түрде айналысқанын дәлелдейді.Ол 1933 жылы ҚазАКСР ХК Кеңесі жанынан құрылған Мемлекеттік терминология комиссиясының және 1934 жылы ҚазПИ-дің ғылыми-зерттеу секторы тарапынан жасақталған терминология комиссиясының математика саласындағы мүшесі ретінде үлкен жұмыстар атқарды.Осы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 1936 жылы «Қазақ тілінің математика терминдері» атты еңбегін жариялады.
Қазақ жоғары мектебінде математиканы ана тілінде оқыту ісіне өлшеусіз үлес қосқан қайраткерлердің бірі-Сәдуақас Боқайұлы.Ол-математика саласы бойынша қазақтан шыққан алғашқы ғылым кандидаттарының және доценттердің бірі,Қазақстандағы жоғары математикалық білім беру ордаларының қара шаңырақтары-Абай атындағы ҚазҰПУ мен әл‑Фараби атындағы ҚазҰУ-інің физика‑математика және механика-математика факультеттерінің негізін қалаушы.
С.Боқайұлы ММУ-ді бітіргеннен кейін 1932 жылдың маусым айынан бастап, ҚазПИ-де оқытушылық қызметі бастады.Ол мұнда оқытушылық қызметтің бір сатысынан екінші сатысына іркілмей,тез көшіп отырған(1932 ж.-ассистент,1933ж.-доцент,1934ж.-кафедра меңгерушісі, физика‑математика факультетінің деканы,1936ж.-профессор м.а.).1934-36 ж.ж. Қазақ Мемлекеттік университетінде де математика кафедрасының меңгерушісі міндетін қоса атқарған және екі университетте де математиканың әралуан салаларынан лекциялар оқыған. С.Боқайұлы меңгеруші болып бекітілген күннен бастап‑ақ оқыту сапасын арттыру бағытында үлкен жұмыстар атқарып,кафедрада айтарлықтай өзгерістер жасады, оның күш‑жігері мен ұйымдастырушылық қабілеті арқасында физика-математика факультетіндегі оқу жұмысы да дұрыс жолға қойыла бастады. Ол Мәскеу университетінде пайдаланылатын оқытудың озық әдістерін меңгеруге және осы әдістерді бейімдеп,ҚазПИ-дің тәжірибесіне енгізуге ден қойды. Осы мақсатпен 1933 жылдың наурыз айында Мәскеуде өткен әдістемелік конференция жұмысына қатысты, ал 1934 жылдың 17 шілдесінде Мәскеу жоғары оқу орындарының тәжірибесімен танысу үшін арнайы іссапарға жіберілді. 1935 жылы 28 жасында кандидаттық диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі мен доцент ғылыми атағын алды.
С.Боқайұлы маман-математик ретінде оқулықтарды рецензиялау ісіне,сондай-ақ оларды орыс тілінен қазақ тіліне аударуға да белсене атсалысты. Біздің ізденістеріміздің нәтижесінде оның Н.А.Шапошников пен Н.К.Вальцовтың «Сборник алгебраических задач» атты оқу құралының 6-7 сынып оқушыларына арналған І бөлімін қазақ тіліне аударғаны анықталды.
Кітаптың ең басты ерекшелігі,онда қамтылған барлық дерлік терминдер қазақша баламалармен берілген.Бұл орайда С.Боқайұлының алгебралық терминдердің сәйкес ұғымның мән-мағынасын қазақ тілінде дәл,ықшам әрі түсінікті етіп аша алатындай баламаларын табуда өзіндік бағыт-бағдар ұстанғаны байқалады.Ол аударма жасау барысында ана тіліміздің байлығын мүмкін болғанша толығымен пайдалануға тырысқан.
С.Боқайұлының ана тіліндегі математикалық терминдерді қалыптастыру саласындағы атқарған қызметі аударма жасаумен ғана шектелмейді.Ол-мемлекеттік терминология комиссиясының арнайы тапсырмасы бойынша қазақ тіліндегі математикалық терминдерді бір жүйеге түсіру бағытында көп жұмыстар атқарған ғалым.С.Боқайұлы 1933 жылы құрылған Мемлекеттік терминология комиссиясының және 1934 жылы ҚазПИ-дің ғылыми-зерттеу секторының терминология комиссиясының құрамында ана тіліндегі математика терминдерін жасау ісіне басшылық жасады.Сөйтіп кафедра меңгерушісі С.Боқайұлының басшылығымен ана тіліндегі математика терминдері алғаш рет бір жүйеге түсіріліп,математика терминдерінің орысша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктері дайындалды.Орысша-қазақша сөздікте барлығы 2224,ал қазақша-орысша сөздікте 1792 термин қамтылды.Бұл сөздіктер Мемлекеттік терминологиялық комиссияның 1934 жылдың 26-қыркүйегіндегі өткен мәжілісінде қабылданып,бекітілді.
XX ғасырдың 30-ыншы жылдарында математика мен оны оқыту әдістемесі ғылымдары саласында өздерінің соны да сындарлы пікірлерімен көрінген Алаштың әдіскер-математиктері арасында И.Ақбергенұлы ерекше орын алады.Ол-математика саласы бойынша қазақтан шыққан алғашқы ғылым кандидаттарының бірі және доцент,Қазақстанда математика ғылымының қалыптасуының бастауында тұрған ғалым-математик.
1935 жылы Л.В.Канторовичтің жетекшілігімен «О приближенном решении линейного интегрального уравнения Фредгольма второго рода и об определении его собственных значений» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығады.1935/36 оқу жылында Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік университетінде қызмет істейді.1936 ж. И.Ақбергенұлына КСРО ОАК-нің Квалификациялық комиссиясы шешімімен физика-математика ғылымдарының кандидаты және доцент ғылыми атағы беріледі. Осы жылы Қазақстан ХАК-ы тарапынан ҚазМУ-дің математика кафедрасының меңгерушілігі қызметіне шақырту алып,сонда ауысып келеді.
1936/37 оқу жылында математика каферасының меңгерушісі бола жүріп, жалпы математикалық курстардан және математиканың арнаулы курстарынан дәрістер оқыды,математикалық пәндер бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру мен оқыту сапасын арттыру бағытында көп жұмыстар атқарды, математика кафедрасының ғылыми әлеуетін көтеруге зор үлес қосты. 1938 ж. 11-қарашасында КСРО Жоғары соты Әскери коллегиясының шешімімен ату жазасына кесілді.
Жалпы алғанда,И.Ақбергенұлы қазіргі күні бізге мынадай төрт еңбегімен белгілі болып отыр:
1)«Об определении погрешности приближенного решения интегрального уравнения Фредгольма по способу Е.Nyström’a» //Труды 2-го математического съезда.-Ленинград,1934;
2)«О приближенном решении линейного интегрального уравнения Фредгольма второго рода и об определении его собственных значений (кандидаттық диссертация,1935);
3)«О приближенном решении интегрального уравнения Фредгольма и об определении его собственных значений» //Математический сборник,том 42,вып.6.-Москва-Ленинград,1935;
4)«О приближенном решении линейного интегрального уравнения Фредгольма второго рода и об определении его собственных значений».-Ташкент,1937.
И.Ақбергенұлы-бар-жоғы 27 жасында атақты кеңес математиктерінің аузына іліккен,математика ғылымы бойынша қазақ ұлтының атын Одақтық деңгейге жарқыратып шығарған ғалым,сондықтан да оның есімі мен еңбектері математика тарихында алтын әріппен жазылуға тиісті тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет