Дәріс тақырыбы және тезистер



бет11/16
Дата15.06.2023
өлшемі86,1 Kb.
#178818
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
5.Дәрістер

Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1.Т.Жомартбайұлының әдістемелік ой-пікірлері.
2. Е.Омарұлының әдістемелік-математикалық ой-пікірлері.
3.Математика терминдерінің алғашқы сөздіктеріне сипаттама беріңіз.
4. С.Қожанұлы ұсынған терминдер сөздігіне сипаттама беріңіз.
5. Қ.Сәтбайұлы ұсынған терминдер сөздігіне сипаттама беріңіз.
6.Қазақ тіліндегі әдістемелік-математикалық терминологияның қалыптасу жолдары

2

№ 11
дәріс

№11 дәріс. Қазақ орта педагогикалық оқу орындарында математиканы оқытуға жасалған алғашқы қадамдар
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Математика әдістемесі орта арнаулы және жоғары оқу орындарындағы оқу пәндері ретінде
2.Ғ.Бегалыұлының «Үлкендерге бастауыш есеп» атты оқулығы
3.Педагогикалық оқу орындарына арналған алғашқы математика оқулығы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
XIX ғасырдың аяғына қарай қазақ даласында мектептер желісінің кеңейе түсуі жаңа типті педагогикалық оқу орындарын ашу мәселесін қажет ете бастады.Осыған байланысты 1883 жылы Орск қаласында Қазақстандағы тұңғыш мұғалімдік мектеп ашылды. Бұл оқу орнында «Арифметиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқыту біршама дұрыс жолға қойылып,Мартыновтың «Методика арифметики» атты оқулығы қолданылды. Сонымен бірге Омбыда(1872),Ташкентте(1879) ашылған мұғалімдік семинариялар да қазақ өлкесі үшін мұғалімдер даярлады.Кейінірек мұғалімдік семинариялар Семейде (1903), Ақтөбеде(1913), Орал мен Верныйда(1913),Ақмолада(1916) ашылды. Олардың төменгі сыныптарында арифметиканың теориялық негіздері оқытылып, арифметиканы оқытудың әдістемесі оқушылар оны тиянақты меңгергеннен кейін ғана, жоғары сыныптарға міндетті оқу пәні ретінде енгізілді.
XX ғасырдың басына қарай педагогикалық кластар деп аталған оқу орындары да көптеп ашылып,кең таралды.
Педагогикалық оқу орындарында арифметика әдістемесі пәні бойынша мына сияқты әр түрлі оқу құралдары мен оқулықтар пайдаланылды: С.И.Шохор-Троцкий.Методика арифметики; А.И.Гольденберг.Методика начальной арифметики; А.И.Гольденберг.Беседы по счислению; Юнг.Как преподавать математику?; Симон.Дидактика и методика; Фридман.Учебник методики арифметики; К.Ф.Лебединцев.Метод обучения математике в старой и новой школе; В.Мрочек,Филиппович. Педагогика математики;т.б.
Қазан төңкерісі қарсаңына қарай педкурстар көптеп ашылып, оларда математика мен оны оқыту әдістемесі пәндерін оқытуға айтарлықтай мән берілді. 1915 жылы Орынборда мұғалімдер институты ашылды,онда арифметика әдістемесін ғылыми негіздегі пән ретінде оқыту қолға алынды.
1920-сыншы жылдары кейбір педагогикалық курстар педагогикалық техникумдарға айналдырыла бастады.Бірақ бұрынғысынша бір,екі және үш айлық курстар да өздерінің жұмыстарын тоқтатқан жоқ.
РСФСР ХАК-ы 1921 жылы педтехникумдардың жаңа оқу жоспарларын бекітті.Мұнда математика әдістемесі пәні жалпы білімдік маңызы бар пән ретінде алдыңғы орынға қойылып,оның заман талаптарына жауап берерліктей жаңа оқу бағдарламасын құрастыру жүзеге асырылды.Қазақстанда қарастырылып отырған кезеңде мұғалімдер даярлау саласына «Халық ағарту институттары» деп аталған педагогикалық оқу орындары зор үлес қосты.Олар толық дәрежедегі жоғары оқу орындары болмағанымен,соған жақындастырылған институттар еді. Оларда математика әдістемесі пәні біршама тиянақты,жүйелі түрде,әрі тереңірек оқытыла бастады.
Халық ағарту институттары 1933 жылы жабылып,олардың кейбіреулері педагогикалық институтқа айналдырылды.Ташкенттегі халық ағарту институты базасында 1926 жылы Қазақ педагогика институты құрылды(оны Казпедвуз деп те атайды). Бұл оқу орны қазақ жастарынан сол кезде жаппай ашылып жатқан 7 жылдық және 9 жылдық мектептерге,сондай-ақ педтехникумдарға оқытушылар даярлаумен айналысты.Институт Қазақстан ХАК-ы қарамағында және оқуы 4 жылдық болды.Оқу қазақ және орыс тілдерінде аралас жүргізілді.Қазына жәрдемімен жатақханада тұрып,оқуды бітіріп шыққандар жолдамамен 4 жыл қызмет етуге міндетті болды. Кітапхана, лабораториялар мен әртүрлі кабинеттер,студенттер практикадан өту және оқу үрдісі барысында практикалық сабақтар жүргізу үшін институт жанында 7 жылдық мектеп жұмыс істеді. Институт құрамында 3 факультет болды.Олар:қоғамдық-шаруашылық,жаратылыстану-география және физика-математика факультеттері.
Қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры Ә.Ермекұлы осы институтта математикадан дәрістер оқыды,сонымен қатар ол физика- математика факультетінің деканы қызметін де қоса атқарды. Оқу орны 1928 жылы Алматыға көшіріліп,Қазақ мемлекеттік университеті болып аталды.Кейінірек оның педагогикалық факультеті Абай атындағы ҚазПИ болып қайта құрылды.
1932 жылы Қызылорда мен Орал педагогикалық институттары ашылды. Мұнымен қатар Оралда,Алматыда,Қарағандыда,кейінірек Ташкент, Петропавл және Қостанай қалаларында жетіжылдық мектептердің оқытушыларын дайындайтын екі жылдық мұғалімдер институттары ашыла бастады.1934 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ашылды.Негізінен алғанда,мұғалім кадрларын дайындаумен айналысқан бұл жоғары оқу орындарында математиканы оқытудың әдістемесі пәнін ана тілінде оқытуды ұйымдастыруға алғашқы қадамдар жасалды.
1930 жылы Ғ.Бегалиевтің «Үлкендерге бастауыш есеп» атты кітабы жарық көрді.Оқу құралы арифметикалық жаттығулардың жинағы сипатында жазылған,онда оқу материалы 397 жаттығуға бөлініп баяндалған.
Оқулықтың мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
1)Ол негізінен алғанда,көп таңбалы сандар арифметикасына арналған.
2)Оқу материалы жаттығуларға бөлшектеліп,олардың жинағы сипатында орналастырылған.
3)Көп таңбалы сандардың нумерациясын оқытып-үйрету мәселесі есепшотты пайдалану арқылы жүзеге асырылған.
4)Есептеу жұмыстарын орындаудың әралуан тәсілдеріне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінген.
5)Бөлшек сандар арифметикасы таныстыру тұрғысынан ғана қарастырылған.
6)Арифметикалық материалмен бірге шамалар мен оларды өлшеу және геометрияның қарапайым элементтері де қамтылған.
7)Оқу құралының терминологиялық аппаратында айтарлықтай ерекшеліктер бар.
Жалпы алғанда,оқу құралының сыртында оның қандай мектептерге арналып жазылғандығы туралы ештеңе айтылмаған.Оның «Үлкендерге бастауыш есеп» деп аталуын және оқу материалының қарастырылу әдістемесінің ерекшеліктерін ескере отырып,ол ең алдымен,сауатсыздықты жою мектептеріне арналып жазылған деп пайымдауға болады.Біздің ойымызша,оны жазуда автор тарапынан орта дәрежелі оқу орындарының оқушыларының және оларға түсушілердің,сондай-ақ өз бетімен математикалық білім алуға тырысқан қазақ азаматтарының мүдделері де көзделген сияқты.
Қазан төңкерісінен кейін педагогикаллық оқу орындарында математиканы және математиканы оқыту әдістемесін арнайы пәндер ретінде ана тілінде оқыту жүзеге асырыла бастады.Сондықтан осы мұқтаждықты өтеу мақсатымен орта арнаулы оқу орындарына арналған алғашқы математика оқулықтарын дайындау қолға алынды.Сондай оқулықтардың ең алғашқысы «Есеп тану құралы» болып табылады(1924),оның авторы- Cұлтанбек Қожанұлы. Оның көлемі 64 бет,«Сөз басы» деп аталатын алғы сөзден және 8 тарауға бөлінген 76 параграфтан тұрады.Соңына қосымша ретінде математика терминдерінің қазақша-орысша сөздігі енгізілген.Кітаптың алғашқы беттерінен-ақ оның мұғалімдер даярлайтын оқу орындарының студенттеріне математикадан,дәлірек айтқанда арифметиканың бастауыш курсынан теориялық және әдістемелік тұрғыда практикалық көмек беру мақсатында дайындалғаны аңғарылады.
Оқу құралының негізгі ерекшеліктері мыналар:
-араб графикасы негізіндегі қазақ қаріптерімен,яғни төте жазумен жазылған;
-тілі анық,дәл,қысқа және сол кездегі мұғалімдердің түсінігіне мейлінше лайықталған,автор математика сияқты қиын да аса күрделі ғылым саласын қазақ қауымына жеңілдетіп жеткізуге тырысқан;
-анықтамалар мен ережелер аз,қазіргі оқулықтардағы сияқты шұбалаңқы әрі бұлдыр дәлелдемелер мүлде дерлік ұшыраспайды,автордың материалды шәкірт бойына табиғи жолмен сіңіруге ұмтылғаны байқалады;
-«интернационалдық» деп аталып жүрген жат аталым-сөздермен шұбарланбай,мүмкіндігінше қазақы аталымдардың алынуына аса үлкен мән берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет