Дәріс тақырыбы және тезистер


Тақырыбы: Тері анализаторы



бет23/23
Дата24.11.2023
өлшемі100,27 Kb.
#193361
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дәріс тезистері Адам анатомиясы 2023 2

Тақырыбы: Тері анализаторы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1. Тері анализаторлары
2. Тері бездері
3. Тері рецепторлары

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Тері жалпы дененің сыртын жауып жатады. Ересек адамдағы көлемі 14-16м дейін жетеді. Онда сезімтал нервтерінің рецепторлары, тері, май бездері, ет тканьдері орналасады. Үлкен ми сыңарларының артқы орталық қатпары жоғарғы сезім орталығы болып саналады.
Тері организмді сыртқы ортамен тікелей байланыстырып тұрғандықтан қорғаныш, сезім, зат алмасу, тер шығару тағы басқа маңызды қызметтер атқарады.
Терінің қорғаныш қасиетіне байланысты түрлі газдарды, ерітінді заттарды, сонымен қатар неше түрлі ауру туғызатын микроорганиздерді денеге өткізбейді. Ол дененің көп жерінде үзілмей органдардың аймақтарында тікелей қабықшаларына жалғасып кетеді. Тері негізінде беткей, меншікті, шел қабаттарынан түзілген.
Терінің беткей қабаты немесе эпидермис ұрықтық даму кезінде сыртқы жапырағынан пайда болады. Оның ең қалың жерлері алақан мен табан бөліктерінде кездессе, жұқа жрелері төменгі және жоғарғы қабақ тұстарында болады.
Терінің меншікті қабаты мезодермадан пайда болып, дәнекер тканімен серпімді талшықтардан түзілген. Серпімді талшықтар әр түрлі бағытта торлар түзеді. Бұл қабатта қан тамырларының торалр мен сезімтал нерв ұштары орналасқан. Бұл торлардың дату жағдайы теріде бірдей емес. Мысалы маңдай, құлақ қалқанында мүлдем болмайды. Ал ,адаманың алақан, саусақ және табан бөліктерінде көбірек кездеседі, сол себептен, бұл жерлер өте нәзік сезімді келеді. Осы меншікті тері қабатындағы торлар эпидермис бетіне белгілі бір бедер сызықтар береді, бұл бедерлер әсіресе саусақ ұштарында жақсы көрінеді.
Жалпы тері асты май қалыңдығы жасқа, жынысқа, зат алмасуына, мамандыққа тағы басқа жағадйларға байланысты келеді.
Тері бездері өздерінің шығаратын затына байланысты май бездері, тер бздері және сүт бездері болып бөлінеді.
Май бездері дененің барлық бөлігінде кздеседі. Олар терінің меншікті қабатында орналысып түтіктері шаш талшықытарының қалтасы мен тері қабаттарына шктеле жатады. Осыған байланысты олардың шығарағн майы шаша талшықтары мен тері бетін майлап жұмсартып тұрады.
Тер бездері терінің терең шел қабатында орналасады. Олар шумақталып келіп, тер шығаратын түтігі арқылы тік көтеріліп тері бетіне ашылады. Тер бездері денеің барлық жерінде кезедседі. Олардың жалпы саны екі миллионға дейін жетеді. Тер бездері алақан мен табанда өте көп кездеседі. Тек еріннің қызыл жиегінде ғана болмайды.
Сүт бездері әйел адамда жақсы дамыған. Олар филогенетикалқы дамуында да тер бездерімен байланысты келсе, ал атқаратын қызметі жағынан жыныс органдарымен тығыз байланысты келеді.
Сүт органы 15-20сүт бөліктерінен түзілген. Сырт жағын қалың май ткані жауып жатады. Әрбір без бөлікшелерінен сүт жолының өзегі басталады. Олар еміздікшеге жақын жерде өзара қосылып кеңістік түзеді, оны сүт қойнауы деп атайды. Сүт қойнауының тесіктері еміздік ұшында ашылады.
Тырнақ терінің сыртқы эпидермис қабатныңы туындысы болып саналады. Оның сыртқы тығыз мүйіздік қабатында тамырлар мен нерв талшықтары болмайды. Тырнақ бетіндегі ақшл түсті бөлігін тырнақ көбесі деп атайды, осы жердегі клеткалардың көбеюі нәтижесінде тырнақ өсіп тұрады.
Шаш саусақтың басында тіректік және қорғаныштық маңызын атқарады.
Шаш талшықтары дененің барлық бөлігінде болады. Тек алақан, табан, ерін пайда болған шаша өте нәзік, жіңішке келеді. Кейіннен олар толығып жуандап бастайды. Оларға жалпы дененің,бастың, қастың, кірпіктің түтіктері де жатады.
Тері рецепторлары дене терісінің барлық жерінде орналасқан. Олар денеге тигенде, қысыды, ыстық-суықты қабылдайды. Бұл жағдайларды механикалық, химиялық, температуралық тітіккендіргіштер терідегі нервтердің ашық ұштары арқылы қабылданады.
Тері рецепторларының саны және атқаратын қызметі әр жерде әр түрлі. Мысалы: бас терісінде 10мм 30рецептордай болса, саусақ ұшында 200-ден асады.
Тері рецепторлары тері анализаторларының шет бөлігі болып саналады. Ал, орталығы болып үлкен ми сыңарларындағы артқы-орталық қатпар есептелінеді. Осы тері рецепторынан басталған өткізгіш жолдары жұлынның артқы бағандары арқылы жүріп отырып нерв импультерін үлкен ми сыңарларындағы сезім орталығынна жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет