Дәріс тақырыбы және тезистер



бет15/23
Дата24.11.2023
өлшемі100,27 Kb.
#193361
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Дәріс тезистері Адам анатомиясы 2023 2

Тақырыбы: Эндокринология.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1. Ішкі секрециялық бездер
2. Гипофиз
3. Эпифиз
4. Қалқанша без
5. Бүйрек үсті безі

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Ішкі секреция бездері немесе эндокринді бездер биологиялық белсенді заттар - гормондар түзіп солардың көмегімен организмдегі зат алмасу процесін реттеуге қатысатын мүшелер жүйесі болады.
Сондықтан эндрокринді бездерде өз секреттерін сыртқы ортаға немесе онымен жалғасатын дене қуыстарына қызаратын өзектер, бұл бездер секреттерін дененің ішкі ортасы - қаңқа, лимфа, ұлпалық сұйыққа шығарады. Осыған байланысты эндокринді бездер - ішкі секреция бездері, ал олар бөлетін секреттер - инкреттер немесе гормондар деп аталады. Гормондар денедегі үздіксіз қозғалыста болатын қан, лимфа, ұлпалық сұйық арқылы организмнің барлық жүйелер мүшелеріне жетіп, олардағы зат алмасу қызметін реттеуге қатысады. Денедегі мұндай сұйық ұлпалар арқылы зат алмасуды реттеуді – гуморальды (сұйық) реттелу дейді.
Организмдегі зат алмасу деңгейінің гуморальді реттелуі жүйке жүйесінің бақылауында болады. Сондықтан денедегі, бұл екі түрлі реттелуді біріктіріп, нейро-гуморальді реттелу деп те атайды. Гормондардың бір-бірімен үйлесімді қызмет атқаруы осы экзокринді бездерді бір дене жүйесіне ішкі секреция бездеріне біріктіреді. Эндокринді бездердің үйлесімді қызметін орталық жүйке жүйесі, дәлірек айтсақ, аралық мидың гипоталамикалық бөлігі реттейді. Гипоталамус сұр заты ядрошықта биологиялық белсенді заттар түзетін нейрондар болады. Гипоталамус осы белсенді заттардың көмегімен бүкіл эндокринді бездер жүйесінің орталық мүшесі - гипофиз қызметін реттеу арқылы ішкі секреция бездер жұмысын басқаруға қатысады.
Ішкі секреция бездер жүйесіне таза эндокринді бездермен (гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңыңдағы без, бүйрекүсті безі, гипофиз, эпифиз) қатар қосарлы қызмет атқаратын (тимус, ұйқы безі, жұмыртқалық, ен) мүшелерде жатады.
Барлық эндокринді бездер құрылысы жағынан қомақты мүшелер. Олар сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Бездердің ішкі құрылысында строма және паренхима екі бөлік болады. Бұлардың басқа паренхималы мүшелерден құрылыс айырмашылығы - ішкі секреция бездерінің паренхимасында шығару өзектері мен соңғы бөлікшелері болады.
Эндокринді бездер паренхимасының құрылысы әр түрлі келеді. Мысалы, торшалар тарамы бүйрекүсті безінің қыртысы, гипофиздің алдыңғы бөлігі, торшалар жиынтығы (ұрық безінің аралшалары, жұмыртқалық интестицинальді торшалары) және көпіршіктер (қалқанша безі) түрінде кездеседі. Гормондар бірден дененің ішкі ортасына бөлінетін болғандықтан ішкі секреция бездерінің тамырлануы өте жоғары дәрежеде дамыған. Қан капиллярларының құрылысы көбіне синусты болып келеді.
Гипофиз - көптеген эндокринді бездер қызметін реттейтін, ішкі секреция бездер жүйесінің орталық мүшесі, ол бас сүйегі ми сауыты бөлігіндегі түрік ері сайында орналасады. Оның сыртқы пішіні жұмыртқа тәрізді болып келеді. Гипофиз аралық мидың гипоталамикалық бөлігі құрамына кіреді. Сондықтан ол жүйке жүйесі мен эндокринді бездердің барлық нысанын қамтамасыз етеді. Гипофиз екі түрлі ұлпадан дамыған. Оның алдыңғы және ортаңғы бөліктері эпителий ұлпасынан, ал артқы бөлігі жүйке ұлпасынан тұрады. Гистологиялық препараттарында гипофиз бөліктерінің шекараларын оңай - ақ ажыратуға болады. Бұның ең үлкен пішіні үшбұрышты бөлігі - алдыңғы пішіні дөңгелекше келген бөлігі - артқы бөліктері. Бұлардың аралығында жатқан бөлік - оның ортаңғы бөлігі.
Эпифиз көлемі жағынан шағын келген шырша бүрі тәрізді бұдырлы мүше, сондықтан кейде бүр тәрізді без деп те атайды, сол аралық мидағы төрт төмпек денесінің алдыңғы төмпекшектерінің аралығында орналасқан.
Эпифиз де гипофиз тәрізді гормондарға ұқсас биологиялық активті заттар жинап шығару арқылы ішкі секреция бездерінің қызметіне әсер етеді. Өзінің әсер ету дәрежесі бойынша эпифиз гипофиздің антогонисі қарама- қарсы әсер етуші болып есептеледі де, ішкі секреция бездерінің тропикалық (қоректендіру) функциясын қызметін тежейді.
Қалқанша без – бұдырлы қызғылт қоңыр түсті көмекейден кейінірек, кеңірдектің бастапқы шеміршектерінің екі бүйірі мен вентральдік бетінде жатқан без. Бұның екі бүйір бөлігі және мойыншығы болады жылқының безі сыртқы беті тегіс болады. Мойыншығы нашар дамыған кезде тіптен болмайды. Шошқада керісінше без мойыншығы жуан болып келеді, ал бүйір бөліктері жақсы жетілген. Ірі қара және ұсақ малдан бүйір бөліктерді жақсы жетілген, ал мойыншығы жіңішке болып келеді.
Қалқанша без сыртынан тығыз ұлпалық капсуламен қапталған. Капсуладан ішке қарай дәнекер ұлпалық аралықтар безді бірнеше бөлікшелерге бөледі. Бұл бөлікшелер өз кезегінде көптеген фолликкулдерден (көпіршіктерден тұрады) бөлікшелер аралық дәнекер ұлпа аралықтардан фолликулдер аралығымен жүк аралығымен өтетін өте жұқа бөлікшелер аралық дәнекер ұлпалық аралықтарын фолликулдер аралығымен өтетін өте жұқа бөлікшелеріштік аралықтар тарайды.
Бүйрек үстілік без – қоңыр-қызғылт түсті, бүйректің алдыңғы ішкі жағында жатқан жұп без. Сыртынан дәнекер ұлпалық капсуламен қапталған. Капсула астында нейрондар жиынтығы (интрамуральдік түйіндер) жиі кездеседі.



№ 11
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет