Дәріс тақырыбы және тезистер


Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі



бет13/23
Дата24.11.2023
өлшемі100,27 Kb.
#193361
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Дәріс тезистері Адам анатомиясы 2023 2

Тақырыбы: Зәр шығару жүйесі.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1. Зәр шығару жүйесі
2. Зәр шығару мүшелері
3. Бүйректің құрылысы, каналы, несеп ағар, қуық

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Несеп-зәр шығару жүйесіне бүйрек, несеп ағар, қуық және несеп түтігі кіреді. Мүшелері жыныс жүйесімен тығыз байланыста болады.Эмбрионда зәр шығару мен жыныс мүшелері бірге дамиды.
Бүйрек- жұп мүше. Іш қуысының артқы қабырғасында, бел аймағында, XII-ші кеуде, I-II-ші бел омыртқаларының аралығында, омыртқа жотасының екі жағында, іш перденің сыртында. Қалыпты жағдайда оң жақтағы бүйрек сол жақтағыдан төменірек болады. Бүйректің атқаратын қызметі: зәр пайда болады, сыртқа шығарады; қан қысымының тұрақтылығын сақтайтын фермент ренинді бөледі. Бүйректің пішіні бұршаққа ұқсайды. Бүйректің құрылыс бірлігі - нефрондар. Әр бір бүйректе I млн шамасында нефрондар болады.
Зәр, оның құрамы мен мөлшері: тәулігіне 1,5-2,0 л соңғы зәр пайда болады. Бірақ зәрдің мөлшері адамның қабылдаған сұйықтығының мөлшеріне байланысты сұйықты көп қабылдағанда 2,5 л дейін зәр бөледі. Зәрдің бөлінуі тәулігіне бір қалыпты болмайды. Мысалы, түнде зәр аз бөлінеді. Зәрдің бөлуініне адам қызметінің әсері бар. Зәр түсі ақшыл- сары, мөлдір- сұйық, салыстырмалы тығыздығы 1,015-1,020 және қабылданған сұйықтық мөлше-ріне байланысты өзгереді.
Несеп қуығы зәрді уақытша жинап тұратын мүше. Ол жамбас қуысында, тік ішектің алдыңғы жағында, шат байламынын артында орналасқан. Қуықтың қабырғасы өте созылғыш келеді.Оның бос уақытында қабырғасы-ның қалындығы 1,5 см дейін жетеді, ал зәрге тоған кезде 2-3 мм дейін жұқарады. Қуықтың қабырғасы үш қабаттан тұрады. Қуық зәрге толғанда бұлшық ет босаңсып, зәр несеп шығару түтігіне ағады.Бос қуық сиымдылы-ғы -250-500 мл. Қуықтың бұлшық етінен екі жерде қысқыш пайда болады. Қуықтың ішкі еріксіз қысқышы және сыртқы адам еркіне байланысты қысқышы.Қуық зәрге толғанда рецепторлар арқылы тітіркеніс жұлынға барады.Жұлыннан парасимпатик жүйке талшығы арқылы қуықтың бұлшық еті жиырылып,қысқыштарының бұлшық еттері босаңсып, зәр несеп шыға-ратын түтікке ағады. Әйел адамның несеп шығару түтігінің ұзындығы 3,0-3,5 см. Қуықтан басталып төменге қарай бағытталып, жамбас қуысының түбінен өтіп,клитор мен қынап кіреберісінің арасына ашылады.



№ 9
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет