. Тақырыбы: Статистикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру.
2. Мақсаты: Студенттерді медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдерімен таныстыру, биостатистикада қолданылатын статистикалық пакеттерге шолу жасау.
Дәріс жоспары:
1. Медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдері.
2. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдісін таңдау.
3. Биостатикадағы заманауи есептеу техникасын қолдану.
4. Статистикалық пакеттердің жіктелуі және оларға қойылатын заманауи талаптар.
3. Дәріс тезистері:
Ғылыми медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қандай міндеттер қойылғанына қарамастан, ол белгілі реттілікпен орындалуы тиіс.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады:
· Зерттеудің мақсаты медициналық ғылым мен денсаулық сақтаудағы тәжірибеде өзекті болуы тиіс. (зерттеулер неліктен жүргізіледі?).
· Зерттеудің міндеттері – бұл айқындалған, кеңейтілген анықталған мақсаттың анықтамасы (мақсатқа қалай қол жеткізуге болады?).
Медициналық-биологиялық тәжірибенің негізгі кезеңдері:
1) жоспар және бағдарлама жасау;
2) статистикалық мағлұмат жинау (статистикалық бақылау);
3) жиналған мағлұматты өңдеу;
4) алынған мәліметерге талдау жасау.
I кезең. Жоспар және бағдарлама құру.
Зерттеу жоспары:
· Зерттеу нысанын анықтау – нысан туралы мәліметтер жиналатын статистикалық жиынтық.
· Зерттеу орнын анықтау - аймақ, мекеме.
· Зерттеу жүргізу уақытын (мерзімін) анықтау.
· Бақылаудың түрін (бір жолғы, ағымдық) және әдісін (тұтас, тұтас емес) анықтау.
· Зерттеуді орындаушылар және бастығы
· Зерттеудің техникалық құрал жабдықпен қамтамасыз етілуі
· Зерттеудің құнын бағлалау.
Зерттеудің бағдарламасы:
• Статистикалық жиынтықты, жиынтық бірліктерін, зерттеу бірліктерін анықтау.
• Зерттеу бағдарламасын анықтау, яғни тіркеуге тиісті белгілер тізімі бар алғашқы статистикалық құжатты анықтау.
• Мәліметті өңдеу бағдарламасын анықтау, яғни мәліметті топтауды таңдау және белгілердің түрлі топтамаларынан тұратын кестенің үлгісін құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |