Дыбыстың қаттылығы.
Дыбыс күші физикалық қасиет болса, дыбыстың қаттылығы есту сезімінің интенсивтілігі болып табылады. Дыбыстың қаттылығы дыбыстың күшіне байланысты күшейеді, немесе төмендейді. Бірақ мұнда дыбыстың күші мен қаттылығы арасындағы қатынастың кейбір ерекшелігін ескерген жөн.
Біріншіден, дыбыстың қаттылығы дыбыстың интенсивтілігіне қарағанда әлсіздеу болады. Мысалы, дыбыстың интенсивтілігі 10 дб-ге, яғни 10 есе жоғарласа, онда дыбыстың қаттылығы 2 есе жоғарлайды.
Екіншіден, біздің есту мүшеміздің әр түрлі биіктіктегі дыбысқа сезімталдылығы бірдей емес, осыған орай бірдей интенсивтіліктегі, бірақ әр түрлі биіктіктегі дыбыс әрқилы қаттылықта сезіледі. бірақ әр түрлі биіктіктегі дыбыс әрқилы қаттылықта сезіледі.
Үшіншіден, дыбысты сезіну есту анализаторының және жүйке жүйесінің жағдайына тәуелді. Адам дыбыс қаттылығын бағалау қабілетіне ие. Дыбыс қаттылығын тәжірибе жүзінде өлшеуге, мысалын, белгілі музыкалық белгілеулер болып табылады: пиано-пианиссимо (ррр), пиано (р), меццо-пиано (mр), меццофорте (mf), форте (f), фортиссимо (ff) және форте- фортиссимо (fff).
Осылардың әрбіреуі ретті түрде екі есе күшті болады. Көптеген адамдар дыбыс қаттылығының екі еселенуін және екі есе азаюын алады. Осы қабілеттілікті зерттеу есту талдағышының қыртыс бөлімдерінің қызметін сипаттау үшін қолданылады.
Негізгі әдебиеттер:
1.Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
2.Манжуова Л.Н. "Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы" пәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2014
Барашнев Ю.И .,Пономарева Л.П зрение и слух у новорожденных. Диагностические скрининг –технологии., М., наука , 2008. 17-38б.
Ермаков В. П., Якунин Г. А. Основы тифлопедагогики: Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: Учебное пособие для вузов –М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2000. – 238 с.
Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.
Достарыңызбен бөлісу: |