Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы


Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының тексеру тәсілдері



бет8/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
офтальмо
тоже кушти, travma 5 сабак
Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының тексеру тәсілдері
Аннотация: дәрісте көру анализаторының тексеру тәсілдері, сонымен қатар көз рефракциясы және оны дұрыс анықтау туралы мәліметтер беріледі.
Кілтті сөздер: көру анализаторы, тексеру тәсілдері, көз рефракциясы, көздің шаршауы.
Жоспары

      1. Көз рефракциясы

      2. Көз рефракциясын дұрыс анықтау

      3. Көруге икемделу және көрудің түйісуі

      4. Көздің шаршауы

Көру мүшесінің патологиясы бар науқасты тексеру әдістері. Көру мүшесін тексеру белгілі бір жүйемен жүргізіліп, жекелеген бөліктердің анатомиялық орналасу принципіне негізделеді.

    1. Көру мүшесін сырттай қарау көз ұясын, оның бөліктерін тексеруден басталады. Ол үшін науқастың бетіне сол жақтан және алдынан тұрған үстел лампасымен жақсы жарық түсіреді. Қабағының күйіне назар аударады. Әдетте олар көз алмасына тығыз жанасады, бірақ кейде созылмалы қабыну процестері кезінде қабақ теріс айналып кетуі, ал тыртықты өзгерістерінде – қабақ ішке айналып кетуі мүмкін. Міндетті түрде кірпіктердің дұрыс өсуін, жас шығару жолдарын тексереді, көз алмасының көз шарасындағы орналасуын белгілейді.

    2. Бүйірден жарық түсіріп тексеруді сілемейлі қабық күйін және көз алмасының алдыңғы қиығын тексеру үшін жүргізеді. Сілемейді тексеру үшін қабақ шетін төмен тартады, науқас мұндайда жоғары қарауы тиіс. Көз түсіне, қозғалуына, ісіктің, бөгде денелердің, тыртықты өзгерістердің бар-жоғына назар аударады. Жоғарғы қабақтың конъюнктивасын тексеру үшін оны сыртқа айналдыру қажет, ол үшін науқастан төмен қарауын сұрап, сол қолдың бас бармағымен кірпікті шеті көз алмасынан ажырауы үшін қабақты сәл тартады. Одан соң оң қолдың бас бармағымен және сұқ саусағымен кірпік негізіне қарай ұстап, қабақты көтереді, ал сол қолдың бас бармағымен шеміршектің жоғарғы шетін төмен қарай басады. Сыртқа айналдырылған қабақты жоғарғы шетіне сол қол саусағымен тексеру біткенше қысып ұстап тұрады. Бұдан кейін лимбаның күйіне назар аударады (кеңейген, жуандаған, инфильтрацияланған). Әсіресе, мөлдір қабықты мұқият тексереді. Оның сезімталдығын арнайы түктермен немесе мақтаның жіңішке бұрауымен анықтайды.

    3. Қисындастырылған әдіспен тексеру мөлдір қабықтағы өзгерістерді анықтау және нұрлы қабық пен көзбұршақтағы бөліктерді тексеру үшін қолданылады. Ол көзге бүйірінен жарық түсіріп, жарық түскен тұсты күшті лупа арқылы тексеруде жатыр. Мөлдір қабықты тексергенде оның көлеміне, пішініне, мөлдірлігіне, ылғалдылығына назар аударады. Нұрлы қабықты тексергенде оның түсін, суретін, туа және жүре біткен кемістіктерінің, өсінділерінің бар-жоғын анықтайды. Қарашықты тексеруді оның пішінін, енін, орналасуын, жарыққа тікелей және бірге реакция беруін анықтаудан бастайды. Тікелей реакция беруді қарашыққа линза арқылы жарық шоғын түсіру арқылы тексереді, мұндайда тексерілетін көзді алақанмен тығыз жабады; қарашық реакциясы егер ол жылдам әрі анық тарылса, “жанды”, егер қарашық реакциясы баяу әрі жеткіліксіз болса, “әлсіз” деп танылады. Қарашықтың біріккен реакциясын бір көзді жарық шоғымен жарықтандырып, екінші көздің қарашығының реакциясын бақылап отыру арқылы тексереді. Соңында қарашықтардың реакциясын көруге икемделуі мен түйісуін қатыстырып тексереді. Ол үшін науқасты көзге біртіндеп жақындайтын затты бақылап отыруға мәжбүрлеп, қарашықтардың реакциясын бақылайды, олар тарыла түседі; қозғалыс жолы зақымданса, қарашықтар реакция білдірмейді.

    4. Өтпелі жарықта тексеру көздің терең мөлдір орталарын – көзбұршақ пен шыны тәрізді денені тексергенде қажет.

    5. Офтальмоскопия – бұл көз түбін тексеру әдісі – көру мүшесін тексерудің маңызды әдістерінің бірі, ол торлы қабықтың, тамырлы қабықтың, көру жүйкесінің күйі туралы білуге мүмкіндік береді. Тексеруді қараңғы бөлмеде жүргізеді. Көз түбін тексеруді оның аса байқалатын бөлігінен – көру жүйкесі дискісінен бастайды. Қалыпты жағдайда дискі анық шеттері бар сәл сопақша түзілген сарғылт-қызғылт түсті болады. Дискінің түсі, контуры мен тіні адамның жасына байланысты болады және қабыну процестері кезінде өзгереді. Функциялық тұрғысынан сары таңба аса маңызды болып табылады; оны қарашықты алдын ала ұлғайту арқылы тексереді. Балалардың сары таңбасы жылтыр жолақпен боялған қою қызыл сопақша түрінде болады; сары таңба ортасында жылтыр ашық нүкте байқалады, сары таңба маңайында торлы қабық тамырлары болмайды. Көз түбінің суреті мен түсі оның құрамындағы пигменттеріне байланысты болады. Көбіне көз түбі торлы қабық тамырлары суреті айқын қызыл түсті болып келеді.

    6. Көз биомикроскопиясы саңылау лампасын пайдалануға негізделген. Жарықтандыру жүйесі арқылы көзге тар жолақ түріндегі жарық шоғын жібереді. Ол көздің мөлдір орталары арқылы өтіп, оларды бөледі де, мөлдір қабық пен көзбұршақ қималарын жасайды. Алынған қималарды бинокулярлы микроскоп арқылы қарайды. Мұндайда көздің түрлі орталарындағы тіпті елеусіз өзгерістерді де байқауға болады.

    7. Офтальмотонометрия – бұл көздің қан қысымын анықтау. Ол үшін салмағы 10 грамм металл цилиндр болып табылатын Маклаков тонометрін пайдаланады, оның ұштарында сүт түстес ақшыл шыныдан жасалған пластинкалар болады. Оларға алдын ала белгілі бір бояудың жұқа қабатын жағады. Көздің қан қысымын (офтальмотонусты) науқастың жатқан күйінде, оны төбеге қаратып қойып өлшейді. Тонометрді өз салмағымен басуы үшін мөлдір қабыққа бірнеше секундқа қойып қояды да, бірден көз бетінен алып тастайды. Тонометр алаңының жанасқан тұсында ақ шеңбер пайда болады, оның көлемі неғұрлым кіші болса, көз ішінің қан қысымы соғұрлым жоғары болады. Алынған шеңбердің диаметрін өлшеу үшін оның таңбасын қағазға түсіріп, одан соң диаметрін градусталған сызғышпен өлшейді. Бұдан кейін кесте бойынша сынап бағанасы бойынша мм қысымды біледі. Қалыпты жағдайда көздің қан қысымы сынап бағанасының 27 мм тең.

Көздің оптикалық жүйесі. Көздің оптикалық жүйесі өте күрделі. Оған түсетін сәулелер сынып, осы жүйе фокусында жинақталып, заттардың бейнесін береді. Көздің оптикалық жүйесінде жарық сындырушы беттер ретінде мыналарды ажыратады: мөлдір қабықтың алдыңғы бетін; көзбұршақтың алдыңғы және артқы беттерін.
Көздің оптикалық жүйесінің жарық сындырушы күші диоптриясында – шынының 1м басты фокустық ара қашықтығындағы сындырушы күшінде өзгереді. Бұл басты фокустық қашықтыққа кері шама.
Көз рефракциясы. Физикалық және клиникалық рефракцияны ажыратады. Физикалық рефракция кез келген оптикалық жүйенің сындырушы күшімен сипатталып, диоптриядан көрінеді. Нәрестелердің қалыпты көзінің орташа сындырушы күші 77-80,0 D, үлкенірек жастағы балалар мен ересектерде 52-60,0 D тең. Клиникалық рефракция тыныш күйіндегі көздің көруге бейімделуінің торлы қабыққа қатынасындағы артқы басты фокусының күйімен сипатталады. Осы фокус күйінің үш варианты туындайды:

    • егер көздің оптикалық жүйесінің артқы басты фокусы торлы қабықпен сәйкес келсе, онда мұндай клиникалық рефракция шамалас немесе эмметропиялы деп аталады;

    • егер көздің оптикалық жүйесінің артқы басты фокусы торлы қабықтың алдында тұрса, онда сығырлық немесе миопия дамиды;

    • егер артқы басты фокус торлы қабықтың артында болса, онда қырағылық немесе гиперметропия дамиды.

Сондай-ақ астигматизм тәрізді түрі де ұшырасады. Ол көздің оптикалық ортасының өзара перпендикуляр меридианаларда түрлі сыну күшімен сипатталады. Көздің клиникалық рефракциясы көздің көлеміне, оның сындырушы орталарының оптикалық сипаттамасына байланысты болады және жас ұлғайған сайын едәуір өзгеріске ұшырайды. Негізгі әдебиеттер:
1.Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
2.Манжуова Л.Н. "Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы" пәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2014

  1. Барашнев Ю.И .,Пономарева Л.П зрение и слух у новорожденных. Диагностические скрининг –технологии., М., наука , 2008. 17-38б.

  2. Ермаков В. П., Якунин Г. А. Основы тифлопедагогики: Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: Учебное пособие для вузов –М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2000. – 238 с.

  3. Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет