Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы


Дәріс тақырыбы: Есту қабілетін тексеру әдістері



бет13/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
офтальмо

Дәріс тақырыбы: Есту қабілетін тексеру әдістері
Аннотация: дәрісте есту талдағышын және тепе-теңдік талдағышын тексеру әдістері туралы толыққанды мағлұмат беріледі.
Кілт сөздер: есту қабілеті, тексеру әдістері, тепе-теңдік талдағышы, дабыл жарғағы, отоскопия, микроскоп, құлақ, политцер.
Жоспары
1.Есту талдағышын тексеру әдістері 2.Тепе-теңдік талдағышын тексеру әдістері.
Сырттан көріп және саусақпен тексеру тәсілдері. Құлақты тексергенде құлақ қалқасына, есту жолына, құлақ қалқасы сыртындағы емізік тәрізді сүйекке көңіл аударады. Көзбен көріп, сау құлақпен салыстырған кезде олардың сыртқы құрылысына, теріде болатын өзгерістерге, қызарған, ісінген жерлерге аса көңіл бөледі. Есту жолының алдыңғы қалқаны тұсындағы емізік тәрізді сүйекті саусақпен жайлап тексереді, бұл кезде тексерген мүшелердің ауратынын, ісігі бар-жоғын, тағы басқа жайларды анықтайды. Тексеруді сау құлақтан бастаған немесе екі құлақты бір мезгілде тексерген жөн. Сонымен қатар жақын жатқан лимфа түтікшелерін, күре тамыр өтетін мойынға дейін тексереді. Отоскопия – құлақтың есту жолы мен ортаңғы құлақтың сыртқы іргесі – дабыл жарғағын тексеру. Ол үшін арнаулы құлақ түтігі, маңдай айнасы және жарық сәулесі керек. Құлақты тексерген кезде ауру адам тексерілетін құлағын дәрігерге қарай бұрады. Тексеруді сау құлақтан бастайды. Тексеру кезінде құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартқан кезде есту жолын, дабыл жарғағын көруге болады. Ал балаларды тексерген кезде құлақ қалқанын артқа және төмен қарай тарту керек. Жарық сәулесімен оң жақтағы есту жолын, дабыл жарғағын тексерген кезде құлақ қалқанын артқа және жоғары сол қолмен тартып, ал есту жолының алдындағы кішкене қалқанды оң қолдың бас саусағымен алға қарай тартқан кезде көруге болады.
Дабыл жарғағы ортаңғы құлақтың айнасы болып есептеледі, өйткені сау құлақтың дабыл жарғағы анық меруерт түстес, бозғылт болып көрінеді. Дабыл жарғағын арнаулы құлақ түтігі немесе «Зигле» түтігі, операциялық микроскоп арқылы көруге болады. Ескеретін жай, құлақ түтігін есту жолына 1 см артық кіргізуге болмайды, өйткені ол есту жолының сүйек бөлігіне тиген кезде ауырады. Есту жолын өте жиі құлақ түтігімен қараған кезде жөтел пайда болуы мүмкін, ол нерв талшығының қозғалуынан туады. Оң жақтағы дабыл жарғағын көргенде құлақ түтігі оң қолдың бірінші және екінші саусағының арасына түтіктің қырынан ұстап, сол қолмен құлақ қалқасынан жоғарыда айтылғандай тартып тұрады да, түтікті есту жолына кіргізеді, ал сол жақ құлақты тексергенде керісінше жасайды. Тексеру сау құлақтан басталып, ауыратын құлақпен салыстырылады. Есту жолында қабыршақ немесе қоймалжың келген құлық болуы мүмкін. Ондай жағдайда арнаулы зонд арқылы мақтамен тазартады. Қатып қалған құлықты маймен жұмсартып жууға болады. Ескеретін жағдай, егер құлақтан бұлық ағатын болса, оны сумен жууға болмайды.
Қысым тәсілі. Бұл тәсіл дабыл жарғағында ақауы бар адамдардың дабыл кеңістігіне антибиотиктерді жіберу арқылы жүргізіледі. Ол үшін есту жолына 15-20 тамшы антибиотик құйылады да, есту жолының алдындағы қалқанды басып қысым тудыру керек немесе Политцер балонын сыртқы дыбыс жолына кіргізіп, ортаңғы құлаққа қысым тудырады, сонда сұйық есту түтігі арқылы мұрынжұтқыншаққа дейін өтеді де, мұрыннан шығады және тамақтан да білінуі тиіс. Есту түтігінің өткізу қабілетінің І дәрежесі – дәрінің қысым басталғаннан кейін бірден өтуі. Егер дәрі есту түтігіне көп қайталанған қысым арқылы өтетін болса, оның нашарлау екенін көреміз – бұл ІІ дәрежелі, ал егер көп қысым арқылы өтпесе – бұл ІІІ дәрежелі болады.
Вальсальва тәсілі. Демді қатты ішке алғаннан кейін адам аузы мен мұрнын қатты жауып тұрады да, демді сыртқа шығармай үрлейді. Бұл кезде қысымның жоғарылауы арқылы есту түтікшелері ашылады да, ауа күшпен ортаңғы құлаққа өтеді, егер есту түтігі ауа өткізсе, оны адам сырт ете түскен дыбыс арқылы сезеді.
Политцера әдісі. Бұл әдіс ауаны мұрынға үрлеу арқылы жүзеге асырылады. Политцера балонының үрлеу оливасын аурудың мұрынына кіргізіп, алдыңғы жағынан үрлеген кезде дәрігер сол қолдың бірінші, екінші саусағымен қысып тұрады, ал ауру «пароход» немесе «бір, екі, үш» сөздерін қайталаған кезде балонды оң қолымен қысып қалуы керек. Үрлеген кезде шығарған дауысты дыбыстан кейін жұмсақ таңдай кейін шегінеді де, мұрынжұтқыншақты жабады. Үрлеген ауа мұрынжұтқыншақтың жабық қуысына өтеді де, оның қабырғаларын біркелкі қысыммен қысады, ал ауаның қалған бөлгі өте үлкен күштің көмегімен дыбыс түтігіне өтеді. Егер есту түтіктері жақсы өткізетін болса, бір ұшы аурудың, келесі ұшы дәрігердің есту жолына кіргізілген резеңке түтікше арқылы тексерушінің құлағына дыбыс естіледі.
Есту талдағышын тексеру әдістері. Адамның сөзді есту қабілетін анықтаған кезде оны үш түрлі жағдайда тексереді: сыбырлағанды, дауыстап айтқанды және айғайлап сөйлегенді қалай еститінін тексереді. Дауыстап сөйлеген сөздің күші 35-45Дб-ге жетеді.
Есту қабілетін сөз арқылы тексергенде сөйлем ішінде жоғарғы және төменгі дыбыстар бір-бірімен араласып айтылуы керек. Мұндай ауызекі сөзбен сау ғана емес, ауру адамдарды да тексеруге болады. Науқастың есту қабілетін тексеру үшін ең әуелі оның ауруының сырымен танысып алады да, сонан кейін ғана зертханалық тексеруге (аудиометрия) жібереді.
Құлақтың есту қабілетін камертон арқылы тексеру. Бұрын камертон музыкалық аспаптарды тексеру үшін қолданылып келген, камертонды медициналық тәжірибеге енгізуге бірталай ғалымдар еңбек сіңірді. Камертон арнаулы әр түрлі дыбыс қосылыстарынан жасалады, сондықтан үнемі бір қалыпты дыбыс шығарады. Оның дыбысы таза дыбыс болып есептеледі.
Камертонды қозғалысқа келтіру үшін оны алақанға немесе басқа бір жұмсақ затқа ұрады. Қатты затқа ұруға болмайды. Өйткені қатты нәрсеге ұрылған камертон мұқалып бір секунд ішіндегі тербеліс жиілігі төмендейді, сөйтіп қате нәтижелер береді. С128, С256, С512, С1024, С2048 камертондары арқылы бірнеше тәжірибе жасауға болады. Олар дыбыс талдағышының қай бөлігі ауыратынын анықтауға көмектеседі.
Ауа өткізгіштігін тексеру. Тексеруші оң қолына камертонды алады да, қолдың қырына тез қимылмен соғу арқылы немесе екі саусақпен еріндерін қысу арқылы дыбыс туғызады. Секундомер бойынша камертонның дыбыс шығара бастаған уақытын анықтап, есту жолының алдындағы кішкене қалқаннан 0,5 см қашықтықта тексерілетін құлаққа жақындатады, бұл кезде екінші құлақты саусақпен немесе дымқыл мақтамен жауып қояды. Құлақ дыбысқа үйреніп кетпес үшін камертонды белгілі бір уақыт сайын қашықтатып, аз уақыттан соң бұрынғы орнына қайтадан жақындатып тұру қажет. Тексерілушінің айтуы бойынша белгіленген камертон дыбысының тоқтаған уақыты құлақтың неше секунд ішінде дыбысты қабылдай алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Дыбыс толқындарының таралу жазықтығы сыртқы есту жолының бағытымен сәйкес келуі керек.
Әдетте, күнделікті тәжірибеде құлақтың естуін тексеру үшін екі камертон қолданылады: С128 – төменгі жиілікті және С2048 – жоғарғы жиілікті.
С128 камертонымен жоғарыда айтылған тәсіл бойынша алдымен оң құлақтың, содан кейін сол құлақтың ауа өткізгіштігін анықтайды. С128 камертонының қалыпты нормасы 50 секунд.
С2048 камертонының ауа өткізгіштігін, яғни оның дыбысын ауа арқылы қабылдау ұзақтығын анықтау С128 камертонының ауа өткізгіштігін тексергендегідей жүргізіледі. С2048 камертонының қалыпты нормасы 35-40”.
Сүйектік өткізгіштікіті зерттеу. Сүйектік өткізгіштік яғни, камертон дыбысының сүйек арқылы қабылдану ұзақтығы. Оны тексергенде С128 камертонын тербеліске келтіргеннен кейін оның төменгі жағы зерттелетін құлақтың емізік тәрізді қосалқы бөлшегіне тік қойылады (қалыпты нормасы С128 – 25-30”).
Құлақтың есту қабілетін электроакустикалық аппаратпен тексеру (аудиометрлік тексеру). Аудиометр арқылы құлақтың сету қабілетін ауа арқылы да, бас сүйек арқылы да тексеруге болдады. Ең алдымен құлақтың есту қабілетін ауа арқылы қалай еститінін тексереді, сонан кейін емізік тәрізді сүйек арқылы тексереді. Ол үшін ауру адамға арнаулы құлақшама кигізіп, сонан кейін құлаққа әр түрлі дыбыс беріледі, осылай құлақтың есту шегін анықтайды. Бұл шек 125 Грецтен басталып 8000 Герцке дейінгі аралықта анықталады. Бұл жағдайда алдымен оң жақ құлақтың есту қабілетін анықтайды, сонан кейін сол жақ құлақтың есту қабілетін анықтайды.
Осылай науқастың ауа арқылы және бас сүйек арқылы есту қабілетін тексеріп болғаннан кейін оның қорытындысы қағазға түсіріледі. Оны аудиограмма, ал тексеруді тоналдық шекті аудиометрия деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет