Дәріс тақырыбы: Көру анализаторының анатомиясы



бет7/37
Дата12.03.2023
өлшемі118,78 Kb.
#171976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37
Байланысты:
офтальмо

Көру мүшесінің зақымдануы. Көз алмасының зақымдануы көз патологиясының 10%-дан астамын құрайды. Ол ересектерге қарағанда, балаларда жиі кездеседі. Оның жартысына жуық дерлігін сыздаған жарақаттанулар (контузиялар) құрайды (35-50%).
Көздің зақымдануы көбіне көп мектеп оқушыларында жиі кездеседі, мектеп жасына дейінгі балаларда сәл сирегірек, ал 2 жасқа дейінгі балаларда анда-санда кездеседі. Көзді зақымдаушы заттарға қар кесектері, хоккей таяқшалары, таяқтар, тастар, металл заттар, ашамен атылған заттар, кальций карбидімен, марганецтотықты калиймен, сілтілермен күйгенде туындайтын күйіктер жатады. Көзді жарақаттаудың 85% - ұл, 15% - қыз балалардың үлесіне тиесілі.
Ересектердің көздерінің зақымдануы маусымдық сипатта болмайды, көбіне ол ер адамдарда ұшырасып, көп жағдайда өндірістік сипат алады. Оның себептері қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталмауы және қорғаныстың болмауы болып табылады. Зақымдану түріне және себептеріне қарай көздің барлық жарақаттанулары бөлінеді: сыздаған жарақаттар (контузиялар); көзден өтетін және өтпеген жаралар; күйіктер мен үсіктер
Агенттің зақымдануына қарай: механикалық; физикалық; химиялық; сәулелік; қисындасқан.
Контузиялар. Контузия кезінде мынадай бұзылыстар байқалады:

  • ақ қабықтың жарылуы – көбіне егде адамдарда жиі байқалады. Көздің гипотониясынан (көз ішкі қан қысымынан), тамырлы қабықтың немесе цилиарлы дененің бадыраюынан көрініс береді.

  • көзбұршақтың мөлдірсізденуі жарақаттанудан соң бірнеше күннен кейін көрініс береді. Мөлдірсіздену розетка тәріздес түрде болады, көбіне көзбұршақтың артқы капсуласының астына орналасады. Ересек балалар мен ересектерде дамушы катаракталар байқалады. Мектеп жасына дейінгі балаларда мөлдірсіздену ем ықпалымен сорылып кетуі мүмкін.

  • көзбұршақтың шығып кетуі мына симптомдары бойынша анықталады: алдыңғы камераның тереңдеуі мен тегіссіздігі; нұрлы қабықтың айқын дірілдеуі (иридоденез); көзді қозғалтқанда көзбұршақтың қозғалуы; офтальмоскопия кезінде көру аумағында көру жүйкесінің екі дискісінің және қос тамырлардың болуы; гиперметропияның пайда болуы.

  • шыны тәрізді дене жарығы көздің алдыңғы камерасында айқын бадыраюымен сипатталады, ол шыны тәрізді пластинканың асқынған және асқынбаған жарығы болуы мүмкін. Оның салдары екінші реттік глаукоманың дамуы болып табылады.

Көз рефракциясы. Физикалық және клиникалық рефракцияны ажыратады. Физикалық рефракция кез келген оптикалық жүйенің сындырушы күшімен сипатталып, диоптриядан көрінеді. Нәрестелердің қалыпты көзінің орташа сындырушы күші 77-80,0 D, үлкенірек жастағы балалар мен ересектерде 52-60,0 D тең. Клиникалық рефракция тыныш күйіндегі көздің көруге бейімделуінің торлы қабыққа қатынасындағы артқы басты фокусының күйімен сипатталады. Осы фокус күйінің үш варианты туындайды:
Көздің дұрыс өсуі мен қалыпты рефракциясының дамуы көптеген себептерге байланысты болады, соның ішінде ең бастысы тұқым қуалаушылық пен көзбен жұмыс істегендегі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары болып табылады. Көз рефракциясын субъективті анықтау көру өткірлігін зерттеуге негізделген. Ол үшін күші +0,5D жинағыш линзаны пайдаланады. Мұндай линзаны көзге қойғанда эмметропия кезінде көру өткірлігі төмендейді, себебі, линза параллель сәулелерді сәл жинап, олар торлы қабықтың алдына жинақталады.
Көз рефракциясын дұрыс анықтау. Түзету мәселесін дұрыс шешу үшін рефракция түрін ғана емес, көру өткірлігінің төмендеу деңгейін де анықтап алған жөн. Балалардың шамалы және орташа гиперметропия деңгейлерінде алыстан көру өткірлігі әдетте 1,0 тең болады, бұл көруге икемделумен себептеледі, яғни көруге икемделу гиперметропиялық көзді эмметропиялыққа айналдырады.
Миопия мен оның дәрежесі көзге ойыс шыныларды қою арқылы анықталады. Сығырлық кезінде көру өткірлігі әрдайым 1,0 тең. Ойыс шынылар көру өткірлігін арттырады, себебі, басты фокусты торлы қабыққа қарай жылжытады. Линзаның белгілі бір күшінде (мысалы –2,0D) фокус торлы қабықпен сәйкес келіп, көру өткірлігі 1,0 дейін артады. Линзаның бұдан әрі ұлғаюы көру өткірлігін өзгертпейді, себебі, басты фокус торлы қабықта көруге икемделудің ширығуы есебінен қала береді. Осылайша, сығырлық деңгейі көру өткірлігі 1,0 тең болып қалатын аса әлсізірек линза күшімен анықталады.
Астигматизмді диганостикалау мен түзету бұдан күрделірек болып табылады. Астигматизм кезінде жарық сәуелелері көздің оптикалық жүйесінің түрлі қималарында түрлі күшпен сынады. Көбіне мөлдір қабық қана емес, көзбұршақ та сфералық болып табылмайды. Астигматизмді көзден тікелей немесе қисық осьтері бар өзара перпендикуляр меридиандар (тік және көлденең) анықталады.
Қарапайым астигматизмді түзету үшін миопиялық астигматизмде – кішірек, гиперметропиялық астигматизмде – үлкенірек цилиндрлік шыныларды тағайындайды.
Дұрыс емес астигматизм контактілі линзалар арқылы түзетіледі. Негізгі әдебиеттер:
1.Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
2.Манжуова Л.Н. "Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы" пәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2014

  1. Барашнев Ю.И .,Пономарева Л.П зрение и слух у новорожденных. Диагностические скрининг –технологии., М., наука , 2008. 17-38б.

  2. Ермаков В. П., Якунин Г. А. Основы тифлопедагогики: Развитие, обучение и воспитание детей с нарушениями зрения: Учебное пособие для вузов –М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2000. – 238 с.

  3. Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет