Есеңгіретудің бірінші түрінде арнаулы істіктің көмегімен малдың желкесіне, теріні тесіп электр тоғы жіберіледі. Токтың күші 1 А, ал кернеуі 125-200 В. Малдың жасына қарай әсер ету уақыты 6-15, ал бұқаға 15-30 сек. Бұл әдісте малдың өлімі сирек кездеседі, бірақ малдың аяқтары құрысып қалуы мүмкін. Ал ол кейінгі жұмыстарға қиындық туғызады және жұмысшыларға қауіпті.

Есеңгіретудің екінші түрі Баку ет комбинатында іске қосылған. Бұл әдіс бойынша істік-токтың бір полюсі болса, екінші полюсі - бокстың едені. Ток мал денесінің алдыңғы бөлігінен өту үшін бокс еденінің артқы бөлігі резіңке жапқышпен жабдықталған. Мал алдыңғы екі аяғымен темір, ал артқы аяқтары резіңке үстінде тұрады. Ток кернеуі 70-120 В, күші 1-1,5 А, әсер ету уақыты 6-15 сек.
Есеңгіретудің үшінші түрі Мәскеудің ет комбинатында қолданылады. Онда ток түйістіруші қызметін бокстың едені атқарады. Онда бір-бірінен оқшауланған алты тақта орнатылған. Оған үш фазды ток көзі жалғанған. Бірінші фаза 1 және 4-ші тақтаға - 2-ші фаза 2-ші және 5-ші, ал 3-ші фаза 3-ші және 6-шы тақтаға жалғанған. Мал боксқа кірген соң тақталарға ток жіберіледі.
Есенгіретудің бұл түрлерінің бәрінде де токтың әсер ету уақыты біршама. Сондықтан кейде ол қаңқа еттерінің қатты жиырылуын туғызады. Ол омыртқаның сынуына әр түрлі ағзалардың қанталауына әкеп соғады. Бұл кемістікті жою үшін токтың кернеуі - 300 В, ток күші - 2 А, жиілігі - 50 Гц болуы ұсынылады. Малға әсер ету уақыты 2-5 сек. Бұлай еткенде қанталау, сыну 2,6 есе азаяды екен.