Дәріс тақырыбы: Мал сою технологиясы мен гигиенасы Қарастырылатын сұрақтар



бет11/34
Дата07.02.2022
өлшемі291,46 Kb.
#94288
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
каз касапхана

Канжармен есеңгірету. Байланған малдың шүйде және ауыз омыртқасының арасынан екі жағы да үшкір пышақпен соғады. Соққыдан жұлын және артқы ми зақымданып, малдың қозғалу қабілеті жойылады. Бірақ көбінесе тыныс алу жүйесі де зақымданып, мал өліп кетеді. Мұндай есеңгіретуде қан толық шықпай, еттің сапасы төмендейді. Сондықтан малды есеңгіретудің бұл әдісін қолдану сирек қолданады. Малды есеңгіретуге Еуропаның көптеген елдерінде Америкада арнайы ату құралдары қолданылады. Пистолет арқылы (темір оқ) малдың маңдайынан атады. Оқ теріні, маңдай сүйекті тесіп, ми қабығына әсер етеді. Еуропада, Америкада сонымен қатар шошқаны газ қоспасымен есеңгірету де пайдаланылады. Қоспа 65% көмір қышқыл газдан және 35% ауадан тұрады. Шошқаны арнайы саңлаусыз бөлмеге енгізіп газ жібереді. 40-50 сек. кейін шошқа 1-2 мин созылатын қатты ұйқыға кетеді. Осы уақытта қансыздандыру жүргізіледі.

  • Канжармен есеңгірету. Байланған малдың шүйде және ауыз омыртқасының арасынан екі жағы да үшкір пышақпен соғады. Соққыдан жұлын және артқы ми зақымданып, малдың қозғалу қабілеті жойылады. Бірақ көбінесе тыныс алу жүйесі де зақымданып, мал өліп кетеді. Мұндай есеңгіретуде қан толық шықпай, еттің сапасы төмендейді. Сондықтан малды есеңгіретудің бұл әдісін қолдану сирек қолданады. Малды есеңгіретуге Еуропаның көптеген елдерінде Америкада арнайы ату құралдары қолданылады. Пистолет арқылы (темір оқ) малдың маңдайынан атады. Оқ теріні, маңдай сүйекті тесіп, ми қабығына әсер етеді. Еуропада, Америкада сонымен қатар шошқаны газ қоспасымен есеңгірету де пайдаланылады. Қоспа 65% көмір қышқыл газдан және 35% ауадан тұрады. Шошқаны арнайы саңлаусыз бөлмеге енгізіп газ жібереді. 40-50 сек. кейін шошқа 1-2 мин созылатын қатты ұйқыға кетеді. Осы уақытта қансыздандыру жүргізіледі.
  • Малды кансыздандыру. Мал денесінен қанның шығуы еттің сапасына, онын сақталу мерзіміне үлкен әсерін тигізеді. Малды бауыздау асылған немесе жерде жатқан кезде жүргізіледі. Әрине асылған малдан қан толық әрі тез шығады, әдетте ет комбинаттарында барлық мал түрі аспалы жолда бауыздалады. Есеңгіретілген малды (қой, ешкі есеңгіретілмей) артқы аяғынан тұзақ салып аспалы жолға көтереді. Ірі қараны қансыздандыру. Ет ішек-қарыннан шығатын жынмен былғанбас үшін малды қансыздандыру алдында өңеш байланады. Ол үшін асулы тұрған малдың мойын терісі мойынның ортасынан кеуде тұсына дейін (20-30 см) тілініп, өңешті кеңірдектен ажыратып, жіппен буады да қысқыш салады. Малды қансыздандыру есеңгіретуден кейін 1,5 мин ішінде жүргізілуге тиіс. Қанды тамаққа немесе дәрі-дәрмекке пайдалануға тек қана сау малдан жинайды. Бұл үшін арнайы үшкірленген қуысты пышақ қолданылады. Ол таттанбайтын болаттан жасалады, ұзындығы 51 см, диаметрі 22-24 мм. Пышақтың ұстауға ыңғайлы сабы болады, оған ұзындығы бір метрдей резіңке түтік жалғанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет