Дәріс тақырыбы: Мал сою технологиясы мен гигиенасы Қарастырылатын сұрақтар



бет19/34
Дата07.02.2022
өлшемі291,46 Kb.
#94288
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
Байланысты:
каз касапхана

Жидіген теріден қылшықты тазалау арнаулы машиналармен жүргізіледі. Машинамен тазартқан соң ұшада майда қылшықтар, эпидермис қалады. Ал денеде эпидермис қалса, ол кейін ветчина өнімдерін дайындауда тұздықтың етке енуіне кедергі жасайды. Эпидермистен және қалған қылшықтардан тазарту оттың көмегімен жүргізіледі, ол үшін арнаулы оттық немесе пеш пайдаланылады. Пештегі температура 1000-1200°С ал үйіту уақыты 18-22 сек. Дұрыс үйітілген шошқа терісі біркелкі қоңыр түсті, жарылмаған және қатты күймеген болады. Үйітілген ұшаны салқын сумен жақсылап жуып, пышақпен күйген эпидермистен тазартады.Шошқаны крупондау әдісімен өңдеу. Крупондау - шошқаны өңдеудің түйдек әдісі болып табылады. Мұнда терінің аса құнды жон және бүйір терілері бөлініп алынып, тері өндірісінде пайдаланылады. Ал терінің қалған бөлігі үйітіледі. Ол үшін аса құнды желке қылшықтары алынған шошқа денесін жуып, теріні өлшеу үшін арқасын жоғары қаратып ыстық (63-64°С) сулы астауға салады. Шошқа денесі емшек сызығынан 15-20 см дейін батырылады. Сонда арқа және бүйір терілеріне ыстық су әсер етпейді, яғни суға батырылмайды. Бас терісі ыстық суды бүрку арқылы өңделеді. Судан шыққан дененің өңделген жердегі қылшығы машинамен тазартылады, қажетті жағдайда қосымша қолмен тазартылады. Сонан соң қысқа пышақтың көмегімен теріні суға батыру жиегімен тіліп шығады (терендігі 3-4 мм). Теріні механикалық жолмен сыпыруға мүмкіндік беру үшін мойын терісі іреледі крупон алынған соң, ашық етке от тигізбей қалған тері үйітіледі (бауыр, төс).

  • Жидіген теріден қылшықты тазалау арнаулы машиналармен жүргізіледі. Машинамен тазартқан соң ұшада майда қылшықтар, эпидермис қалады. Ал денеде эпидермис қалса, ол кейін ветчина өнімдерін дайындауда тұздықтың етке енуіне кедергі жасайды. Эпидермистен және қалған қылшықтардан тазарту оттың көмегімен жүргізіледі, ол үшін арнаулы оттық немесе пеш пайдаланылады. Пештегі температура 1000-1200°С ал үйіту уақыты 18-22 сек. Дұрыс үйітілген шошқа терісі біркелкі қоңыр түсті, жарылмаған және қатты күймеген болады. Үйітілген ұшаны салқын сумен жақсылап жуып, пышақпен күйген эпидермистен тазартады.Шошқаны крупондау әдісімен өңдеу. Крупондау - шошқаны өңдеудің түйдек әдісі болып табылады. Мұнда терінің аса құнды жон және бүйір терілері бөлініп алынып, тері өндірісінде пайдаланылады. Ал терінің қалған бөлігі үйітіледі. Ол үшін аса құнды желке қылшықтары алынған шошқа денесін жуып, теріні өлшеу үшін арқасын жоғары қаратып ыстық (63-64°С) сулы астауға салады. Шошқа денесі емшек сызығынан 15-20 см дейін батырылады. Сонда арқа және бүйір терілеріне ыстық су әсер етпейді, яғни суға батырылмайды. Бас терісі ыстық суды бүрку арқылы өңделеді. Судан шыққан дененің өңделген жердегі қылшығы машинамен тазартылады, қажетті жағдайда қосымша қолмен тазартылады. Сонан соң қысқа пышақтың көмегімен теріні суға батыру жиегімен тіліп шығады (терендігі 3-4 мм). Теріні механикалық жолмен сыпыруға мүмкіндік беру үшін мойын терісі іреледі крупон алынған соң, ашық етке от тигізбей қалған тері үйітіледі (бауыр, төс).
  • Ішкі ағзаларды алу (нутровка). Мал сойылғаннан кейін оның ішкі ағзаларын мүмкіндігінше тез (45 мин аспайтын уақытта) алу қажет. Терісі алынған немесе үйітілген шошқа денесінен ішек-қарынды алу үшін алдымен басты бұрынғы айналдыра кесілген жерді ары қарай кесуден бастапқы, бірақ бас кесіліп алынбайды, ал теріге немесе етке ілініп мал дәрігерлік сараптаудан өткенше денемен бірге қалуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет