Осыдан кейін көкірек қуысындағы ағзалар өкпе, бауыр, жүрек, кеңірдек, көкірек қуысы мен құрсақ қуысының арасын бөліп тұрған көк етпен қоса табиғи байланысы бұзылмай алынады. Бұл жиынтық ет өңдеу орындарында ливер деп аталады. Ливерді алу үшін көк ет пышақпен айнала кесіліп, мүшелерді көкірекпен байланыстыратын басқа да сіңірлер ажыратылады да, өкпеге жақын жерден кеңірдектен ұстап күре тамырлармен қоса суырылады. Ливер мал дәрігерлік сараптау үшін арнайы ілгекке ілінеді немесе арнайы столға салынады.

Бұл кезде ішкі мүшелер мен мал ұшасы конвейерде бір-бірімен қатар жылжиды және ливерге де атлантқа жапсырылған нөмірдің бірі жапсырылады. Мал дәрігерлік сараптан кейін тағамға жарамды деп табылған ливер субөнімдер цехына, ал ішек, ішек цехына түсіріледі. Қарынның жынын тазартуға малдың ұшасы тұрған жерден 3 м қашықтықта арнайы орын дайындалады, немесе бөлек бөлмеде жүргізеді. Жыннан тазартылған қарын да субөнімдер цехына ары қарай тазалауға жіберіледі.
Мал дәрігерлік-санитариялық сараптау нәтижесінде тағамға жарамсыз деп табылған органдар (ағзалар), олардың жарамсыздыққа шығарылған бөліктері арнайы ыдысқа жиналады. Ыдыс толғаннан кейін утиль цехына құбыр арқылы түсіріледі. Бұл құбырлар таза өнімді түсіруге пайдаланылмайды. Ішкі мүшелерді мал денесінен шығару кезінде аса ұқыптылық қажет, өтті, ішек-қарынды, эндокрин бездерін зақымдау етті былғайды тіпті пайдалануға жарамсыз етеді.
Ұшаны бөлу. Ірі қараның ұшасын кейінгі жұмыстарды жеңілдету үшін екіге бөледі. Ол үшін омыртқа жотасының бойымен жоталық өсіндінің он жағынан 7-8 мм жерден пышақпен етті тіліп шығады. Ал сүйекті кесу үшін электр немесе пневматикалық ара пайдаланылады (бұзау, құлын ұшасы бөлінбейді). Аралау кезінде омыртқаның бүтін кетуіне, майда сүйек сынықтарының пайда болуына жол берілмейді.