буын-буынымен бөлектенеді. Бастың терісі сыпырылып, жағы айырылып, тіл бөлек кесіліп алынады. Жақ айырылған соң тістері қағылып, бас үшке бөлінеді (тұмсық, 2-шеке).Сиыр сою. Сиыр сою тәртібі де жылқы союмен өте ұқсас. Сиырда қазы, жал-жая болмайды, сондықтан оларды бөліп, ішек-қарынды шығарғанда өтті жарып алмау жағын қарастыру қажет. Сиыр басы жылқының басындай терісі алынбайды, үйтіледі. - буын-буынымен бөлектенеді. Бастың терісі сыпырылып, жағы айырылып, тіл бөлек кесіліп алынады. Жақ айырылған соң тістері қағылып, бас үшке бөлінеді (тұмсық, 2-шеке).Сиыр сою. Сиыр сою тәртібі де жылқы союмен өте ұқсас. Сиырда қазы, жал-жая болмайды, сондықтан оларды бөліп, ішек-қарынды шығарғанда өтті жарып алмау жағын қарастыру қажет. Сиыр басы жылқының басындай терісі алынбайды, үйтіледі.
- Түйе сою. Түйені сою тәсілі басқа малды союдан өзгешелеу. Сойылар түйе жуас болса, онда оны да жылқы мен сиыр сойғандай аяғын тұсап, артқы оң аяғының шашасынан арқанды шалып алу арқылы жығады. Ал түйе асау болса онда орап, арқанмен қоршап буу арқылы жығады. Мұнда да жығылған түйенің төрт аяғын бірінің арасына бірін кіргізіп, айқастыра шалыстырып буады. Бірақ түйе аса қарулы мал болғандықтан, қасапшылардың қауіпсіздік үшін байланған жерден жоғарырақ яғни кәрі жілік пен асық жіліктің басы тұсынан орап екінші рет буып байлайды. Басқа малдардағы секілді түйенің де басын мықты жіппен ноқталап, бауыздар кезде бір адам осы ноқта жібінен тартып, екінші адам құлағынан ұстап, басып отырады. Түйені өзге мал секілді алқымынан яғни шүйде, ауыз омыртқаның қиылысқан тұсынан емес, кеудеге тақалған омыраулықтан бауыздайды. Осы орайда ескере кететін бір жай түйенің ерекше ұзын жаратылған иір мойындары қан омыраудан бауыздағанда толық ағып кетпейтіндіктен кейін алқымынан тағы бауыздайды. Бауыздау омыраулық теріні кеспей, тесе үңгіп кесу арқылы жүргізіледі. Бұл түйенің қан қысымының аса жоғары болғандығына байланысты. Сондықтан кесілген тамырдан жоғары қысыммен шашырай атылған қан жолын бөгер тері болмаса, ол қасапшының, айналадағы адамдардың да үсті-басын жуып кетеді, айналаны былғайды. Сондықтан омыраулықтың терісі мүмкіндігінше кесілмей молырақ қалуы керек. Түйенің жаны әбден шығып болған соң, аяғын буған арқан шешіліп, жаңағы бауыздалған омыраулықтан бас пен мойынды бөлектеп кесіп алады.
Достарыңызбен бөлісу: |