Ол үшін қойдың денесін шалқасынан жатқызып, алдыңғы оң аяғынан алып тізеліктің бүкпесінен буынның ішкі жағынан көлденең кеседі. Осы кесіктің төменгі жақ бөлігін пышақтың ұшымен іліп алып, теріні жалаңаш қолтықтың төстеріне түйіскен жеріне дейін тура тіледі. Содан кейін манағы тізелік буындағы көлденең кесіктен қолдың сіңірін кесіп, сирақты бөлек алады. Алдыңғы сол аяқ та осылай бөлінеді. Екі қол іреліп болған соң, төс теріні жалаңаш қолтық шекарасымен жиектей дөңгелете кесіп, бөлектейді. Бұдан кейін төс сүйектен бөліп жеке сойып алады - бұл төстік. Төстері іреліп болған соң, төстің "ат сүріншек" деп аталатын басының тұсынан омырау теріні пышақ ұшымен алқымға қарай кеңірдек үстімен тіліп, бауыздау кесікке апарып тірейді. Бұдан соң қойдың басын денесінен бөліп жеке кесіп алады. Енді қасапшы төс теріні ірегенде пайда болған төс шеміршегі тұсындағы кесіктен пышақ ұшымен қойдың бауырын кіндігінің үстімен шатына дейін тіліп шығады. Содан кейін қойдың артқы аяғын іреу басталады. Артқы оң аяқтың толарсағының буынының ішкі жағынан көлденең кесіп, төменгі жағынан пышақ ұшымен іліп алып, тоқымның ішкі жағын, ал тура кесіп шаттағы кесікке әкеп тірейді. Содан кейін толарсақтың, төменгі буынынан сіңірді кесіп, артқы сирақты бөліп алады. Екінші аяқ та осылай іреледі. Бұл біткен соң көтен аламайы дөңгелете іреледі. Теріні сыпыру жатқызып сойғанда қолтықтан басталады. Ол үшін қолтық теріні пышақтың ұшымен шекіп еттен ажыратады да тері қолға ұстауға еркін іліккеннен кейін, қасапшы одан арғы жұмысты жұдырық күшімен атқарады. Мұны жұдырықтау, кейде сүру деп аталады (ірі қара терісі жұдырықтауға келмейді). Тері сыпырылып болған соң қол алынып жіліктенеді (жауырын, тоқпан жілік,