Дәріс тақырыбы: Мал сою технологиясы мен гигиенасы Қарастырылатын сұрақтар



бет24/34
Дата07.02.2022
өлшемі291,46 Kb.
#94288
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
каз касапхана

Сондықтан оны ішек-қарынды аударуға ыңғайлы жаққа бөлетін төстің қияқ шеміршектерін қуалай сүбелікті толық қамтып, жеке кесіп алады. Осыдан кейін ішек-қарынды шығарады. Өңештің кесілген жерін жын төгілмес үшін жіппен байлайды. Тоқ ішектің бір құлаштайы көтен ішек жақта қалдырылады. Бұл да тазалық үшін қажет. Оны жамбастың шаты омырылғаннан кейін қуықтан ажыратып, пайдалануға болады. Ішек-қарын бөлектенгеннен кейін бауырды жеке кесіп алады. Түйенің бауырында да жылқыныкі сияқты өт болмайды. Бауыр алынған соң өкпенің қабырғаларымен жалғастырылған көк еттері (диафрагма) кесіліп, өкпе мен жүрек тұтас алынады. Бұдан кейін екі бүйректі майымен тұтас бөліп, бел омыртқалардың екі қапталындағы ішкі жон етті (вырезка) жеке сылып алуға мүмкіндік туады. Енді төс сүйекті бөліп алып, екі жақ қабырғаларды алуға кіріседі. Оны алу қойдың қабырғаларын сөккен тәрізді сүбе жақтан басталады. Қабырғалар алынып біткен соң, омыртқалар бір-бірлеп бөлінеді. Ең соңында құйымшақ омыртқаны жамбастан ажыратып, шатты айырады. Қой сою. Қойды сойылатын жерге әкеліп, оның бетін басқа мал тәрізді құбылаға қаратып жығып, аяқтарын айқастырып буып, бауыздайды. Бауыздағанда қан шашырап төңіректі былғамас үшін қасапшы қойдың аузын ашып, сол қолымен жақ сүйегін тілімен қоса ұстап, оң аяғының тізесімен желкелігінен баса тіреп, қойдың алқымын бауыздау қаны құйылатын ыдысқа бағыттап ұстайды. Бауыздағанда жұтқыншақ бас жақта қалуы шарт. Егер жұтқыншақ дене жақта қалса, кейін кеңірдек пен өңешті суырғанда қиындық туғызады. Қой бауыздалып, жаны шығып болған соң алқымын жуып, қан-жынын тазартады. Содан кейін аяғын шешіп, терісін ірейді.

  • Сондықтан оны ішек-қарынды аударуға ыңғайлы жаққа бөлетін төстің қияқ шеміршектерін қуалай сүбелікті толық қамтып, жеке кесіп алады. Осыдан кейін ішек-қарынды шығарады. Өңештің кесілген жерін жын төгілмес үшін жіппен байлайды. Тоқ ішектің бір құлаштайы көтен ішек жақта қалдырылады. Бұл да тазалық үшін қажет. Оны жамбастың шаты омырылғаннан кейін қуықтан ажыратып, пайдалануға болады. Ішек-қарын бөлектенгеннен кейін бауырды жеке кесіп алады. Түйенің бауырында да жылқыныкі сияқты өт болмайды. Бауыр алынған соң өкпенің қабырғаларымен жалғастырылған көк еттері (диафрагма) кесіліп, өкпе мен жүрек тұтас алынады. Бұдан кейін екі бүйректі майымен тұтас бөліп, бел омыртқалардың екі қапталындағы ішкі жон етті (вырезка) жеке сылып алуға мүмкіндік туады. Енді төс сүйекті бөліп алып, екі жақ қабырғаларды алуға кіріседі. Оны алу қойдың қабырғаларын сөккен тәрізді сүбе жақтан басталады. Қабырғалар алынып біткен соң, омыртқалар бір-бірлеп бөлінеді. Ең соңында құйымшақ омыртқаны жамбастан ажыратып, шатты айырады. Қой сою. Қойды сойылатын жерге әкеліп, оның бетін басқа мал тәрізді құбылаға қаратып жығып, аяқтарын айқастырып буып, бауыздайды. Бауыздағанда қан шашырап төңіректі былғамас үшін қасапшы қойдың аузын ашып, сол қолымен жақ сүйегін тілімен қоса ұстап, оң аяғының тізесімен желкелігінен баса тіреп, қойдың алқымын бауыздау қаны құйылатын ыдысқа бағыттап ұстайды. Бауыздағанда жұтқыншақ бас жақта қалуы шарт. Егер жұтқыншақ дене жақта қалса, кейін кеңірдек пен өңешті суырғанда қиындық туғызады. Қой бауыздалып, жаны шығып болған соң алқымын жуып, қан-жынын тазартады. Содан кейін аяғын шешіп, терісін ірейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет