Дәріс Тақырыбы: Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы. Жоспар


Қарым-қатынасты модельдеу жєне ұйымдастыру кезеңі



бет2/7
Дата17.05.2022
өлшемі79 Kb.
#143562
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 9

2.Қарым-қатынасты модельдеу жєне ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім бағдарламамен толық танысып, материалды сұрыптап, оқыту үстіндегі білім берумен, тәрбие беру тәсілдерін белгілегеннен кейін, алдағы оқушылармен қарым қатынасты орнату жөнінде мұғалімде ойлар туындайды. Демек, оқушылардың ой-өрісінің дамуына іс-әрекетіне жандануына негіз болатын қажетті әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау жүзеге асырылады. Мұның өзі сабақ жоспарын жасағанда ойластырылып эмоциялық нұсқада, жалпы психологиялық жағдай т.б. көрсетілуі тиіс. Бірте-бірте бұл күрделі процесс өздігінен асырылады. Сыныптың алғашқы жұмыс істеуге кірісе бастағанда қарым-қатынасты ұйымдастыра білудің маңызы зор, өйткені сабақта оқушылардың танымдық әрекетін меңгеру ең алдымен қарым-қатынасты меңгеру арқылы жүзеге асырылады.
Мәселен оқыту тәсілдерін жүзеге асыру процесінде нақты психологиялық қарым-қатынастық сыр жатыр.
Қарым-қатынаста табысқа жетуге мынадай әдістерді қолданып жүзеге асыруға болады:

  • Сыныптағы бастапқы ұйымдастыру кезеңінен жедел нақты іспен жекелей қарым-қатынасқа тікелей ауысу.

  • Сыныптағы әлеуметтік-психологиялық бірлікті жедел қолға алу, жекеленген оқушылардың келеңсіз құбылыстарға тиым салып, балалардың бірлескен әрекетін енгізу, сыныппен тұтастай байланыс орнату.

  • ¦жымды жұмылдыруға ықпал ететін мәселелерді қою және жөн жоба беретін педагогикалық талаптарды ұлғайту.

  • ¦қыптылық, жинақтылық, белсенділік, жарқын жүзділік сияқты сыртқы коммунинактивтік сипаттарды қамтамасыз ету.

  • Өзара әрекеттестікті қамтамасыз ететін сөз, оның жазбаша түрі, мимика, микромимиканы қатынасқа енгізу.

Осылардың негізінде оқушылармен өзара түсінісуді, мұғаліммен жалпылама пікір алысуды қалыптастыру керек болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет